Адамның негізгі құқығы

Сабақтың тақырыбы

Өз құқығыңды білесің бе?

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Конституциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек және қылмыстық құқық негіздерінен қазіргі заман адамына ең қажетті тұстарды іріктей білуге үйрету.

Тәрбиелік

Оқушыларды тақырыпты талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру; ой-өрісін кеңейтіп, белсенді ойлау қабілетін арттыру.

Дамытушылық

Заңды құрметтейтін, жауапкершілігі жоғары тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың форматы

  • Тренинг-сабақ
  • Әдістер: глоссарий, блиц-сұрақ, талқылау
  • Көрнекілігі: қанатты сөздер

Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасып, сыныпты сабаққа бейімдеу. Топтық жұмысқа дайындау.

Кіріспе сөз: Конституцияның мәні

Қазіргі кезеңде еліміз тәуелсіздігін нығайтып, қоғамдық дамудың бағытын айқындап жатқан шақта Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің стратегиялық тұғырнамасына айналды деуге болады.

Мемлекет — белгілі бір аумағы, шекарасы, рәміздері бар және ортақ мүддеге бірігетін халықтың саяси ұйымы. Қазақ халқының төл Конституциясы тарихи құқықтық дәстүрлердің жалғасы ретінде қалыптасты.

Тарихқа көз жүгіртсек, құқықтық нормалардың бастаулары ретінде Кодекс Куманикус (X–XI ғғ.), Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның Жеті жарғысы сияқты заң жүйелері аталады. Бұлар бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Конституциясының рухани-тарихи алғышарттары болды.

ХХ ғасырда КСРО құрамында болған кезеңде де конституциялық құжаттар қабылданды. Ал қазіргі қолданыстағы 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Ата заң биліктің үш тармағын — заң шығарушы (Парламент), атқарушы (Үкімет) және сот билігін — жүйелі түрде айқындап, саяси институттардың қызметін жетілдірді. Ең маңыздысы: Конституцияда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жан-жақты қарастырылған.

Әлемдік тәжірибеде адам құқықтарына қатысты маңызды құжаттардың бірі — 1644 жылы Англияда қабылданған құқықтар туралы актілер дәстүрі. Ал қазіргі заманғы негізгі құжат — Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы — 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ шешімімен қабылданды.

Адам құқықтары мен еркіндіктері терең бекітілген конституциялық үлгілердің қатарында 1787 жылғы АҚШ Конституциясы да бар. Бұл құжат қабылданғанына 200 жылдан асса да, құқықтық мәдениеттің тірегіне айналып отыр: азаматтар өз құқықтарын білуге және қорғауға бейім, ал заң алдында Президент те, қарапайым азамат та тең жауапкершілікке ие.

Қазақстанның Ата заңы да гуманистік қағидаттарға негізделген демократиялық қоғам құру идеясын жалғастырып келеді.

Сабақ құрылымы

Сынып екі топқа бөлінеді (1-топ және 2-топ). Сабақ 8 турдан тұрады. Әр турдан кейін бағалаушы мұғалімдер жауаптың дұрыстығын атап, ұпайларды жариялайды.

Негізгі формат

  • Глоссарий (түсініктерді сәйкестендіру)
  • Блиц-сұрақтар (жылдам жауап)
  • Талқылау (пікір алмасу)
  • Логикалық тапсырмалар (жұмбақтар)

Құндылық өзегі

Құқық пен міндеттің байланысын түсіну, заңға құрмет, азаматтық жауапкершілік және әлеуметтік сананы қалыптастыру.

№1 тур: Глоссарий — «Тәртіп орнат»

Түсініктерді анықтамаларымен сәйкестендіріңіз.

Түсініктер

  1. 1. Құқық
  2. 2. Конституция
  3. 3. Мемлекет
  4. 4. Азамат
  5. 5. Құқық бұзушылық
  6. 6. Президент
  7. 7. Парламент
  8. 8. Егемендік

Анықтамалар

  1. А. Еліміздің негізгі заңы
  2. Б. Мемлекет басшысы
  3. В. Негізгі саяси-қоғамдық ұйым
  4. Г. Тәуелсіздік
  5. Д. Заңдар жүйесі
  6. Е. Заң шығарушы орган
  7. Ж. Заң жүйесін бұзу
  8. З. Құқығы бар ел тұрғыны

Жауабы: 1–Д, 2–А, 3–В, 4–З, 5–Ж, 6–Б, 7–Е, 8–Г

№2 тур: Байқау — «Құқық дегеніміз не?»

Оқушылар спикер арқылы екі топқа бөлінеді. Әр жауаптан кейін мұғалім өз нұсқасымен толықтырады.

Сұрақ–жауап

1) Жеке адамның құқығы дегеніміз не?
Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған және заңмен қорғалатын мүмкіндік.
2) Құқықтың қандай түрлері бар?
Жеке (азаматтық), саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және т.б.
3) Адам құқығы қай уақыттан пайда болады?
Туған сәттен бастап беріледі.
4) Құқықтарды іске асыру үшін не қажет?
Өз міндеттерін орындау және заңды сақтау.
5) Адамның негізгі құқығы қандай?
Өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалану құқығы.
6) Құқық қашан және қайда пайда болады?
Қоғамда тәртіп пен әділеттілік қажет болған жерде құқықтық нормалар қалыптасады.
7) Бостандық деген не?
Бостандық — таңдау жасау мүмкіндігі.
8) Бостандықты не шектейді? Бостандық пен өз қалауымен әрекет ету бірдей ме?
Бостандық басқа адамдардың құқығы мен заң талаптарымен шектеледі; ол жауапкершіліксіз «қалау» емес, саналы таңдау.

№3 тур: Азаматтардың міндеттері

Қоғам тұрақты дамуы үшін азаматтар тек құқықтарын пайдаланып қана қоймай, өз міндеттерін де орындауы тиіс. Екі командадан бір-бір оқушы тақтаға кезекпен міндет жазып отырады. Міндеттерді толық әрі дұрыс жазған топ жеңеді.

Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеттеріне мысалдар

  • Заңдарға бағыну
  • Басқа азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және ар-намысын құрметтеу
  • Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу
  • Салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді төлеу
  • Тарихи және мәдени құндылықтарды сақтау
  • Табиғатты және табиғи байлықтарды қорғау
  • Ата-аналардың балаларға қамқорлық жасауы және міндеттерін орындауы
  • Орта білім алу
  • Қазақстан Республикасын қорғау

№4 тур: Талқылау — «Жаза мен қылмыс»

Талқылауға арналған сұрақтар

  1. 1) Жол ережесін бұзу қылмысқа жата ма? Неге?
  2. 2) Адамды қылмыс жасаудан не сақтайды: құқықтық білімі ме, әлде ар-ожданы ма?
  3. 3) Қылмыс жасаған адам үшін қоғам қаншалықты жауапты?
  4. 4) Қылмыскерге рақымшылық беруге көзқарасыңыз қандай?
  5. 5) Заңға немқұрайлы қарау неден басталады деп ойлайсыз?
  6. 6) Жайбарақаттық (селқостық) құқық бұзушылыққа апара ма?

№5 тур: «Конституцияңды білесің бе?»

Конституциялық ұғымдар мен баптарға қатысты қысқа сұрақтар.

Сұрақтар (1–8)

  1. 1) Мемлекеттік биліктің қайнар көзі? Халық (3-бап)
  2. 2) Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? 1992 жылы
  3. 3) ҚР азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын алуға құқылы ма? Жоқ (10-бап)
  4. 4) Ұлтымды және дінімді айқындауға құқығым бар ма? Иә (19-бап)
  5. 5) Еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауға құқығым бар ма? Иә (23-бап)
  6. 6) Президент сайлауы қашан өтеді? Желтоқсанның бірінші жексенбісінде (44-бап)
  7. 7) Президент кәсіпкерлік қызметпен айналыса ала ма? Жоқ (43-бап)
  8. 8) ҚР-ның жоғары өкілетті органы? Парламент (49-бап)

Сұрақтар (9–15)

  1. 9) Үкімет қызметін ұйымдастырушы кім? Премьер-Министр (67-бап)
  2. 10) Атқарушы билікті жүзеге асыратын орган? Үкімет (64-бап)
  3. 11) Премьер-Министр орнынан түскенде, ненің өкілеттігі тоқтайды? Үкіметтің (70-бап)
  4. 12) ҚР қолданыста нешінші Конституция? Екінші
  5. 13) «Заң құдайы» кім? Фемида
  6. 14) ҚР азаматы болуға қашан құқылысыз? Дүниеге келген кезде (12-бап)
  7. 15) ҚР-ның негізгі мерекелері: Конституция күні, Республика күні, Тәуелсіздік күні

№6 тур: Жұмбақ

1-жұмбақ

Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек,
Ондайлар отаныма өте керек.
Тәуке хан жазған екен заң жинағын,
Тапсаңдар болғандарың асқан зерек.

Жауабы: Жеті жарғы

2-жұмбақ

Мерекең құтты болсын, ұстаздарым,
Оқушы, келім-кетті бар достарым.
Тәуелсіздік заңы қабылданған,
Жылын тап, мықты болсаң, біз тосалық.

Жауабы: 1991 жыл

3-жұмбақ

Еліме білім керек, ғылым керек,
Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып.
Білесің бе Нұрекеңнің төл еңбегін,
Жазған екен болашаққа көзін тігіп.

Жауабы: «Қазақстан – 2030»

4-жұмбақ

Жақсы ел шығарып заң игілікті,
Депутат заң шығарып билік қыпты.
Парламент палатасы нешеу екен,
Таба алсаң бұл жауапты игі екен.

Жауабы: Екі

Қорытынды сұрақтар

Ойлануға

«Бақытты өмір» дегенді қалай түсінесіз?

Әрекетке

Бақытты өмір сүру үшін не істеу керек?