Ашық микрофон ойыны

Сабақ барысы

Бұл сабақта оқушылар 5-ке көбейту кестесін меңгеріп, көбейту мен бөлудің өзара байланысын тәжірибе арқылы бекітеді.

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Психологиялық дайындық: амандасу, түгендеу.
  • Сынып ережесін еске түсіру.

II. Топқа бөліну

Оқушыларға гүлдер таратылып, сол арқылы топтарға бөлінеді.

III. «Білу» кезеңі

Үй тапсырмасы пысықталады. «Ашық микрофон» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беріледі:

1) Бөлудің компоненттерін ата.

2) Көбейтудің компоненттерін ата.

3) Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін түсіндір.

4) 1 сағатта неше минут бар?

5) 1 тәулікте неше сағат бар?

Миға шабуыл

Сұрақ: Мектебіміз ең алғаш қай жылы ашылды? 2013

Сұрақ: Биыл мектебіміздің ашылғанына неше жыл болды? 5 жыл

Қорытынды: Биыл мектебіміздің ашылғанына 5 жыл.

Тілдік байланыс: 5 саны — сан есім.

Қазақша

5 — бес

Орысша

5 — пять

Ағылшынша

5 — five

Жаңа тақырып: «Санды 5-ке көбейту кестесі». Оқушылар дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады.

IV. «Түсіну» кезеңі

Оқушылар назарына бейнематериал ұсынылады. Кейін алғашқы пысықтау жұмысы орындалады: әр топқа тапсырмалар таратылады.

Топтық тапсырмалар: 5-ке көбейту және бөлу арқылы тексеру

Көбейту Тарату (5-ті бөліп қосу) Бөлу арқылы тексеру
5 × 5 = 25 5 × 5 = 5 × 4 + 5 25 : 5 = 5
6 × 5 = 30 6 × 5 = 6 × 4 + 5 30 : 5 = 6
7 × 5 = 35 7 × 5 = 7 × 4 + 5 35 : 5 = 7
8 × 5 = 40 8 × 5 = 8 × 4 + 5 40 : 5 = 8
9 × 5 = 45 9 × 5 = 9 × 4 + 5 45 : 5 = 9

Негізгі ереже

Бөлуге кері амал — көбейту. Көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсек, екінші көбейткіш шығады.

  • 25 : 5 = 5, себебі 5 × 5 = 25
  • 30 : 5 = 6, себебі 6 × 5 = 30
  • 35 : 5 = 7, себебі 7 × 5 = 35
  • 40 : 5 = 8, себебі 8 × 5 = 40
  • 45 : 5 = 9, себебі 9 × 5 = 45

Қайталанатын қосу және қайталанатын азайту

Қосу арқылы

5 + 5 + 5 + 5 + 5 = 5 × 5 = 25

Азайту арқылы

25 − 5 − 5 − 5 − 5 − 5 = 0

Демек, 25 : 5 = 5.

Атырау қаласы, №36 мектеп-гимназия

Мұғалім: Еділбаева Назым Еділбайқызы