Суға тұз салып араластыру. Стақандағы суға саз салып араластыру

Дүниетану (2-сынып)

Сабақ тақырыбы: Су – еріткіш (тәжірибелік жұмыс)

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Сабақтың түрі

Тәжірибелік сабақ

Сабақтың мақсаты

  • 1 Судың еріткіш қасиетін тәжірибелер арқылы түсіндіру; суда еритін және ерімейтін заттар туралы түсінік қалыптастыру.
  • 2 Судың адам өміріндегі маңызын көрсету, «сусыз тіршілік жоқ» екенін дәлелдеу және оқушылардың байқағыштық, танымдық қабілеттерін дамыту.
  • 3 Суды ластамауға және суды үнемді пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап Баяндау Түсіндіру Топтастыру Тест

Көрнекіліктер мен құралдар

Су, тұз, қант, құм, саз, крахмал, ас содасы, бор, плакат, тірек сызбалар, суреттер, калий перманганаты.

Сабақ барысы

I. Психологиялық дайындық

Сыныппен бірге ынтымақтастыққа бағытталған қысқа өлең шумағын айту:

Қайырлы күн деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Бірге өтер күніміз.

Сыныбымыз тап-таза,
Бор да дайын, тақта да.
Ойымызды жинақтап,
Жұмысқа кірісейік!

II. Үй тапсырмасын сұрау

Тақырып: Судың қасиеттері. Әр топ өзіне берілген қасиетті түсіндіреді:

1-топ: Судың пішіні

2-топ: Судың түссіздігі

3-топ: Судың мөлдірлігі

4-топ: Судың дәмі

5-топ: Судың иіссіздігі

6-топ: Судың ағуы

Қорытынды (сызба)

Су мөлдір ағады түсі жоқ иісі жоқ пішіні жоқ дәмі жоқ

III. Жаңа сабақ

Су жер бетінде өте көп кездеседі. Сусыз тіршілік жоқ. Жер шарының шамамен 2/3 бөлігін су алып жатыр. Су өзендерде, көлдерде, теңіздерде және мұхиттарда болады.

Су табиғатта өте жақсы еріткіш. Бүгін біз суда қандай заттардың еритінін және қандай заттардың ерімейтінін тәжірибе арқылы анықтаймыз.

Талқылау сұрағы

Біздің қала маңында қандай өзен-көлдер бар?

Жем өзені Құрсай өзені Қамыскөл көлі

Келесі қадам: оқулықтағы мәтінді оқып, негізгі ойды анықтау.

1-тәжірибе (1-топ): Қант

  • Суға қант салып, араластырамыз.
  • Қант еріп кетеді, су мөлдір күйінде қалады.
  • Судың дәмі тәтті болады.

Қорытынды: қант суда жақсы ериді.

2-тәжірибе (2-топ): Тұз

  • Суға бір қасық тұз салып, араластырамыз.
  • Тұз еріп кетеді, су мөлдір күйінде қалады.
  • Судың дәмі ащы болады.

Қорытынды: тұз суда жақсы ериді.

3-тәжірибе (3-топ): Құм

  • Стақандағы суға құм салып, араластырамыз.
  • Құм түйіршіктері стақан түбіне шөгеді.

Қорытынды: құм суда ерімейді.

4-тәжірибе (4-топ): Саз

  • Стақандағы суға саз салып, араластырамыз.
  • Су лайланады.
  • Біраз тұндырса, саз түбіне шөгеді.

Қорытынды: саз суда ерімейді.

IV. Бақылау күнделігімен жұмыс

Жасаған тәжірибелерің бойынша бақылау күнделігіне суда еритін және ерімейтін заттарды жаз.

Суда еритін заттар

  • Қант
  • Тұз

Суда ерімейтін заттар

  • Құм
  • Саз

Негізгі ой

Су көптеген заттарды ерітеді, бірақ кейбір заттар суда ерімейді және түбіне шөгеді. Суды таза сақтап, үнемдеп пайдалану — әрқайсымыздың міндетіміз.