Монголоидтық нәсіл

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Адамның тарихи даму кезеңдерінің ерекшеліктері, олардың өмірі мен шаруашылықтағы маңызы, мекен ету орталықтары туралы білімді кеңейту және тереңдету.

Дамытушылық

Оқушыларды қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Өз бетімен білім алуға, тақырыптың мағынасын ашуға, ой түйіндеуге және адамды ғылыми тұрғыдан түсінуге тәрбиелеу.

Сабақтың ұйымдастырылуы

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Тірек-сызбалар
  • Слайдтар
  • Дүниежүзілік карта

Пәнаралық байланыс

  • Тарих
  • География
  • Әдебиет
  • Медицина саласы

Сабақтың типі

Білім мен дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі

Эвристикалық және түсіндірмелі әдістер, қозғау салу, сұрақ-жауап тәсілдері.

Сабақтың кілт сөзі

Адамды адам еткен — еңбек.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеріп, назарын сабаққа аудару.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын түсіндіру.
  • Сынып оқушыларын топтарға бөлу.

II. Ой сергіту: үй тапсырмасын тексеру

I топ

«Ежелгі адамдар» тақырыбын талдау.

II топ

«Ертедегі адамдар» тақырыбын талдау.

III топ

«Осы заманғы адамдар» тақырыбын талдау.

Тапсырмалар орындалғаннан кейін әр топқа сұрақтар қойылады:

I топқа

  1. Адамның сүтқоректілерге ұқсас белгілерін атаңдар.
  2. Рудиментті мүшелер деген не?

II топқа

  1. Атавизм деген не?
  2. Адам эволюциясында қандай кезеңдер ажыратылады?

III топқа

  1. Адам эволюциясындағы әр кезең адамдарының тұрмыс-салт ерекшеліктерін атаңдар.
  2. Адам эволюциясы кезеңдерін ретімен атап, дене құрылысындағы ерекшеліктерін сипаттаңдар.

Үй тапсырмасы пысықталғаннан кейін жаңа сабақтың жоспары мен мақсаттары таныстырылады.

Жаңа сабақтың жоспары

  1. Адам нәсілдері
  2. Нәсілтану ғылымы
  3. Әлеуметтік дарвинизм

Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға проблемалық сұрақтар қойылады: үш нәсілдің суреттері көрсетіліп, сол туралы не білетіндері сұралады. Осы арқылы тақырыптың өзегі ашылады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Жер бетінде қазіргі кезде өмір сүріп жатқан адамдардың барлығы бір ғана түрге жатады. Биологиялық жүйелеуде ол саналы адам деп аталады. Бұл атау адамның басқа организмдерден ақыл-ойы мен санасы арқылы ерекшеленетінін айқын көрсетеді.

Француз ғалымы Ф. Бернье 1684 жылы «нәсілдер» терминін енгізген.

Адам нәсілдері: негізгі сипаттамалар

Негроидтық нәсіл

  • Шашы бұйра, түсі қара.
  • Терісі қара түсті.
  • Сақал-мұрты баяу өседі.
  • Мұрны жалпақ, беті сопақша.
  • Көздері үлкен, еріндері қалың.

Европоидтық нәсіл

  • Бойы ұзындау, шашы ұзын әрі салалы.
  • Терісі ақшыл, ашық реңді.
  • Бет пішіні сопақша.
  • Сақал-мұрты тез өседі.
  • Мұрны қырлы, ерні жұқа.

Монголоидтық нәсіл

  • Шашы қатты әрі ұзын, салалы.
  • Терісі қоңырқай реңді.
  • Сақал-мұрты баяу өседі.
  • Көбіне орта бойлы, беті жалпақ.
  • Мұрны жалпақтау, көзі қысыңқы, ерні орташа қалың.

Маңызды ұғымдар

Моноцентризмдік тұжырым

«Monos» (грек.) — бір, «centrum» (лат.) — орталық. Яғни адамның шығу тегі бір орталықтан тарады деген көзқарас.

Полицентризмдік тұжырым

«Polys» (грек.) — көп. Яғни адамның шығу тегі бірнеше орталықта қатар қалыптасты деген көзқарас.

Әлеуметтік дарвинизм бойынша сұрақтар

  1. Материалистік көзқарас деген не?
  2. Идеалистік көзқарас деген не?

Жаңа сабақты бекіту

1) Тақырыптық тест

Оқушыларға тест тапсырмалары таратылады.

2) Кесте толтыру

Кесте бағандары: Нәсілдер, ерекше белгілері, таралған жерлері.

Қорытындылау: INSERT әдісі

Білемін

Тақырып бойынша бұрыннан бар білімді жинақтау.

Білдім

Сабақта меңгерілген негізгі түсініктерді нақтылау.

Білгім келеді

Келесі қадамға қажетті сұрақтарды тұжырымдау.

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мадақталып, тиісті бағалары қойылады.

Үй тапсырмасы

А, В, С деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Келесі сабақтарымыз да дәл осындай жақсы көңіл күйде және жоғары дайындықпен өтетініне сенім мол.