Қағанаттың екі орталығы болды олар

Қазақстан тарихы • 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Түркеш қағанаты (704–756 жж.)

Бұл сабақта Батыс Түрік қағанатының жер аумағы мен қоғамдық-саяси тарихына сүйене отырып, Түркеш қағанатының құрылуы, дамуы және тарихи маңызы қарастырылады. Оқушылар алған білімін өз дамуына әсер ететін құрал ретінде қабылдап, оны өмірде және адамдармен қарым-қатынаста қолдана білуге бағытталады.

Сабақтың мақсаттары

  • Батыс Түрік қағанатының жер аумағын және қоғамдық-саяси тарихын жан-жақты таныстыру.
  • Оқушы алған білімінің жеке дамуына ықпал етуіне жағдай жасау.
  • Тарихи білімді өмірде, қарым-қатынаста және ой қорытуда қолдана білуге үйрету.

Міндеттер

1) Тарихи мазмұн және талдау

  • VIII ғасырда қазақ жерін мекендеген Түргеш қағанатының тарихымен таныстыру.
  • Қағанаттағы экономикалық және мәдени дамудың бағыттарын түсіндіру, соғдылар туралы ұғым қалыптастыру.
  • Түргеш қағаны Сұлудың саясатын талдап, ішкі және сыртқы саяси бағыттарын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.

2) Оқу дағдылары және қолдау

  • Өзін-өзі оқыту элементтері арқылы білім алуға ықпал ету, сыни ойлау процестерімен әр оқушыны қамту.
  • Мұғалімнің оқу процесін бағыттап отыруына жағдай жасау.
  • Оқушылардың өзін және сыныптастарын бағалау мүмкіндігін қалыптастыру.

Сабақта туындайтын негізгі идеялар

Оқушы тәжірибесіне сүйену

Оқушының өмірлік білімі мен бұрынғы түсініктерін тірек ете отырып, жаңа білімді саналы түрде құрастыруына мүмкіндік беру.

Жаңа ақпарат арқылы жаңа ойлау дағдысын қалыптастыру

Теориялық мәліметтерді жүйелі беру арқылы оқушының ойлау мәнерін, талдау амалдарын және пікір білдіру мәдениетін дамыту.

Мәдени мұра және тарихи жауапкершілік

Түргештерден қалған мәдени мұра туралы мәлімет беру арқылы тарихи ескерткіштерді қорғауға баулу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың жұмысқа дайындығын тексеру, топқа бөлу және сабақ мақсаты мен күтілетін нәтижелерді нақтылау.

I. Қызығушылықты ояту (үй тапсырмасын тексеру)

№1 тапсырма

Батыс және Шығыс Түрік қағанатының саяси тарихына талдау жасау

  • Жер аумағы
  • Саяси биліктің күшеюі
  • Сыртқы саясаты
  • Қағанаттың әлсіреуі

№2 тапсырма

Сөздікпен жұмыс

Қаған

Мағынасын анықтаңыз

Бұрықтар

Мағынасын анықтаңыз

Тархан

Мағынасын анықтаңыз

Бектер

Мағынасын анықтаңыз

Бұдун

Мағынасын анықтаңыз

№3 тапсырма

Төмендегі мәліметтерді толықтырыңыз

  1. 1. Батыс Түрік қағанатының территориясына — ................................... енді.
  2. 2. Қағанаттың екі орталығы болды, олар — ........................................
  3. 3. Қағанат халқы мына тайпалардан тұрды — .............................
  4. 4. Билеушілері — .........................................

Ой қозғау

Үшілік қағанның қандай ерліктерін білесіңдер? Ол қандай тайпадан шыққан? Осы сұрақтарға сүйене отырып, бүгінгі сабақта Үшілік қаған құрған Түркеш қағанаты туралы мәліметтерді қарастырамыз.

II. Мағынаны тану (жаңа тақырып)

Жаңа тақырып карта көмегімен ашылады: Түркеш қағанатының аумағы, негізгі орталықтары, көрші мемлекеттермен байланысы және тарихи үдерістердің бағыттары талданады.

Негізгі ұғым

«Түркеш» этнонимі

«Түркеш» атауының шығу төркіні мен тарихи контексті түсіндіріледі; оның қағанат құрылымындағы орны және дереккөздердегі қолданылуы талқыланады.