Сабаққа жақсы жауап берген оқушыларды мадақтау

Сабақтың тақырыбы

3 саны мен цифры. / Үшбұрыш.

Мақсаты

Білімдік

Оқушыларды 3 саны және цифрымен таныстыру, үшбұрыш және оның негізгі белгілері туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Ойлау қабілетін, салыстыру және логикалық пайымдау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен әдістер

Көрнекілігі

  • Сандар, кестелер
  • Геометриялық фигуралар
  • Интерактивті тақта
  • Суреттер

Әдістері

  • Ойын
  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Өз бетінше жұмыс

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарын оқу әрекетіне шоғырландыру.

2) Үй тапсырмасын бекіту: «Кім жылдам?»

Қосу амалын қайталау үшін жылдам сұрақтар қойылады:

  • 2 + 1 қосындысы неге тең?
  • 1 + 2 қосындысы неге тең?

Одан кейін екі үшбұрыш салыстырылады: ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталады. Логикалық есептер шығарылады.

Ойын

«Сиқырлы қалта»

3) Жаңа сабақ

Оқушыларға 3 цифрын қолмен мүсіндеу ұсынылады. Сандар туралы түсінік сұрақ-жауап арқылы нақтыталады.

2 саны туралы тақпақ

Бірден кейін тұрамын, Сандар іші тұрағым. Бірге бірді қосқанда, Иіліп мен шығамын.

3 саны туралы тақпақ

Екіден соң әрқашан, Үш саны болып қаламын. Қос мүйізі майысқан, Ұлттық ою саламын.

Сұрақ-жауап арқылы байланыстыру

  • Бізге қонаққа кімдер келді? (аталар)
  • Біздің ұлтымыз қай ұлт? (қазақ)
  • Қаламызда қай бидің атында көше бар? (Әйтеке би)
  • Әйтеке би көшесінде кімдер тұрады? (сол көшеде тұратын балалардың аттарын атау)

Геометриялық пішіндерді тану

Тапсырма

О О О — бұл қандай геометриялық пішін? (Жауабы: шеңбер.)

Тапсырма

▲ ▲ ▲ — бұл қандай геометриялық пішін? (Жауабы: үшбұрыш.)

Қосымша жұмыс

  • Үнтаспадан құстардың дауысын тыңдау және ажырату
  • Геометриялық пішіндерден «машина» құрастыру
  • «Сиқырлы қалтадан» сандарды тауып алу

Сергіту сәті

Ептеп-ептеп жерден бидай терейік, Тергеніңді торғайларға берейік. Тойған торғай томпаң-томпаң секірсін, Ол да біздей үлкен болып жетілсін. Шаршадың ба? Отыра ғой, деміңді ал. Енді менің әңгімеме құлақ сал.

Сергітуден кейін құстардың пайдасы туралы әңгіме жүргізіліп, балалардың жауаптары тыңдалады.

Дәптермен жұмыс

  • 3 цифрын дұрыс жазу
  • Келесі тапсырмаларды мұғалімнің жетекшілігімен орындау

Өз бетінше жұмыс

2 мен 3 сандарының құрамын бекіту үшін келесі ойындар ұйымдастырылады:

Ойын

«Өнімді жина»

Ойын

«Арифметикалық лото»

Қорытынды

Ойын

«Үндемес»

Шарты түсіндіріледі. Мақсаты: балаларды байқампаздыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Ән

«Бағдаршам»

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы беріледі. Сабаққа белсенді қатысып, дұрыс жауап берген оқушылар мадақталады.