Шыншыл ертегілері
Жоба тақырыбы
«Түлкі мен ешкі» ертегісіндегі кейіпкерлердің салыстырмалы бейнесі
Кіріспе
«Ертегі» деген сөзді естігенде, біз күнделікті ойлардан бір сәтке алыстап, ғажайып әлемге бет бұрамыз. Әр адамның сүйіп оқитын ертегісі бар. Ертегінің қызметі де кең: ол әрі тәрбиелік мәні бар, әрі көркем-эстетикалық құндылығы мол әдеби мұра.
Ертегілерде қиял әдейі, мақсатты түрде пайдаланылады. Сол себепті оқиға әсіреленіп, ғажайып сипат алып, өзінше дамып отырады. Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, нанымы мен сенімін танытады.
Негізгі ой
Бұл жұмыста «Түлкі мен ешкі» ертегісіндегі кейіпкерлер мінезі салыстырылып, олардың адам болмысына тән қасиеттерді қалай бейнелейтіні қарастырылады.
Ертегінің қысқаша мазмұны
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда терең апанға түсіп кетеді. Ол қанша тырысса да, апаннан шыға алмай қалады. Сол кезде су іздеп жүрген ешкі апанға кез болып, түлкіні көреді:
— Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? — дейді ешкі.
— Ой, не қыласың, — дейді түлкі. — Жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өлейін деп едім. Апанның іші салқын екен, түбінде тұп-тұнық суы бар.
Мұны естіген ешкі салқындап, су ішкісі келіп, ойланбастан апанға секіріп түседі. Сол сәтте түлкі ешкінің үстіне мініп, мүйізіне табан тіреп, апаннан ырғып шығып кетеді.
Бұл оқиға «Өтірікке алданба, әйтпесе басың бәлеге қалады» деген ойды аңғартады.
Ертегі туралы қысқаша мәлімет
Ертегі дегеніміз
Ертегі — ауыз әдебиетінің бір түрі. Ертегі барлық халықта кездеседі және көбіне балаларға арналады. Ол оқушылардың сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға ықпал етеді.
Ертегінің түрлері
- Қиял-ғажайып ертегілері
- Хайуанаттар туралы ертегілер
- Тұрмыс-салт ертегілері
- Шыншыл ертегілер
«Түлкі мен ешкі» қай түрге жатады?
«Түлкі мен ешкі» — хайуанаттар туралы ертегілерге жатады. Мұндай сюжет басқа халықтарда да кездеседі. Мысалы, орыс халық ертегісінде «Лиса и козел» деген ұқсас нұсқа бар. Екі ертегідегі негізгі кейіпкерлер де — түлкі мен ешкі.
Кейіпкерлердің салыстырмалы бейнесі
Ертегілерде жан-жануарлар арқылы адамның түрлі мінез-құлқы салыстырылып көрсетіледі. Бұл ертегіде түлкі мен ешкі бір-біріне қарама-қарсы қасиеттердің символы ретінде беріледі.
Түлкі бейнесі
Түлкі ертегілерде көбіне қу, зымиян, айлакер, өз пайдасын ойлайтын адамның мінезін танытады.
Мысал тіркестер
- қу түлкі
- жылмаң түлкі
- айлакер түлкі
Ешкі бейнесі
Ешкі аңқау, тез алданып қалатын, жуас әрі зияны жоқ адамның мінезін көрсетеді.
Мысал тіркестер
- аңқау ешкі
- маңыраған ешкі
- қорқақ ешкі
Түйін
Түлкі — айла мен қулықтың, ешкі — аңғалдық пен сенгіштіктің көркем бейнесі. Ертегі оқырманды алдамшы сөзге ермеуге үйретеді.
Қорытынды
Бұл ертегіден түйгенім: адамдардың мінезі әртүрлі болады. Бірі — қу, бірі — аңқау, енді бірі — айлакер, ал біреуі — ашықауыз. Сондықтан кез келген сөзге сене салмай, әр істі ақылмен бағалау қажет.
Менің ойымша, балалар түлкі сияқты қу адамдардан үлгі алмауы керек. Адамдар біреуді алдаудан аулақ болып, әрдайым адал жолмен жүргені дұрыс.
Орындаған
Өскемен қаласы әкімдігінің Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №38 гимназиясы КММ-нің 4 «А» сынып оқушысы Костина Дарья
Мұғалімі
Өскемен қаласы әкімдігінің Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №38 гимназиясы КММ-нің қазақ тілі мұғалімі Козыбаева Айнаш Урынбаевна