Мәтінде кездескен қиын сөздерге, мәтінге талдау жасау
Сабақтың тақырыбы
М. Мақатаев — «Мен таулықпын»
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік
Ақынның өмірі мен шығармашылығын зерделеу, өлеңдерінің өзіндік табиғатын саралау. Мәнерлеп оқуға үйрету, өлең мазмұнын ашу және талдау.
2) Тәрбиелік
Отансүйгіштікке, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; табиғаттың әсемдігін түсінуге, қадірлеуге баулу.
3) Дамытушылық
Оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту, өз пікірі бар, эстетикалық талғамы қалыптасқан сауатты тұлға ретінде қалыптастыру.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың типі
- Аралас сабақ
- Сабақтың түрі
- Дәстүрлі сабақ
- Көрнекіліктер
- Мұқағали Мақатаевтың суреті, бүктеме материалдар, бейнетаспа (Хантәңірі), үнтаспа (өлеңнің ақын даусымен оқылуы).
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Сыныпты сабаққа дайындау, оқу құралдарын түгендеу, көңіл күй мен тәртіпке назар аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Фантазия» өлеңін жатқа сұрау.
- Фантазия дегеніміз не?
- Фантастика ұғымын қалай түсінесің?
III. Ақын туралы білімді топтастыру
Оқушылардың Мұқағали Мақатаев туралы бұрыннан білетін деректерін жүйелеу: өмірбаяны, тақырыптары, поэтикалық ерекшелігі.
IV. Мақсат қою
Нені білеміз?
Ақынның туған жері, табиғат лирикасы, тау тақырыбының маңызы.
Нені меңгереміз?
«Мен таулықпын» өлеңінің мазмұнын ашу, көркемдік тәсілдерін анықтау, мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру.
V. Жаңа сабақ
Өлеңнен үзінді
Тербетіліп тауымның аясында,
Өсіппін ғой шыршаның саясында.
Өмірсіз де көңілсіз өкінішті,
Қоймайсың ба, тағдырым, тоясың ба?
Тау менің несібеме тиіпті ерек,
Үлкендер «Таудай бол» дейтін маған,
Таудай болғым келеді, биік керек.
Ақын тауда өскен: жүрегі таза, сезімі асқақ, жыры — мөлдір бұлақтай. Оның шығармашылығында тау тақырыбы айрықша орын алады. Сабақ барысында бейнетаспадан ақынның сүйікті шыңы — Хантәңірін көрсету ұсынылады.
Тау тақырыбындағы өлеңдер қатары
Ақынның бірқатар өлеңдері тау әлеміне арналған: «Хантәңірі», «Жігіттер, демалайық тауға барып», «Тауда өстім», «Таудай болғым келеді», «Ығысыңдар, әй таулар, ығысыңдар», «Тау — бір аңыз», «Түсіме тау кіреді» және т.б.
Сол сыршыл, әсерлі туындылардың бірі — «Мен таулықпын» өлеңі.
1) Мәнерлеп оқу
Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды, кейін 1–2 оқушыға оқыту арқылы дауыс ырғағы, кідіріс, екпін, интонацияға назар аударылады.
2) Сөздік және мәтін талдауы
Мәтіндегі қиын сөздер анықталып, мағынасы түсіндіріледі; өлеңнің тақырыбы мен идеясы, лирикалық кейіпкердің көңіл күйі талданады.
Көркем ой өзегі
Ақын өзінің тау баласы екенін шынайы сүйіспеншілікпен жырлайды. Тау бейнесін аңызға, дастанға балап, табиғаттың мәңгілік қуатын сезіндіреді:
«Тау — бір аңыз, тау — дастан,
Таусылмайтын әу бастан.
Ана жердің төсіне,
Алып сәби жармасқан».
Кей тұста ақын тіпті тауға тіл қатып, өтінішін білдіреді. Бұл — табиғатпен ішкі байланыс пен рухани жақындықтың белгісі:
«Ығысыңдар, ей таулар! Ығысыңдар.
Орын сайла ортаңнан — жұмысым бар.
Ата болып не маған ұрысыңдар,
Адам болып менеcе ұғысыңдар».
Талқылау кезінде Асысаға тауынан табылған ақын бейнесіндегі мүсіннің суретін көрсету арқылы әсерді күшейтуге болады.
3) «Мен таулықпын» өлеңіне талдау
Оқушылар өлеңнің композициясын, негізгі образдарын, теңеу мен метафораларын анықтап, авторлық позицияны дәлелдермен көрсетеді. Талдау барысында өлеңнің ақынның өз даусымен оқылған үнтаспасын қосуға болады.
4) Дәптермен жұмыс
Өлеңдегі бейнелі сөздерді (теңеу, эпитет, метафора, кейіптеу) іріктеп, дәптерге жазу.
VI. Сабақты бекіту
- Хантәңірі суреті бойынша «Шыңға өрмелеу» ойынын ұйымдастыру (сұрақ-жауап арқылы ұпай жинау).
- «Тау баласы» тақырыбында ойтолғау жазу.
VII. Бағалау
Мәнерлеп оқу сапасы, талдаудағы дәлелді ой, белсенділік және жазба жұмысының мазмұны бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.
VIII. Үй тапсырмасы
- «Мен таулықпын» өлеңін жаттау.
- Қалау бойынша: өлең мазмұнына сай сурет салу.