Өлеңнің мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып сыни ойлануға дағдыландыру
Сабақ туралы мәлімет
Өтетін орны
Атырау қаласы, Махамбет ауданы, Алға селосы
Пән
Ана тілі (4-сынып)
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі Қуанышева Ботакөз
Сабақтар тізімі
-
1) Әбдірахман Асылбеков — «Үйрену»
-
2) Сәбит Мұқанов — «Жылқы»
-
3) Шәкәрім Құдайбердіұлы — «Еріншек»
Сабақтың тақырыбы
Ә. Асылбеков — «Үйрену»
Сабақтың мақсаты
Өлеңнің мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды сыни ойлауға дағдыландыру.
Күтілетін нәтижелер
-
Өз бетінше жұмыс жасау арқылы білімін жетілдіреді.
-
Өлеңнің адамға берер пайдасын түсінеді және меңгереді.
-
Өз ойын тиянақты әрі еркін жеткізуге үйренеді.
Негізгі ресурстар
Модульдердің кіріктірілуі
-
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
-
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
-
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
-
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
Сабақтың барысы (қысқаша жоспар)
1) Ұйымдастыру
- Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
- Топқа бөлу: «Инелік», «Керік», «Балық».
- Үй тапсырмасын «Автор орындығы» әдісімен сұрау.
2) Білу және ой қозғау
Слайдтағы суреттер бойынша оқушыларды жеке-жеке сөйлету, ұқсастықтарын тапқызу:
- Инелік — тікұшақ
- Балық — сүңгуір қайық
- Керік — кран
- Аққұман — паровоз
- Бұлбұл — ән
- Аяз (терезедегі қырау) — ою-өрнек
Сұрақ
«Қандай әншіге қазақтың бұлбұлы» деген атақ берілген? Неліктен?
1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігінде Күләш Байсейітованың үні айрықша, өзіне ғана тән екені кеңінен танылды.
3) Түсіну және қолдану
Түсіну
Өлең мазмұнын «Түртіп алу» әдісі арқылы меңгерту.
Қолдану
«Бір сөзбен айт» әдісі арқылы шығармашылық тапсырма орындау.
Шығармашылық жұмыс
Ұйқастар бойынша шумақ құрастыру (берілген тірек сөздермен).
Ұйқас құрастыруға арналған тірек үлгілер
«Инелік» тобы
Балық ... жүзеді
... сүңгіді
... отырып
... ойлады
«Керік» тобы
Керік ...
... керікті
... созыпты
Оны бақылап ағалар
... тауыпты
«Балық» тобы
Бұлбұл ... тыңдады
... тамсанды
... апалар
Тамылжыта ән салды