Сиқырлы тізбек
Сыныбы: 8
Тақырыбы
«Сиқырлы информатика» ойыны
Түрі
Сайыс
Мақсаты
Оқушылардың ақпараттық технологиялар туралы білімін тереңдету, сондай-ақ компьютерлік жабдықтарды дұрыс пайдалану бойынша түсінігін қалыптастыру.
Көрнекілігі
Слайдтар, арнайы тапсырмалар
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар, әділқазылар, оқушылар!
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып-тасып қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
Алға ұмтылған дарындар,
Жеңіс құшқан қырандар.
Қиын сұрақ қойсаңдар да,
Шешу жолын табыңдар.
Бақ пен білім сыналатын бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт-сапар тілейміз. Биік шыңдарды бағындыра беріңдер!
Сайыстың кезеңдері
1-кезең: Таныстыру
Әр топ өздерін таныстырады.
-
I топ
8 «А» сыныбы
-
II топ
8 «Б» сыныбы
-
III топ
8 «В» сыныбы
-
IV топ
8 «Г» сыныбы
2-кезең: Жарнамалау
Мақсаты
Берілген тақырыптың мазмұнын ашып, оны көпшілікке түсінікті әрі тартымды түрде жеткізу.
Өту тәртібі
Үстел үстіне конверттер қойылады. Әр конвертте бір тапсырма болады. Топтар бір тақырыпты таңдап, қысқаша «жарнама» жасайды.
Берілетін тақырыптар
- Интернет
- Электрондық пошта
- Компакт-диск
- Агент
3-кезең: «Сиқырлы тізбек»
Әр топқа тапсырмалар жазылған дөңгелекшелер беріледі. 10 секунд ішінде оларды өсу ретімен дұрыс орналастыру қажет. Тізбек барлық төрт топқа ортақ.
Тізбек
- Бит
- Байт
- КБайт
- МБайт
- ГБайт
- Жедел жад
- Тұрақты жад
- Дискета
- Компакт-диск
- Флеш-жады
4-кезең: Импровизацияланған өлең
Тапсырма: информатика тақырыбына ойдан қысқа өлең шығару.
5-кезең: Көрермендермен ойын
Кезек келді көрерменді тергеуге,
Жауап беру қиын емес білгенге.
Ойыншының ұпай санын көбейтер —
Залда демеуші болар ма, көмектесер?
Тапсырма
Ауыстырылып жазылған сөздерді дұрыстап оқып, информатика терминін табыңдар.
-
Ретюьпмок
компьютер
-
Россецорпос
сопроцессор
-
Акнолок
колонка
-
Ртьлиф
фильтр
-
Ротином
монитор
-
Атқатенреп
пернетақта
6-кезең: Жаңа сөздер құрастыру
Берілген ұзын сөздерден жаңа сөздер құрастырыңдар.
Ақпараттандыру
Бағдарламалау
Компьютерлендіру
7-кезең: «Қатені тап»
Бір оқушы компьютерде қалай жұмыс істегені туралы әңгіме жазған. Мәтінді оқып, қанша қате кеткенін анықтаңдар.
Мәтін 1
Мен компьютермен жұмыс істегенде міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын.
Жауабы
8 қате жіберілген
Мәтін 2
Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы бағдарлама — Word графикалық редакторы. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы бағдарлама арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижелерін мен векторлық .bmp форматында сақтаймын.
Жауабы
3 қате жіберілген
Қорытынды
Ендігі кезекте әділқазыларға сөз беріледі. Олар сайыстың жеңімпазын анықтап, қорытынды жасайды.
Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып XXI ғасырға —
Әлем жаңалығын ашар жолдарды.
Жетілдіріп, кеңейіп бұл асылды,
Информатика озар талай ғасырды.
Ой түйіндеп жетелейді адамды —
Әлі ашылар құпиялар сан қилы.
Бүгінгі «Сиқырлы информатика» ойынымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рақмет! Келесі кездескенше, сау-саламат болыңыздар!