Балаларды тақта алдына дөңгелене тұрғызып, сары түсті лентаны қолдарына ұстатып күн бейнесін жасату

Мұғалім туралы мәлімет

Өңірі

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы

Мектеп

№2 орта мектебі

Пән мұғалімі

Бастауыш класс мұғалімі — Шакибаева Алия Сагидуллақызы

Сабақтың тақырыбы

Сан есім

Түрі: жаңа сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап Талдау, ажырату, топтау Жазбаша дәлелдеу

Білімділік

Сан есім тақырыбын тірек-сызба арқылы меңгерту, жаттығулар орындату.

Дамытушылық

Ақыл-ойын, логикалық ойлауын дамыту; сөздік қорын молайту; шығармашылық қабілетін жетілдіру.

Тәрбиелік

Оқушыларды адамгершілікке, достыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Слайдтар
  • Интерактивті тақта
  • Тірек-сызба
  • Суреттер, сызбалар, кесте

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Оқушыларды тақта алдына дөңгелене тұрғызып, сары түсті лентаны қолдарына ұстатып, күн бейнесін жасатамыз. Бір-біріне қарап, жылы тілектерін айтады. Соңында лентаның ұстап тұрған бөлігін қайшымен кесіп беріп, «күн нұрынан» әр бала өз жүрегіне жылу алды деген ой қалыптастырамыз.

Хормен айтылатын шумақ

Қатар-қатар түзеліп,

Оқушыға лайық.

Қолымызды жіберіп,

Түп-түзу боп тұрайық.

Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау — сәніміз.

Отыруға нақпа-нақ,

Дайындалдық бәріміз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Мақал-мәтелдерді жазып келу және олардың ішінен сын есімді тауып, астын сызу.

  1. Жақсы сөзге жан семіреді, жаман сөзден жан қорқады.

  2. Өнерлі бала сүйкімді.

  3. Сабағы жаман жемістің дәні де жаман.

  4. Ақылды қария — ағып жатқан дария.

III. «Өткенді білмегеннің — ертеңі болмайды» (пысықтау)

Ой қозғау

Сөздер мағынасына қарай неше сөз табына бөлінеді? («Қандай?»)

Сөз таптары

  • Зат есім
  • Сан есім
  • Етістік
  • Сын есім

Осы сөз таптарының ішінен қайсысын өттік? (Зат есім, етістік, сын есім.)

Сұрақтар

  1. Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
  2. Етістік дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
  3. Сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?

IV. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

Мұғалім әртүрлі сандардан құралған адам бейнесін көрсетеді де, мынадай сұрақ қояды:

Өмір бойы жан-жануар бейнесін

Салып келген суретшіге не дерсің?

Жауабын кім тез береді, білсе егер,

Қай сандардан сурет салды бұл шебер?

Тақтаға жазылған сандар

Үш, алты, тоғыз, сегіз

Сұрақ-жауап

  • Осы сандарды қатыстырып тағы қандай сандар құрауға болады?

    Алпыс үш, жиырма сегіз, отыз бес.

  • Суреттегі адамның көздері нешеу?

    Екеу.

  • Тақтадағы сандарға сұрақ қойыңдар.

    Қанша? Неше? Нешінші? Нешеу?

Негізгі ұғым: Сан есім

Сан есім — заттың санын және ретін білдіретін сөз табы.

Сұрақтары

Қанша? Неше? Нешінші? Нешеу?

Түрлері

Есептік, реттік, жинақтық

Құрылысына қарай

Дара, күрделі

Есте сақта

Сандар мәтіннің мағынасын нақтылайды.

Өлең арқылы бекіту

Диалог

Екі көзің не үшін керек?

— Жақсыларды көру үшін.

Екі қолың не үшін керек?

— Елге көмек беру үшін.

Талқылау сұрақтары

  • Өлеңде адамның қандай дене мүшелері туралы айтылған?

    Қол мен көз туралы.

  • Жаттығуда қандай сан кездесті?

    Екі.

Санға қатысты мақал-мәтелдер

  • Бас екеу болмай, мал екеу болмайды.

  • Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.

  • Бір мылтықтың аузына мың адам сияды.

Сандар тек математика сабағында ғана емес, күнделікті өмірде де жиі кездеседі: дүкенге барғанда, автобуста, уақытты жоспарлағанда. Бүгінгі сабақта сан есімге қатысты жаттығулар мен түрлі тапсырмалар орындалады.

V. Дәптермен жұмыс

Бүгінгі күннің жадын жазамыз.

Бүгінгі тақырыбымыз қай дыбыстан басталады? (С)

Олай болса, Сс әрпін көркем етіп жазамыз.