Қар үстінде жорғалар

Ашық сабақ 3–4 жас «Күншуақ» тобы

Интеграцияланған ашық оқу қызметінің конспектісі

Білім беру салалары

  • Таным
  • Коммуникация
  • Шығармашылық

Бөлімдер

  • Қоршаған ортамен танысу
  • Экология негіздері
  • Сөйлеуді дамыту
  • Музыка

Тақырып

«Қыс — көңілді, тамаша!»

Мақсаты

  • Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, қыс мезгіліндегі табиғи өзгерістер туралы түсінік қалыптастыру.
  • Қыс мезгілінің ерекшеліктерін (суық, қар, аяз, боран) ажыратып айтуға үйрету.
  • Қыстап қалатын құстар туралы әңгімелесу, оларды қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
  • Табиғатқа қызығушылықты арттыру, экологиялық мәдениет негіздерін бекіту.

Көрнекіліктер мен қауіпсіздік ескертпесі

Қажетті материалдар

ағаштар құстар шелек қар қара қалташа қызыл қалташа слайд

Экологиялық-санитарлық түсіндіру

Сабақ басында шелекке қар салынып, топ бөлмесіне қойылады. Сабақ соңында балаларға еріген қар көрсетіліп, қарды жеуге болмайтыны, оның лас болуы мүмкін екені түсіндіріледі.

Сабақтың барысы

1) Сәлемдесу және көңіл күй орнату

Балалардың қошемет өлеңі

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге.

Құрметті қонақтар, қош келдіңіздер!

Тәрбиешінің кіріспе сөзі

Бүгін бізде қоршаған ортамен танысу сабағы. Сабаққа қандай көңіл күймен келдіңдер? — Тамаша! Ендеше ерекше сабақ бастайық: бүгін орманға саяхатқа аттанамыз. Орманға көңілді жету үшін ән айтып барайық.

2) «Орманға саяхат»: сұрақ-жауап арқылы бекіту

Мезгіл және ай

Қазір жылдың қай мезгілі?
— Қыс.
Қазір қай ай?
— Ақпан.
Қыс қандай болады?
— Қарлы, боранды, аязды.

Ауа райы және табиғат

Ауа райы қандай?
— Суық.
Жерде не жатыр?
— Қар.
Айналада не көріп тұрсыңдар?
— Қар басқан ағаштар, шыршалар, қыстайтын құстар.

Қорытынды

Қазір қыстың соңғы айы. Қыс туралы білетін тақпақтарымызды айтып, ойымызды толықтырамыз.

3) Қыс туралы тақпақтар

Бауыржан

Жапалақтап әппақ қар,

Жауды күнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.

Інжу

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады — қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

Ерасыл

Балалар шықты далаға,

Ойнап-күліп жүр енді.

Шаналармен озады,

Аққаланы соғады.

Ярослав

Снежок порхает, кружится,

На улице тепло.

И превратились лужицы

В холодное стекло.

Макар

Под голубыми небесами,

Великолепными коврами,

Блестя на солнце, снег лежит.

Прозрачный лес один чернеет,

И ель сквозь иней зеленеет,

И речка подо льдом блестит.

Диана

Қыс қызығын көреміз,

Сары аязда шыңдалып,

Жұмыр болып денеміз.

Аппақ, аппақ дала,

Аппақ ауыл-қала.

Жапалақтап ақша қар,

Жауе берсін жауа,

Көңіліміз қаласа.

Сыртқа шығып далада

Қар атысып ойнаймыз.

Қыстыгүні тамаша, тамаша!

4) Құстар дауысы және қысқы тіршілік

Әңгіме: қыстайтын құстар

Қыста аулада құстар аз көрінеді. Көбіне қыстап қалатын құстар ғана кездеседі: ала қарға, торғай, сауысқан, суықторғай. Қыста қорек табу қиын: олар қар астынан ашылған шөп дәнін теріп жейді, ағаш бүршігімен және кепкен жеміс-жидекпен қоректенеді.

Ал басқа құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Құстар ағаштарды құрт-құмырсқадан тазартып, табиғатқа пайда келтіреді.

Құстар туралы тақпақтар

Алиман

Торғай, торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын — тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

Арайлым

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса қор болар,

Бұтаға келіп қорғалар.

5) Кейіпкермен кездесу: Қоян және жұмбақтар

Диалог

Қоян: Сендер кімсіңдер? Орманда не істеп жүрсіңдер?

Тәрбиеші: Біз «Күншуақ» тобының балаларымыз. Орманға саяхатқа келдік.

Қоян: Мені таныдыңдар ма? Орман тұрғындары келген қонақтарға қуанышты. Ендеше жұмбақ шешіп көрейік.

Жұмбақтар

  1. Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады.

    Жауабы: қар.

  2. Суға батпайды, отқа жанбайды.

    Жауабы: мұз.

  3. Ақ көбелек қонды, құстар да енді тоңды.

    Жауабы: қар.

  4. Қонып алды жарға, қарқылдайды…

    Жауабы: қарға.

6) Дидактикалық ойын: «Жақсы — жаман»

Ереже

Суреттерге қарап, әрекетті бағалаймыз: жаман әдеттерді — қара қалташаға, жақсы әдеттерді — қызыл қалташаға саламыз.

Талқыланатын жағдайлар

  • Балалар таза ауада ойнап жүр.

    Бұл — жақсы әдет.

  • Бала далада мұз жеп жатыр.

    Бұл — зиянды, жаман әдет.

  • Бала құсты рогаткамен атып жатыр.

    Бұл — жаман әрекет, құстарға зиян.

  • Бала құстарға ұя жасап, ағашқа іліп қойды.

    Бұл — жақсы әрекет, қамқорлық.

Қоян: Ақылды балалар екенсіңдер, ризамын!

7) Қостілділік компонент

Қар

снег

Қыс

зима

Құстар

птицы

Орман

лес

8) Саяхатты аяқтау және қорытындылау

Тәрбиеші балалардан әсерін сұрайды: саяхат ұнады ма, орманда не көрдік? Балалар: қысқы орманды, қыстайтын құстарды көрдік.

Қорытынды ой: ормандағы құстар мен аңдарды қорғау — бәріміздің міндетіміз. «Ел байлығы — жер байлығы». Табиғатты аялауға үйренейік.

Қоян: Сау болыңдар, балалар!

Практикалық жұмыс

«Қыстайтын құстарды құрастырайық»: балалар құстарды құрастырады (құрастыру/жапсыру элементтері).

Сергіту сәті: «Көңілді күн».

Тосын сый: балаларға арналған слайд көрсету.

9) Рефлексия: «Тамаша!»

Тәрбиеші сұрақ қояды, балалар бір ауыздан жауап береді:

  • Көңіл күйіміз қандай? — Тамаша!
  • Қыс мезгілі қандай? — Тамаша!
  • Ауа райы қандай? — Тамаша!
  • Бүгінгі сабағымыз қандай? — Тамаша!
  • Келген қонақтарымыз қандай? — Тамаша!

Қонақтарға тілек

Біз сіздермен бірге болғанымызға қуаныштымыз.

Сіздерге сәттілік тілейміз!

Сіздерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаймыз!

Қоштасу шеңбері

Кел, балалар, тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!

Автор туралы мәлімет

Шашубай кентіндегі Мектеп–балабақша кешені базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Балдырған» балабақшасының екінші санатты тәрбиешісі — Тубитаева Лязат Мырзакасымовна.