Қонақтарды топтармен таныстыру

Жамбыл облысы, Тараз қаласы — Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығы

Қосымша білім беру педагогы: Абитаева Гульзира Лесовна

Тақырып: Ойна да, ойлан!

Бұл сабақ — өткен тақырыптарды бекітуге бағытталған интеллектуалдық сайыс. Оқушылар ойын арқылы білімдерін көрсетіп, тілдік дағдыларын жетілдіреді, ойлау белсенділігін арттырады және топпен жұмыс мәдениетін қалыптастырады.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Өтілген тақырыптар бойынша білімді пысықтау, сөздік қордың белсенділігін арттыру, тіл мәдениетін жетілдіру.

Дамытушылық

Қайталау арқылы өз білімін көрсете білуге, ойын анық жеткізуге дағдыландыру; ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Әдептілікке, ұқыптылыққа, сезімталдыққа, бауырмашылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың типі
Қайталау сабағы
Сабақтың түрі
Интеллектуалдық сайыс
Әдісі
Сұрақ–жауап
Көрнекілігі
Слайдтар, әртүрлі суреттер
Күтілетін нәтиже
Ойын анық жеткізе алатын, сөздік қоры дамыған, белсенді тұлға қалыптастыру.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім

«Сәлем — сөздің анасы, сәлем берер әр қазақтың баласы» — демекші, балалар, қонақтармен сәлемдесейік.

Балалар

Білгір қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Қонаққа келіп отырған,
Апайларды қарашы.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.

Мұғалім: «Қайталау — білімнің анасы». Бүгін біз өткен тақырыптарды пысықтау үшін сабақты «Ойна да, ойлан!» атты интеллектуалдық сайыс түрінде өткіземіз.

Топтар

  • I топ: Алғырлар
  • II топ: Жеңіс

Топ басшылары

  • Бекнұрман Ә.
  • Құралбек А.

I топ — Алғырлар

Алғырлардан Жеңіске жалынды сәлем!

II топ — Жеңіс

Жеңістен Алғырларға ыстық сәлем!

Сайыс құрылымы

  1. Танысу
  2. Бәйге
  3. «Ненің дауысы?» ойыны
  4. «Полиглот» және «Кім жылдам?»
  5. Жорға

Әр дұрыс жауап үшін жұлдызшалар беріледі.

I кезең: Танысу

Мұғалім: «Біреуінің жүрегінің түгі бар, біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар. Бәрінен де ең бастысы — барлығының қатты істейтін миы бар». Ендеше, сайыскерлер өздерін таныстырады.

1-топ: Алғырлар

Ұраны: «Озамыз алға, қапы қалма!»

2-топ: Жеңіс

Ұраны: «Ойымыз биікте, жетеміз жеңіске!»

II кезең: Бәйге

Экранда 12 сан беріледі. Әр санның артында өткен тақырыптарға байланысты сұрақ жасырылған. Оқушылар қалаған санын таңдап жауап береді.

  1. Жемістерді ата.
  2. Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
  3. Бір аптада неше күн бар?
  4. Жыл мезгілдерін ата.
  5. Қоянның баласын қалай атаймыз?
  6. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
  7. Қонжық қай аңның баласы?
  8. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
  9. Қазір жылдың қай мезгілі?
  10. Ұйқасын тап: «Жүгіретін қуанып, бала біткен аңдыздап, қандай тәтті…» (балмұздақ)
  11. Көкөністерді ата.
  12. Отбасы мүшелерін ата.

Сергіту сәті: «Ормандағы аңдар»

Аю маң-маң басады,
Түлкі бұлаң қағады.
Қасқыр ылаң салады,
Қоян үркіп қашады.
Орман іші көңілді,
Ағаштан қар төгілді.

III кезең: «Ненің дауысы?» ойыны

Экраннан жануарлар, құстар және жәндіктердің суреттері көрсетіледі. Үнтаспадан олардың дыбыстары тыңдалып, оқушылар суреттен қайсысының дауысы екенін табады.

Дыбыстар: сиыр, қой, жылқы, ит, мысық, ара, ешкі, құс, әтеш, піл, қасқыр, арыстан.

IV кезең: «Полиглот» және «Кім жылдам?»

Оқушыларға түрлі суреттер көрсетіледі. Тапсырма: суреттегі заттың атауын үш тілде айту — қазақша, орысша және ағылшынша.

Қазақша Орысша Ағылшынша
Кітап книга book
Дәптер тетрадь copybook
Ит собака dog
Мысық кошка cat
Алма яблоко apple
Алмұрт груша pear
Қызанақ помидор tomato
Қияр огурец cucumber
Арыстан лев lion
Түлкі лиса fox
Қоян заяц hare
Аю медведь bear

Қосымша сұрақ: «Бүлдіршіндер мектебінде үйренген басқа тілдегі өлең-тақпақтарың бар ма? Кім айтады?»

Сергіту сәті: «Балапан»

Бала, бала, балапан,
Кәне, қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.

V кезең: Жорға

Екі топтың басшылары ортаға шығып, жануарлар мен олардың сүйікті қорегін сәйкестендіру тапсырмасын орындайды. Қаламның көмегімен «Қайсысы нені жақсы көреді?» сәйкестігін табу қажет.

Сабақты қорытындылау

  • Жиналған жұлдызшаларды санап, жеңімпаз топ анықталады.
  • Жеңіске жеткен топ мадақталады.
  • Екі топқа да сыйлықтар таратылады.

Көңіл бөлген көрермендер, сау болыңыздар қадірлі,
Анықталды жеңімпаз боп, нағыз білгір кәдімгі.
Бүгінгі сайысымыз осымен аяқталды.