Лездік сұрақтары Компьютер тобына

Сайыстың жалпы сипаттамасы

Тақырыбы

«Жас информатиктер» сайысы

Түрі

Сайыс-сабақ

Көрнекілігі

Слайд, компьютер, плакат, кроссворд

Мақсаты

Білімділік

Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін сарапқа салу.

Дамытушылық

Оқушыларды тапқырлыққа баулу, зейінін, ой-өрісін және белсенділігін дамыту, білімге құштарлығын арттыру.

Тәрбиелік

Өз білімдеріне деген сенімділікті нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.

Өтілу барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды сайысқа шақыру.

II. Сайысты өткізу бағдарламасымен таныстыру

  • Топтармен таныстыру.
  • Әділқазылар алқасымен таныстыру.
  • Сайысты өткізу.
  • Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы.
  • Марапаттау.

Сайыс жоспары (8 айналым)

  1. Бәйге жарысы
  2. Жеті жұрттың тілін біл (полиглот)
  3. Жүйрік болсаң, озып көр
  4. Қандай құрылғы?
  5. Суреттер сөйлейді (компьютерде сурет салу)
  6. Кім жылдам (кроссворд шешу)
  7. Жұмбақтар мен ребустар шешу (екі топ бір-біріне жасырады)
  8. Сөз тапқанға қолқа жоқ (әр топ өз атауының бірінші әрпінен басталатын информатикалық сөздер айтады)

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясы — егемендіктің кілтін ұстайтын жастардың жарқын болашағына бастайтын үлкен бағдар. ХХІ ғасырдың білімді, ойлы ұрпағы осы жоспарды болашақта жүзеге асырып, еліміздің экономикасына үлес қосады деп сенеміз. Қазақстанның болашағы — білімді ұрпақтың қолында.

Бүгінгі сайысқа қатысушылар информатика пәнінен алған білімдерін ұшқыр ойымен, шешен тілімен және нақты жауабымен көрсетеді. «Жас информатиктер» сайысына қош келдіңіздер!

Әр айналымда сүрінбей, ойланып, нақты жауап берген топ қана «Жас информатиктер» атағына ие болады.

Ата-салт, баба дәстүр жолыменен, алайық біз әуелі сәлемдесіп. Ал, келіңдер, келіңдер! Біріңе-бірің еріңдер, біліміңді тексеріп, ойынға қатысып көріңдер!

Қатысушы топтар

1-топ — «Компьютер»

Ұраны: «Тетікті бассаң алаңсыз, жазамыз қалам-қағазсыз.»

2-топ — «Принтер»

Ұраны: «Компьютермен енеміз, қағазға басып береміз.»

Әділқазы алқасы

«Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем, әділдікке бас иеді күллі әлем…» — сайыс барысын зерделеп, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысамыз.

1-айналым: «Бәйге жарысы» (лездемелі сұрақтар)

Оқушылар берілген сұрақтарға тез жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Жауап болмаса, «келесі» деп айту керек.

«Принтер» тобына

  1. Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны. (Файл)
  2. Windows-та өшірілген файлдар қайда жіберіледі? (Себет)
  3. Ақпараттық үдерістерді зерттейтін ғылым. (Информатика)
  4. Компьютердің басты бөлігі, «миы». (Процессор)
  5. Алгоритм атауы кімнің есімімен байланысты? (Әл-Хорезми)
  6. Монитор мен адамның арақашықтығы қанша см? (60–70)
  7. 1 Мбайтта қанша Кбайт бар? (1024)
  8. Буып-түйілген файл. (Архив)
  9. Енгізу пернесі. (Enter)
  10. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша. (Курсор)
  11. Пернетақтада қанша функционалдық перне бар? (12)
  12. Сол жақтағы бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Backspace)
  13. Қағаздағы көріністі экранға түсіретін құрылғы. (Сканер)
  14. Paint қандай редактор? (Графикалық)
  15. Компакт-дискіні оқуға арналған құрылғы. (CD-ROM)

«Компьютер» тобына

  1. Файлдар жиыны. (Папка)
  2. Мәтінмен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office бағдарламасы. (MS Word)
  3. Вирустың кері әсерін жоятын бағдарлама. (Антивирус)
  4. Сандардың аталу және жазылу әдісі. (Санау жүйесі)
  5. Ақпараттық үдерістерді жүзеге асыратын негізгі құрал. (Компьютер)
  6. Архиватор бағдарламаларына мысал келтір. (WinRAR, WinZip)
  7. Windows сөзінің аудармасы. (Терезе)
  8. Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік. (Байт)
  9. Компьютерлік әліпби символдарының кез келген тізбегі. (Мәтін)
  10. Мазмұндық мәні бойынша топтасқан тізбектелген қатар. (Абзац)
  11. Оң жақтағы бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Delete)
  12. Дүниежүзілік ғаламдық тор. (Интернет)
  13. ЭЕМ-нің дамуы неше буыннан тұрады? (5)
  14. WordPad қандай редактор? (Мәтіндік редактор)
  15. Мәтіндік құжаттарды әр түрлі амалдармен көркемдеу қалай аталады? (Пішімдеу)

2-айналым: «Полиглот»

Бұл кезеңде оқушылар сұраққа қазақша, орысша, ағылшынша жауап береді. Үш тілде толық жауап берсе — 15 ұпай.

«Компьютер» тобына

  1. Белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобы. (Ақпарат — информация — information)
  2. Сақталған құжатты ашу командасы. (Файл–Ашу — Файл–Открыть — File–Open)
  3. Windows дегеніміз не? (ОЖ — операционная система — operating system)
  4. Компьютерде командаларды басқаруға арналған құрылғы. (Тышқан — мышь — mouse)
  5. Қажет емес символды алып тастау пернесі. (Өшіру — удалить — delete)

«Принтер» тобына

  1. Өшірілгендерді жинап, уақытша сақтайтын орын. (Себет — корзина — basket)
  2. Экрандағы төртбұрышты аймақ. (Терезе — окно — window)
  3. Жады аз қажет ететін, өте шағын мәтіндік редактор. (Блокнот — блокнот — notebook)
  4. «Бір сарайда тұрады екен, бес атаның балалары…» (Пернетақта — клавиатура — keyboard)
  5. Биологияда паразит; информатикада ақпарат өлшем бірлігі. (Бит — бит — bit)

3-айналым: «Жүйрік болсаң, озып көр»

Екі топ торкөздегі сұрақтарды ұпайына қарай таңдап, жауап береді. Дұрыс жауап берілсе, таңдаған ұпай толық есептеледі.

Сұрақтар банкі

  • 20 ұпай: Дербес компьютердің минималды жиынтығын ата. (Жүйелік блок, монитор, пернетақта)
  • 20 ұпай: Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. (Пернетақта)
  • 30 ұпай: Түрлі түсті графика, дыбыс, фильмдер, өлшемді жылжымалы объектілер. (Бейне ақпарат)
  • 30 ұпай: Принтердің түрлері. (Бүріккіш, лазерлік, матрицалық)
  • 40 ұпай: «Компьютердің атасы» кім? (Чарлз Бэббидж)
  • 40 ұпай: Барлық жүйелер мен бағдарламаларды басқарып, компьютер мен адам арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жүйе. (Операциялық жүйе)

4-айналым: «Қандай құрылғы?»

Экранда бірнеше төртбұрыш беріледі: қатысушылар кез келген біреуін алып тастап, астында жасырылған құрылғының атауын табады.

«Компьютер» тобына

  • Принтер
  • Флеш-карта
  • Монитор

«Принтер» тобына

  • Пернетақта
  • Тышқан
  • Аналық жад

5-айналым: «Суреттер сөйлейді»

Әр топ компьютерде «Менің елім» тақырыбында сурет салады, кейін өз жұмысын қорғайды. Топтар бір-бірінің идеясына пікір білдіреді.

Бағалау ұсынысы: идеяның анықтығы, композиция, түстер үйлесімі, жұмысты қорғау сапасы.

6-айналым: «Кім жылдам?» (кроссворд)

Кроссвордтағы сөздерді тауып, олардың мағынасын қысқаша түсіндіріңіз.

Кілт сөздер

Клавиатура Компьютер Монитор Дискета Модем Тышқан Процессор Сканер Кабель

7-айналым: «Жұмбақтар мен ребустар»

Екі топ бір-біріне жұмбақтар мен ребустар жасырады. Дұрыс шешімдер ұпаймен бағаланады.

Ұсыныс: әр жұмбақ/ребус үшін күрделілігіне қарай 5–10 ұпай шкаласын қолдануға болады.

8-айналым: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Әр топ өз тобының атауының бірінші әрпінен басталатын информатикалық терминдерді атайды. Әр дұрыс сөзге 5 ұпай беріледі.

«Компьютер» тобы — «К» әрпі

компьютер картридж клавиатура ксерокс Кбайт калькулятор компакт-диск курсор көшіру (copy) контур курсив

«Принтер» тобы — «П» әрпі

принтер плоттер пернетақта процессор пішімдеу Паскаль пробел Пуск проводник программа

Үзіліс: өнер көрсету

Әділқазылар шешім шығарып жатқанда, кезекті ән мен биге береміз:

  • Мүсірәлі Баянның орындауында ән.
  • 7-сынып қыздарының орындауында қазақ биі.

Қорытынды және марапаттау

«Қазылар орнықтырар әділдікті…» — «Жас информатиктерді» анықтау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Оқушылар марапатталады.

«Қазақстанның болашағы — білімді ұрпақта» демекші, бүгінгі алған біліміміз — ертеңгі байлығымыз әрі елімізге қосар үлесіміз. Сондықтан білім алудан, оқып-үйренуден жалықпайық. Зейін қойып тамашалағандарыңызға рақмет!