Қосу және азайту
Сабақ тақырыбы: Қосу және азайту (23 + 7, 30 − 7)
Мақсаттары
Оқушылар берілген санды қосу және азайту ұғымдарын түсінеді, осы білімді қолдана отырып есептер шығаруды үйренеді.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар қосу мен азайтуды өзге тақырыптармен салыстыра отырып ажыратады, негізгі қасиеттерін меңгереді және есеп шығару барысында білімін практикада көрсетеді.
Модульдер
- АКТ — ақпараттық-коммуникативтік технологиялар
- СТО — сын тұрғысынан ойлау
- ОЖЕ — оқушылардың жас ерекшеліктері
- ТжДОЖ — талантты және дарынды оқушылармен жұмыс
- ОБжК — оқытуды басқару және көшбасшылық
- ОҮБжОБ — оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
- ДО — диалогтық оқыту
Бағалау түрлері
Өзін-өзі бағалау (ӨӨБ)
Оқушы өз нәтижесін критерий бойынша талдайды.
Жұптық бағалау (ЖБ)
Жұппен жұмыс кезінде өзара кері байланыс береді.
Топтық бағалау (ТБ)
Топтағы үлес пен орындау сапасы бағаланады.
Жиынтық бағалау (ЖБағ)
Сабақ соңындағы қорытынды нәтиже тіркеледі.
Қажетті ресурстар
- Тақта
- Стикерлер
- Постерге арналған қағаздар
- Маркерлер
- Бағалау парақтары
Сабақ барысы
Сабақ құрылымы уақытқа бөлініп, әр кезеңде оқушылардың белсенді қатысуын арттыратын әдіс-тәсілдер қолданылады.
Қызығушылықты ояту
2 минут
Үй тапсырмасына байланысты қысқа сұрақтар арқылы оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру.
Түсіну
7 минут
Өткен тақырыпты қайталау және жаңа сабақтың тақырыбын бірлесіп ашу.
Қолдану
10 минут
Қосу мен азайту тақырыбына сай тапсырмалар орындау, негізгі ұғымдарды қолдану.
Сергіту сәті
1 минут
«Кірпі биі» жаттығуы арқылы қысқа сергіту жасау.
Талдау
15 минут
Тақырыпты талдау, сұрақ-жауап арқылы ойлау дағдысын дамыту және есептер шығарту.
Жинақтау
5 минут
Ойын форматы арқылы сабақты қорытындылау және жылдам жауап беру дағдыларын бекіту.
Бағалау
Бағалау парақтары арқылы өзін-өзі, жұптық, топтық және жиынтық бағалау жүргізіледі.
Уақыты
2 минут
Рефлексия
«Ай әдісі» бойынша оқушылар бүгінгі сабақ туралы қысқаша пікірін жазады.
Уақыты
2 минут
Үй тапсырмасы
4-есеп.
Уақыты
1 минут
Автор туралы
Майдантал жалпы орта мектебінің III деңгейлі, жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі — Тұрғанбекова Пернегүл Майдановна.