Армысың қонақтар
Құжат туралы мәлімет
Мекеме
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақбай ауылы, №28 «Ақбай» жалпы орта мектебі
Педагог
Бастауыш сынып мұғалімі — Юсанова Мохинур Рахманқұлова
Сабақ тақырыптары
- Отбасы — шағын қоғам
- Туған-туысқандар
4-сынып бойынша дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар.
Сабақ паспорты
Сабақтың тақырыбы
Отбасы — шағын қоғам
Сабақтың мақсаты
«Отбасы — шағын қоғам» тақырыбының мазмұнын меңгеру, тақырыпқа байланысты өз отбасы туралы әңгімелей алу, мәтін құрастыра алу.
Күтілетін нәтижелер
- 1 Тақырыптың мазмұнын түсінеді және негізгі ұғымдарды ажыратады.
- 2 Өз отбасы туралы байланыстырып сөйлей алады.
- 3 Тақырыпқа сәйкес қысқа мәтін құрастырады.
Сабақтың түрі және әдіс-тәсілдер
Ресурстар
- Интерактивті тақта
- Отбасы суреті
- Маркер, постер, стикерлер
- Әке, ата, әже, ана бейнелері
- «Екі жақты түсініктеме күнделік» кесте парақшалары
- Оқулық
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің іс-әрекеті
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
- Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін психологиялық дайындық жүргізу.
- Тақырыпқа байланысты суреттер арқылы топқа біріктіру (әке, ата, әже, ана).
Оқушылардың әрекеті
- Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айту.
- Суреттер арқылы топтарға бөліну.
Шаттық шеңбері мәтіні
Армысың, алтын күн!
Армысың, туған жер!
Армысың, мектебім!
Армысың, қонақтар!
Армысың, достарым!
2) Үй тапсырмасын тексеру
Әдіс
«Ыстық орындық» әдісі: оқушылар бір-біріне сұрақ қояды және жауап береді.
Сұрақтар
- Күн мен түн неліктен ауысады?
- Неліктен Күн сәулесі бір мезгілде Жердің тек бір жартысына ғана түседі?
- Тәулік деген не?
- Тәулік неше сағаттан тұрады?
- Жыл мезгілдері неге өзгереді?
- Солтүстік Америкада жаз болғанда, Оңтүстік Америкада жылдың қай мезгілі болады?
Бағалау
Оқушылар бір-бірін «2 жұлдыз, 1 тілек» тәсілі арқылы бағалайды.
3) Білу және түсіну кезеңі — жаңа сабақ
Тақырыпты ашу
«Отбасы — шағын қоғам» тақырыбын меңгертуде «Стоп-кадр» әдісі қолданылады. Оқушылар интерактивті тақтадағы суретке қарап, сұрақтарға жауап береді.
Талқылау сұрақтары
- Кадрдан қандай көріністі байқап тұрсың?
- Отбасында кімдер бар?
- Отбасындағы басшы кім деп ойлайсың?
- «Отағасы» ұғымын қалай түсінесің?
- Өз отбасыңа қандай көмек көрсете аласың?
- Отбасындағы «ата» кім? Оның орны қандай?
Бағалау
Оқушылар жауаптарын «2 жұлдыз, 1 тілек» тәсілімен бағалайды.