Кірпі туралы мәлімет

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты

Тақырыбы

Күзгі көрініс

Мақсаты

Күзгі орман көріністері туралы түсінік беру, балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру.

Оқу нәтижелері

  • Балалар күзгі орман туралы және күз айлары жайлы біледі.
  • Ойлау және сөйлеу қабілеттері дамиды.

Түйінді идея

Балалар күзгі орман туралы әңгімелеу арқылы жануарларға және табиғатқа деген сүйіспеншілігін көрсетеді.

Тапсырмалар мен жаттығулар

I. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар, барлығымыз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасап алайық!

Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге.

II. Тыныштық сәті (психологиялық дайындық)

Балалар, мен сендерге түрлі түсті жапырақтар әкелдім. Қане, кім қандай түсті таңдайды екен?

Қазір мен қандай түсті көрсетсем, сол түсті ұнататындарың алдарыңдағы жапырақты көтеріңдер.

Сендердің таңдауларыңа қарап, сабаққа деген көңіл күйлеріңді байқадым. Бүгін сабақ барысында әртүрлі тапсырмаларды орындаймыз.

III. Релаксация

Балалардың көзін жұмғызып, баяу әуен қосыңыз.

Көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстаңдар. Өздеріңді орманда жүргендей сезініңдер.

Өздеріңді қайда жүрмін деп елестеттіңдер?

Күзде орманда қандай өзгерістер болатынын білгілерің келе ме?

Бүгін біз «Күзгі орманның көріністері» тақырыбын өтеміз.

1) Тиін туралы

Тиін епті әрі жеңіл, күзде өзіне қорек жинап, қысқа дайындалады.

2) Қоян туралы

Қоян шапшаң әрі сақ, дыбысты тез сезіп, қауіптен қашуға дайын тұрады.

3) Кірпі туралы

Кірпі баяу қимылдайды, күзде қорек жинап, жылы ін іздейді.

IV. Дидактикалық ойын: «Жануарлар немен қоректенеді?»

Күзде ағаштардың жапырақтары сарғаяды.

Сұрақ-жауап арқылы талқылау

Сұрақ: Күзгі орман қандай болады?

Жауап: Сап-сары болады.

Сұрақ: Неліктен орманның іші сары болады?

Жауап: Ағаштың жапырақтары сарғайып, жерге түседі.

Сұрақ: Күзгі орманда тағы нені көріп отырсыңдар?

Жауап: Тиін, кірпі, қоянды көріп отырмыз.

Сұрақ: Олар не істеп жүр екен?

  • Тиін епті, жеңіл қимылдап, өзіне қорек жинайды.
  • Қоян қорқақ, бірақ өте шапшаң әрі сезімтал.
  • Кірпі баяу қимылдап, қысқа азық дайындайды.

Мақал

Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.

V. Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына —
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.

VI. Топтық жұмыс

Әр топ суретке қарап, «Күзгі орманда...» тақырыбында қысқа әңгіме құрастырады.

1-топ: Қоян

Күзгі орманда қоян жүр.

2-топ: Тиін

Күзгі орманда тиін жүр.

3-топ: Кірпі

Күзгі орманда кірпі жүр.

Қорғау

Әр топ өз жұмысына қысқаша таныстырылым жасап, сурет бойынша әңгімелейді.

VII. Қорытынды

Бүгін біз тиіннің, қоянның және кірпінің күзде нені жақсы көретінін, қалай қорек жинайтынын білдік.

Талқылау сұрақтары:

  • Сабақта не істедік?
  • Сабақ ұнады ма?
  • Несімен ұнады?

Кері байланыс

Көңіл күйді білдіру үшін жапырақты көтеру.

Жылы тілек

«Жүректен жүрекке» тәсілімен бір-біріне жылы тілек айту.