Тарихтың атасы кім

Сабақтың мақсаттары

Білімдік

  • Ғұн мәдениетінің ерекшеліктері мен адамзат өркениетіндегі орнын түсіндіру.
  • Қазақстан аумағында табылған ғұн мәдени ескерткіштерімен таныстыру.

Дамытушылық

  • Ойлау дағдысын дамыту, өзіндік пікірі бар тұлға қалыптастыру.
  • Сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
  • Рухани-эстетикалық талғамды арттыру.

Тәрбиелік

  • Ізденімпаздыққа, өзін-өзі басқаруға және бір-бірінің пікірін сыйлауға тәрбиелеу.
  • Өнер адамдарын құрметтеуге, ел байлығын қастерлеуге баулу.
  • Патриоттық сезімді нығайтып, Отанды сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың басталуы: орта қалыптастыру

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарының (қалам, дәптер) дайын екенін тексеру.
  • Сабаққа жағымды көңіл күй қалыптастыру үшін оқушылар бір-біріне жылы сөз, ізгі тілек айтады.
  • Сынып 4 топқа бөлініп отырады.

ІІ. Психологиялық дайындық

Тақтаға ілінген жұлдыз — сабақтың сәтті өтуінің нышаны. Мұғалім оқушыларға үнемі «жұлдыздары жанып», армандарына жетуге тілектестік білдіреді.

Түйін ой

«Жұлдыз болып жаныңдар, оқып-білім алыңдар!»

ІІІ. Бойжазу (разминка): «Айтылғанды қалпына келтір»

Оқушыларға сөздер баған түрінде беріледі. Мақсат — сөздерді дұрыс реттеп, мағыналы сөйлем құрастыру. Кім бірінші орындаса, сол жеңімпаз атанады.

Берілетін сөздер

қазақ • ғұнда • атасы • арғы • халқының

Қалпына келтірілетін сөйлем

«Ғұндар — қазақ халқының арғы атасы».

Одан кейін оқушылар күннің жадын және сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазып қояды.

IV. Жаңа сабақ: екі бөлімді құрылым

1-бөлім: Пресс-конференция

Сынып 4 топқа бөлінеді: тілшілер, тарихшылар, көшпенділер, зергерлер.

Сарапшы

10-сынып оқушысы Тамбай Жайнагүл

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Ғұндар — тарихта аты аңызға айналған арғы бабаларымыз. Олардың мәдениеті өзіндік ерекшелігімен құнды әрі адамзат өркениетінде орны бар. Ғұндар құдіретті жауынгер халық қана емес, сонымен қатар шебер қолөнершілер ретінде де танылған.

Пресс-конференция сұрақтары

1-сұрақ

«Хабар» арнасының арнайы тілшісі → тарихшыларға

Ғұн қоғамының ерекшеліктері туралы айтып беріңіздер.

2-сұрақ

«Арқа ажары» газетінің тілшісі → көшпенділерге

Шаруашылықтың қандай түрлері дамыды? Неліктен жылқы мен қойды көп өсірдіңіздер?

3-сұрақ

«Атбасар» газетінің тілшісі → зергерлерге

Бұйым жасауда қандай әдістерді және қандай металдарды қолдандыңыздар?

1-бөлім нәтижесі сатылай кешенді талдау арқылы қорытындыланады.

2-бөлім: «Тарихи-таным» ойын-сайысы

Бұл бөлімде оқушылар 2 топқа бөлініп жарысады. Мұғалім ойын шарттарын түсіндіріп, тапсырмаларды кезең-кезеңімен ұсынады.

Сайыс тапсырмалары

Тапсырма №1: «Тарихи сынақ хат» (оқулықпен жұмыс)

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңдар:

Ғұндар, негізінен, …… тұрды. Азық ретінде және тұрмыста …… өнімдерін пайдаланды. …… төсек-орын, ыдыс-аяқ және үй шаруашылығына қажетті …… бұйымдардың бәрін жасады. Әшекейлеу үшін …… , …… және …… бағалы тастарды пайдаланды.

Тапсырма №2: «Жұлдызды сәт» (сұрақ-жауап)

І топ сұрақтары

  1. «Тарих» сөзі қандай мағынаны білдіреді? («зерттеу», «оқиғаларды әңгімелеу»)
  2. Қазақстан өзін қашан Тәуелсіз Республика деп жариялады? (1991 ж. 16 желтоқсан)
  3. Әлем халықтары неше нәсілге бөлінеді? (3 нәсіл)
  4. Ислам дінінің негізін салушы кім? (Мұхаммед пайғамбар)
  5. Мұсылмандардың қасиетті кітабын ата. (Құран Кәрім)
  6. Будда дінінің негізін салушы кім? (Гаутама)
  7. Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған қандай тайпаларды білесіңдер? (сақ, сармат, үйсін, қаңлы, ғұн)

ІІ топ сұрақтары

  1. Тарихтың атасы кім? (Геродот)
  2. Әлемнің «екінші ұстазы» («Муаллим ассани») кім? (Әбу Насыр әл-Фараби)
  3. Христиан дінінің негізін салушы кім? (Иса пайғамбар)
  4. Сақтардың ержүрек әйел патшасы кім? (Томирис патшайым)
  5. Сақтардың билеушісі қалай аталады? (патша)
  6. Үйсіндердің билеушісі қалай аталады? (күнби/гуньмо)
  7. Ғұндардың билеушісі қалай аталады? (шаньюй)

Екі топқа ортақ бейнесұрақ

Суретте ғұндардың билеушісі Мөде шаньюй көрсетілген. Тарихта ғұндардың екі ірі империясы болған: Шығыс және Батыс. Мөде шаньюй осы империялардың қайсысын құрды?

Дұрыс жауап: Шығыс империясын құрды.

Әр топқа 7 сұрақтан кезекпен қойылады, соңынан ортақ бейнесұрақ беріледі.

Тапсырма №3: Ой толғаныс (RAFT)

І топ

Рөл
Ғұндар
Аудитория
6 «А» сынып оқушылары
Форма
хат
Тақырып
алғыс хат

ІІ топ

Рөл
6 «А» сынып оқушылары
Аудитория
Ғұндар
Форма
хат
Тақырып
өсиет хат

Тапсырма №4: «Қатені тап»

Берілген мәтіннен қате тұстарын анықтаңдар:

Ғұн қоғамында патриархалдық-рулық қатынастар үстемдік етті. Ғұндар 20 руға бөлінді. Елді шексіз әмірші болып табылатын князь басқарды. Ғұндарда малға, жерге жеке меншік болған жоқ. Б.з. 93 жылы ғұндардың Қазақстанға екінші рет қоныс аударуы болған жоқ.

Тапсырма №5: «Келісу–келіспеу» стратегиясы

І топ (Иә/Жоқ)

  1. Тарих — өткенді және қазіргіні зерттейтін ғылым.
  2. Қазақстан Азия мен Еуропада орналасқан.
  3. Қазақстан — көпұлтты ел.
  4. Уақыт — ұрпақтар арасындағы кеңістік.
  5. Отан — адамның туған жері.
  6. Қазақстан — әлемдегі ең үлкен мемлекет.
  7. Ғұндар — қазақтардың арғы атасы.
  8. Ғұндар — Азиядан Шығыс Еуропаға дейінгі аумақты мекендеген ежелгі халық.
  9. Ғұндар 24 руға бөлінді.
  10. «Алтын адам» Алматы облысынан табылған.

ІІ топ (Иә/Жоқ)

  1. Ғұндар көшпелі өмір сүрді.
  2. Ғұндарда әскери өнер жоғары дамыды.
  3. Ғұндар киіз үйлерде тұрған жоқ.
  4. Ғұндардың өмірінде аңшылық та маңызды орын алды.
  5. Аттила ғұндардың билеушісі болған.
  6. Ғұндардың Батыс империясын Аттила шаньюй құрды.
  7. Тарихтағы әйгілі «Ұлы Қытай қорғаны» ғұндардан қорғану үшін салынған.
  8. Мөде шаньюй қытай деректерінде Маодун деп аталады.
  9. Ғұндар ағаш үйлер де салды.
  10. Полихромдық әдіс ғұндарда болған жоқ.

Тапсырма №6: Мақал-мәтелдер сайысы

Отан, ел, туған жер туралы 3 мақал-мәтелден айтып жарысады.

Тапсырма №7: Тарихи диктант

Шарты: диктант мәтінінен бүгінгі тақырыпқа қатысты сөздерді теріп жазыңдар.

сармат ғұн роксаландар шаньюй қаңлы ақсақал диадема жылқы алтын баспана полихромдық әдіс табиғат ақбөкендер садақ пен жебе

V. Қорытындылау және рефлексия

Ассоциация құру

Мұғалім «Ғұндар дегеніміз кімдер?» деген сұрақ қойып, топтастыру стратегиясы арқылы ой қозғайды. Оқушылар:

  1. елестетеді;
  2. бұрынғы біліміне сүйенеді;
  3. есіне түсіреді;
  4. ойын айтады.

VI. Бағалау

Сарапшыға сөз беріледі. Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының дәлдігі және топтық жұмыстағы үлесі негізінде білімдері бағаланады.

VII. Үй тапсырмасы

  • § 20 — оқып келу.
  • «Ғұндар — біздің арғы бабамыз» тақырыбында шығарма жазу.