Ұяшықтағы сұраққа жауап беру
Сабақтың тақырыбы
«ХХІ ғасыр көшбасшысы»
Сабақтың мақсаты
Дамытушылық
Оқушылардың технология пәнінен алған білімін шыңдау және дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды жылдамдыққа, ойын анық жеткізе білуге және шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) «Кім жылдам?»
Ережесі: ең аз жауап берген 2 оқушы ойыннан шығады.
-
Адам тәулігіне неше мезгіл тамақ ішеді?
-
Дұрыс тамақтану дегеніміз не?
-
Ас даярлайтын адамға қандай талаптар қойылады?
-
Көкөністі алғашқы өңдеу дегеніміз не?
-
Бутерброд қандай түрлерге бөлінеді?
-
Тағам даярлаудың қандай әдістері бар?
-
Дәнді дақылдардың түрлерін атаңыз.
-
Дастарханға ыдыс пен құралдарды қалай орналастыру керек?
-
Сүт тағамдарына нелер жатады?
-
Қандай азықты қолдануға болмайды?
-
Мата қандай шикізаттардан жасалады?
-
Қазақстанда мақта қай аймақта өсіріледі?
-
Мақтаның табиғи түсі қандай болады?
-
Мақтаның қасиеттері қандай?
-
Мақтаның қасиеттерін білу не үшін қажет?
-
Жүнді неден алады?
-
Жүн фабрикада қандай өңдеу кезеңдерінен өткізіледі?
-
Матаның физикалық және механикалық қасиеттері дегеніміз не?
-
Тігін машинасының ең алғашқы жобасын ойлап тапқан кім?
-
Мата қандай жіптер арқылы тоқылады?
-
Жібек талшығы неден алынады?
-
Жібек талшығының ұзындығы қанша болады?
2) «Ойлан, тап!»
Ережесі: жауапты қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айту қажет. Жауап бере алмаған 1 оқушы ойыннан шығады.
-
Білім көп жерде __________ көп. өнер искусство art
-
Адамды адам еткен __________. еңбек труд work
-
Тау-тау ақ қар, ерімейді ыстықта. мақта вата cotton
-
Бақшадан жер қазып, жиып алдым жез қазық. сәбіз морковь carrot
-
Табаны суды сүйеді, қабағы күнге күйеді. күріш рис rice
-
Өткір жүзді келеді — өте қажет құрал ол. Тұтас затты да, ұсақтап та бөледі. пышақ нож knife
3) «Полиглот»
Ережесі: ұяшықтағы сұраққа жауап беріледі. Жауап бере алмаған 1 оқушы ойыннан шығады.
Бұл бөлімде мұғалім алдын ала дайындалған ұяшықтардағы сұрақтарды ұсынады (сөздік қор, пәндік терминдер, қысқа анықтамалар).
4) «Егер де мен...»
Тапсырма: оқушы өз ойымен қолда бар заттардан бір бұйым жасап, оны қорғап (таныстырып) шығады.
-
Идея
Бұйымның мақсатын, кімге арналғанын және қолданылуын түсіндіру.
-
Қорғау
Материалды таңдау себебі, қауіпсіздік, эстетика және функционалдыққа мән беру.
Қорытынды
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» атанған оқушыны марапаттау.