Дауыссыз дыбыстардың түрлерін жаттау
Сабақтың тақырыбы
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Сабақтың түрі
Ізденіс-танымдық сабақ
Әдіс-тәсілдер
Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, жаттығу жұмыстары
Көрнекіліктер
Дауыссыз дыбыстардың түрлеріне арналған кесте, топшамалар
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың түрлерін өз бетінше іздену арқылы меңгерту және жаттығу жұмыстары барысында оларды еркін ажыратуға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже
-
1
Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы мен ерекшелігін ажырата алады.
-
2
Дауыссыз дыбыстардың түрлерін толық меңгереді.
-
3
Жаттығу жұмыстарын орындау кезінде дауыссыз дыбыстардың түрлерін еркін таба алады.
Қолданылатын стратегиялар
Категориялық топтастыру
Тақырыпты жүйелеу және топтарға бөлу арқылы түсіндіру.
Түртіп алу
Оқыған ақпаратты белгілеу арқылы түсінуді тереңдету.
Бес жолды өлең
Түйінді ойды қысқа әрі шығармашылықпен жинақтау.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
270-жаттығу бойынша орындалған тапсырманы тексеру.
III. Қызығушылықты ояту
Категориялық топтастыру стратегиясы арқылы дауыссыз дыбыстарды түрлеріне қарай топтастыруға бағыт беру.
IV. Мағынаны тану
1) Түртіп алу стратегиясы
10 минутОқушылар оқулықтағы мәтінді оқи отырып, дәптерге төмендегі кестені сызып, (V, −, +, ?) белгілері арқылы толтырады.
| Белгі | Мағынасы |
|---|---|
| V | Білемін |
| − | Білмеймін |
| + | Жаңалық |
| ? | Күдікті, таңқалу тудырады |
Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі
Дауыссыз дыбыстар салдыр мен үннің қатысына қарай қатаң, ұяң және үнді болып үш топқа бөлінеді.
Қатаң дауыссыздар
Салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар.
Ұяң дауыссыздар
Үн қатысқанымен, салдыры басым болатын дауыссыз дыбыстар.
Үнді дауыссыздар
Салдырдан гөрі үні басым болатын дауыссыз дыбыстар.
2) Жаттығу жұмыстары
264-жаттығу
Мәтінді көшіріп, қатаң дауыссыздардың астын бір сызықпен, ұяң дауыссыздардың астын екі сызықпен, үнді дауыссыздардың астын ирек сызықпен сызыңдар.
265-жаттығу
Төменде берілген жұмбақтардың шешуі болатын дыбыстарға сипаттама беріңдер.
268-жаттығу
Өлең шумақтарындағы һ, ч дыбыстары бар сөздер қандай сөздер екенін анықтап, мағыналық тұрғыдан талдау жасаңдар.
V. Толғаныс
1) Бес жолды өлең стратегиясы
264-жаттығудан өз таңдауларың бойынша бір сөз алып, сол сөзге бес жолды өлең құрастырыңдар.
1-жол
Зат есім (кім? не?)
2-жол
Сын есім (2 сөз)
3-жол
Етістік (3 сөз)
4-жол
1 сөйлем (4 сөз)
5-жол
Синоним
2) Үй тапсырмасы
- Дауыссыз дыбыстардың түрлерін жаттау.
- 269-жаттығу.
3) Бағалау
Оқушының жұмысы төмендегі өлшемдер бойынша бағаланады.
| Оқушының аты-жөні | Ереже | Категориялық топтастыру | Түртіп алу | Жаттығу жұмысы | Бес жолды өлең | Оқушының өзіндік бағасы | Мұғалімнің бағасы | Қорытынды баға |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| — | — | — | — | — | — | — | — | — |