Сиыр атасы кім
Сабақтың тақырыбы
Заттың атын білдіретін сөздер. Абай Құнанбаевтың «Адам болам десеңіз» тақырыбына кіріспе.
Сабақтың типі
Жаңа сабақ
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдістері
- СТО әдістері: топтастыру, ойын, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс
Пәнаралық байланыс
Өзін-өзі тану, дүниетану, математика, көркем жазу
Көрнекіліктер
Оқулық, дәптер, тақта, сөзжұмбақ, Абай портреті, сызбалар, кестелер, суреттер, стикерлер
Сабақтың мақсаттары
Білімдік
- Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік қалыптастыру.
- «Адам болам десеңіз» идеясын түсіндіру, өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру.
- Заттың атын білдіретін сөздер (зат есім) туралы ұғымды бекіту.
Тәрбиелік
- Адамгершілікке тәрбиелеу, жалқаулықтан бойды аулақ ұстауға бағыттау.
- Көркем жазу және мәнерлеп оқу мәдениетін дамыту.
Дамытушылық
- Әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын арқылы ой-өрісін және тіл байлығын арттыру.
- Есте сақтау қабілетін, мәнерлеп оқу машығын, көркем жазу дағдысын жетілдіру.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Қайырлы таң, досым!
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күн — сәрсенбі,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең «бестік» болсын!
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ойын: «Төрт түлік». Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы төрт түлікті жинақтайды.
- Жылқының төлін қалай атайды?
- Сиыр атасы кім?
- «Қошақан» деп ненің төлін айтамыз?
- «Ащы» сөзінің қарама-қарсы мағыналы сөздерін ата.
- Қой жүнінен не жасауға болады?
- «Түйе» сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
III. Қызығушылықты ояту
Мұғалім: «Балалар, алыстағы досымыздан хат келіпті. Тынышталып, хатта не жазылғанын тыңдайық».
Сәлем хат!
Құрметті менің достарым! Мен сендерден көмек сұрап хат жазып отырмын.
Әжем биыл мені мектепке дайындап, дүкеннен оқу құралдарын алып берді. Олар өте көп,
бірақ мен бәрінің атауын толық біле бермеймін. Мен сендерге олардың суреттерін жіберіп отырмын.
Маған осы заттардың атын білдіретін сөздерді жазып жіберіңдерші.
Сәлеммен, Дәурен.
Жаттығу
- Бұл не? — алма
- Бұл не? — мысық
- Бұл кім? — әнші
- Бұл кім? — суретші
Қорытынды ереже
Заттың атын білдіретін сөздер кім?, не? сұрақтарына жауап береді.
IV. Мағынаны тану
Сөзжұмбақ сұрақтары
- «Бала, бала, бала» деп, түнде шошып оянған — ол кім?
- Нөлден кейін тұратын сан.
- 5 пен 1-дің қосындысы нешеге тең?
- Түнде күлімдейді, суда дірілдейді — бұл не?
Сөзжұмбақтан оқылған адам аты — Абай. Ендеше, Абай атамыз туралы не білеміз?
Кіріспе әңгіме: Абай туралы
Абай Құнанбаев — қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы. Абайдың шын аты — Ибраһим.
Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда дүниеге келіп, 1904 жылы 6 шілдеде қайтыс болған.
Ол Семей өңірінде, Шыңғыс тауының баурайындағы Қасқабұлақта туған. Атасы — Өскенбай би, әкесі — Құнанбай. Анасы Ұлжан — ақылды, мейірімді жан, ал Абайды әжесі Зере тәрбиелеген. Әжесі Ибраһимді еркелетіп «Абай» деп атаған.
Абай 10–12 жас шамасында мұсылманша оқып, хат таныған. 12 жасынан бастап өлең жаза бастайды. Ол 20-дан астам ән шығарған сазгер ретінде де танылған.
Оқулықпен жұмыс: өлеңді түсіну
Негізі «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі 77 жолдан тұрады. Абай бұл өлеңді 1886 жылы жазған. Оқулықта оның 13 жолы берілген.
Өлең арқылы ақын оқушыларды жарқын өмірге, білімді болуға, алған білімді дұрыс пайдалануға шақырады.
Оқу әрекеті
- Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды.
- Оқушылар кезекпен оқиды.
- Мазмұны бойынша талдау жасалады.
Талдауға арналған сұрақтар
- Абай Құнанбаев кім?
- Абай атамыз қандай нәрселерден аулақ болуға шақырады?
- «Бес асыл іс» дегенді қалай түсінесің?
- «Бес дұшпан» нені білдіреді? Оларды ата.
- «Адам», «талап», «еңбек» сөздеріне сұрақ қой.
Сөздікпен жұмыс
- Ғылым
- Білім жүйесі.
- Ғалым
- Оқымысты адам.
Дәптермен жұмыс
- Суреттегі заттардың атын жазып, сұрақ қою.
- Оқу құралдарының атауын жазу.
- Көркем жазу.
Ереже
Заттың атын білдіретін сөздерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады: Сәуле, дәптер, кептер, балалар, аңдар.
Кестемен жұмыс және жаттығулар
191-жаттығу
Бес асыл іс
Кестені толтыру.
Бес дұшпан
Кестені толтыру.
192-жаттығу
Өлеңді оқып, жатқа жаз.
Шағала көлін қорғайды,
Шопан төлін қорғайды.
Егінші жерін қорғайды,
Ер жігіт елін қорғайды.
Тапсырма: «Кім? не?» сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.
V. Ой толғаныс
1) Топтастыру әдісі
2) Ойын: «Гүл теру»
Ойын шарты: «Кім?» және «Не?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді табу.
Кім? Кімдер?
ақын, суретшілер, Жанар, әнші, күйші, оқушылар
Не? Нелер?
доп, мысық, қалам, парта, алмалар, кітаптар
VI. Үй тапсырмасы
- «Адам болам десеңіз» өлеңін жаттау.
- Өз бойыңдағы жақсы және жаман қасиеттерді жазып келу.
VII. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, мәнерлеп оқуы, тапсырмаларды орындауы және жазу жұмыстары бойынша бағалау жүргізіледі.