Дидактикалық тапсырмалар
Қостанай облысы • Жангелдин ауданы • Аралбай ауылы
Химия пәнінің мұғалімі: Естайлақ Ақгүл
Сабақтың тақырыбы
Тотығу. Оксидтер. Олардың аталулары.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Тотығу, оксидтер және олардың аталуы туралы түсіндіру; тотығу реакциясының мағынасы мен мәнін терең меңгерту.
Дамытушылық
Өзіндік ізденісті ұйымдастыру, танымдық іс-әрекеттерді жетілдіру, білімді жүйелеу және дамыту.
Тәрбиелік
Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу; пәнге деген қызығушылықты арттыру.
Сабақтың форматы
- Сабақтың типі
- Аралас
- Сабақтың түрі
- Ізденіс
- Әдістері
- Тест тапсырмасы, деңгейлік тапсырмалар, тірек-сызба, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Бор
- Оқулық
- Тест тапсырмалары
- Тірек сызбалар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Бастау- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
- Психологиялық дайындық: көзді жұмып жақсы нәрсе туралы ойлау; өзіңе және өзгелерге сәттілік тілеу; бір-біріне күлімдеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Графикалық тестТақырып: «Оттек: алынуы және қасиеті». Әр тұжырымға «Иә» немесе «Жоқ» деп белгі қойылады.
- 1. Оттек — иіссіз, дәмсіз, түссіз газ.
- 2. Оттекті XVIII ғасырда Пристли ашты.
- 3. Оттек ауа құрамында 21% болады.
- 4. Оттекті зертханада алу теңдеуі берілген (оқушы толықтырады).
- 5. Өнеркәсіпте оттегін судан алады.
- 6. Бертолле тұзынан оттегін зертханада белгілі теңдеу арқылы алады.
- 7. Реакция жылдамдығын арттырып, өзі реакцияға қатыспайтын зат катализатор деп аталады.
- 8. Оттегін ауаны және суды ығыстыру арқылы екі әдіспен жинайды.
- 9. Ауаның молекулалық массасы 27-ге тең.
- 10. Оттек суда нашар ериді.
Логикалық кесте
Тақырыптық сөздер: көміртегі, күкірт, фосфор, темір.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Негізгі ұғымдарҚайталау сұрақтары
- 1. Зат дегеніміз не? Неше түрі бар?
- 2. Жай зат дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?
- 3. Күрделі зат дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?
«Сиқырлы гүл» ойыны
Гүл жапырақшаларында химиялық формулалар жазылады. Оқушылар формулаларды тиісті санаттарға орналастырады: металдар, бейметалдар, күрделі заттар.
Негізгі анықтамалар
Тотығу — заттың оттекпен әрекеттесуі.
Оксидтердің жалпы формуласы: EₓOᵧ.
Оксидтерді атау (халықаралық жүйе)
1-тәсіл (тотығу дәрежесімен): алюминий (III) оксиді.
2-тәсіл (сандық приставкалармен): (мысал ретінде) диалюминий триоксиді.
Приставкалар
моно — 1, ди — 2, три — 3, тетра — 4, пента — 5 (және т.б.)
IV. Бекіту
Түсіну + қолдануОксид ұғымын нақтылау
Оксидтерді сипаттау үшін сапалық құрамы, сандық құрамы және түзілуі бойынша талқылау жүргізіледі.
Ереже: Оксид — екі элементтен тұратын, олардың біреуі міндетті түрде оттек болатын күрделі зат.
Оксид — бинарлы қосылыс: екі элементтен тұрады, соның бірі міндетті түрде оттек. Екі элемент қосылғанда тотығу реакциясы жүреді, нәтижесінде күрделі зат түзіледі.
Ойын: «Алтын кілт»
Берілген қосылыстар ішінен оксидтердің формулаларын табу арқылы «сейфтің шифрі» анықталады.
- 1. CO2
- 2. NaOH
- 3. HNO3
- 4. CaO
- 5. SO2
- 6. MgO
- 7. H3PO4
- 8. Ca(OH)2
- 9. N2O5
- 10. PH3
- 11. P2O5
- 12. ZnSO4
Сейфтің шифрі: 1, 4, 5, 6, 9, 11
Ойын: «Аукцион»
Оксидтердің формуласы беріледі. Оқушы оксидтің атауын айтып, элементтің валенттілігін (немесе тотығу дәрежесін) анықтайды, түзілу реакциясын құрып, реакция типін көрсетеді. Толық жауап берген оқушыға «оксид» картинасын беру қарастырылады.
«Кедергілермен көтерілу»
«Химиялық саты» бойынша көтеріле отырып, оксидтердің формулаларын құрып жазыңыз және оларды атаңыз.
V. Дидактикалық тапсырмалар
Жаттығулар«Айқыштар мен нөлдер»
Төмендегі кестеден тек оксидтерді тауып, олардың алыну реакциясын жазыңыз және атаңыз: натрий (I) оксиді, фосфор (V) оксиді, темір (II) оксиді.
«Кім жылдам?»
Төмендегі өзгерістерді орындаңыз. Түзілген оксидтерді атаңыз.
«Кім математик?»
№1 есеп
16 г күкіртті жаққанда түзілетін күкірт (IV) оксидінің (SO2) массасын табыңыз.
Берілгені
m(S) = 16 г
Шешуі
Ar(S)=32, Mr(SO2)=32+16×2=64.
32 г S → 64 г SO2,
16 г S → x г SO2, сонда x = 32 г.
Жауабы: m(SO2) = 32 г
№2 есеп
Массасы 64 г SO2 зат мөлшерін есептеңіз.
№3 есеп
Массасы 44 г CO2 зат мөлшерін есептеңіз.
VI. Қорытынды
ЖүйелеуОксидтерді екі түрлі атау тәсілімен атау тапсырмасы орындалады. Дұрыс жауаптардан мадақтау сөзі құрастырылады.
Қорғасын монооксиді
— ж — ш — — — к — — — а
Көміртегі диоксиді
— — е — — — а — — — м — — — е
Қорғасын (II) оксиді
— р — — — а — — — е — — — н
Магний (II) оксиді
— н — — — қ — — — х — — — а
Күміс (I) оксиді
е — — — ұ — — — й — — — л
Көміртек (IV) оксиді
— ә — — — с — — — и — — — б
Магний монооксиді
— ю — — — ы — — — л — — — ы
Дикүміс монооксиді
— м — — — ғ — — — ң — — — ф
VII. Үй тапсырмасы
§23§23 оқу. 66-бет, №5 жаттығу.
VIII. Бағалау
КритерийлерОқушының аты-жөні бойынша бағалау парағы
Әр бөлім бойынша орындалуына қарай белгі қойылады.
- Графикалық тест □
- Логикалық кесте □
- «Сиқырлы гүл» □
- «Алтын кілт» □
- «Аукцион» □
- «Кедергіден өту» □
- «Айқыштар мен нөлдер» □
- «Кім жылдам?» □
- «Кім математик?» □
- Қорытынды □