Менің пірім - Сүйінбай, Сөз сөйлемен сыйынбай

Менің пірім - Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай!
Сырлы, сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай!
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап
Қара дауыл құйындай!
Екпініме кезіккен
Кетер ме екен жығылмай!
Құлаштап бір кетейін,
Көбен құсап тығылмай.
Қашсаң, қуып жетейін,
Бізге жабы бұйым ба-ай!
Селтеңдеген ақынды
Көрмеуші едім шыбындай.
Кәне, сөйлеп жіберші,
Айтыспағың, шының ба-ай?!
Деп келдің бе Жамбылды
Күнде жеңген Шыбылдай.



Ұқсас жұмыстар

Сүйінбай аронұлы өмірі
Сүйінбай Аронұлы өмір тарихы
Сүйінбай Аронұлының Бөрілі менің байрағым өлеңі
Жамбыл Жабаев туралы
Сүйінбай Аранұлы
Айтыс өнерінің дүлдүлі
XIX ғасыр әдебиеті
Сүйінбайдың айтыскерлігі
Мектепте Жамбыл Жабаев өлеңдерін оқыту жолдары
Жамбыл Жабаев. Өмірі мен шығармашылығы
АРОНҰЛЫ СҮЙІНБАЙ
Сөздік
Қосарлама сөздердің семантикалық сипаты
Қаламгерлік көсемсөзі
Тіл, сөз өнер туралы мақал-мәтелдер
О.Қ.О Созақ ауданының эконом икалық географиялық орны
Менің Отаным – Қазақстан
Жасөспірімдер
Мадрид келіссөз үрдісі.
Модаль сөздер