Неліктен сол әріпті жазғаныңды дәлелде

Сабақтың тақырыбы

Дауыссыз қ және ғ

Мақсаты

  • Түбірдің соңындағы қ дыбысына дауыстыдан басталған қосымша жалғанғанда, қ дыбысының ғ дыбысына өзгеретінін түсіндіру.
  • Шапшаң жазу мен жылдамдықты дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру.
  • Әдемі, көркем жазу дағдысын қалыптастыру.

Сабақ туралы

Түрі
Жаңа сабақ
Әдісі
Сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу
Көрнекілігі
Қ және Ғ дыбыстары, қима қағаздар

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Таңғы жаттығу
  • Таңғы жиын
  • Амандасу
  • Оқу құралдарын түгендеу
  • Психологиялық дайындық

2) Өткенді қайталау

Қима қағазбен жұмыс: көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой.

Кәсі... кәсі...і
Мекте... мекте...і
Тала... тала...ы
Әде... әде...і
Жі... жі...і
Қора... қора...ы

Сергіту сәті

№ 5

3) Жаңа сабақ

Буын саны бірдей, қ дыбысына аяқталатын сөздерді тауып, торкөзді толтыр. Сол сөздерге ы дыбысын қосып жаз.

Қ дыбысы қандай дыбысқа өзгерді?

— — — — қ
— — — — қ
— — — — қ
— — — — қ
— — — — қ

Мысал сөздер: қалақ, тарақ, мазақ, тауық, қызық.

Оқулықпен жұмыс

  • 136-жаттығуды орындау.
  • 137-жаттығу: өлеңді оқып, көшіріп жазу.

Дәптермен жұмыс

Тақтаға кейбір әріптері түсіп қалған сөздер жазылады. Оқушылар бос орындарды толықтырады:

Тара... Маса... Мысы... Тауы... Оқулы... Тырна...

Тақтамен жұмыс

Көп нүктенің орнына қ немесе ғ әріптерінің тиістісін қойып жаз:

Топыра... шыра... жола...ы жоры... қуырша...ы ая... ла...ы

Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыр.

Шығармашылық жұмыс

Жаңылтпашты жатқа жаз:

Құлағы үсіп кетті,

Үсіп, ісіп кетті.

«Құлақ» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

4) Бекіту

Сұрақтар

  • Не өттік?
  • Сабақты қалай меңгердің?

Жеке жұмыс

Әр оқушыға қима қағаз беріледі. Оқушылар өз бетімен тапсырманы орындайды: көп нүктенің орнына қ немесе ғ әріптерін қойып, сөздерді көшіріп жаз. Неліктен сол әріпті жазғаныңды дәлелде.

Қарма...ы бұйры...ы құла...ы ла...тар бұла... қайма...ы

5) Бағалау

Оқушыларды мадақтау, жетістігін атап өту.

6) Үйге тапсырма

Үй тапсырмасы сабақ соңында мұғалімнің нұсқаулығына сәйкес беріледі.