Сөзге мақал құрастыру

Мақсаты

«Сөз мәйегі — мақал» дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздер арқылы оқушыларды адамгершілікке баулу, ойды нақты әрі дұрыс жеткізуге, тапқыр да мәдениетті сөйлеуге үйрету.

Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тілге құрметті күшейту және білімге құштарлық пен ізденімпаздықты дамыту.

Бастауыш сыныптар арасында тіл апталығы аясында 3–4-сынып оқушыларынан құралған 4 қатысушы/топ сайысқа қатысады.

Мақал-мәтел туралы қысқаша

Мақал-мәтел дегеніміз не?

Мақал-мәтел — ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі шағын болғанымен, уақыт өте мағынасы тереңдеп, құндылығы артып, қымбат қазынаға айналады.

Бұл — тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Ол ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, ойды ширатады, сөз мәдениетін қалыптастырады.

Мақал мен мәтелдің айырмашылығы

  • Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады; ой нақты әрі толық жеткізіледі.
    Мысал: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» — ел мен жерді қорғау азаматтың парызы екенін білдіреді.
  • Мәтелде ой тікелей айтылмай, тұспалдап, жанамалап беріледі.
    Мысал: «Көппен көрген — ұлы той» — қандай жағдай болса да, халықпен бірге көру, тек өз қамын ойламау мағынасын меңзейді.

Сайыстың өтілу барысы

Сайыстың негізгі мақсаты — оқушының білімге деген құштарлығын арттыру, ізденімпаздығын күшейту, оқу деңгейін көтеру және ойды нақты жеткізіп, тапқыр сөйлеп, салмақты пікір айтуға үйрету.

1-тур: «Кім көп біледі?»

Қатысушы топтар 1 минут ішінде кезекпен мақал-мәтел айтады. Айтылған мақал саны — ұпай саны.

2-тур: «Мақал — сөздің мәйегі»

Тақтада мақал-мәтелдің басы беріледі, қатысушылар жалғастырады.

  1. 1Жақсы кісі байқап сөйлер, жаман кісі шайқап сөйлер.
  2. 2Ер еліне, ит иесіне.
  3. 3Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
  4. 4Өнер — ағып жатқан бұлақ, білім — жанып тұрған шырақ.
  5. 5Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді.
  6. 6Көз жетпеген жерге, сөз жетеді.
  7. 7Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.
  8. 8Дұшпаны көптер сақтана жүреді, досы көптер мақтана біледі.
  9. 9Жалған достан жау артық.
  10. 10Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын.
  11. 11Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
  12. 12Отан үшін күрес — елге тиген үлес.

3-тур: «Кім тапқыр?» (жұмбақтар)

Жұмбақ — бір нәрсені тұспалдап, ұқсастық арқылы сипаттап, шешуін тапқызатын сөз өнері. Жауабын дұрыс тапқаннан кейін, сол жауапқа сәйкес мақал айту қажет.

Үлгі

Тұрғанмен жырақ өзі,
Таусылмайтын шырақ көзі.
Жауабы: Күн

1) Жұмбақ

Шыңдары шырқау, көшіп жүр бір тау.

Жауабы: Түйе

Мақал: «Көрмес түйені де көрмес.»

2) Жұмбақ

Жайған жастық сөгілді, аппақ мамық төгілді.

Жауабы: Қар

Мақал: «Қалауына тапса, қар жанады.»

3) Жұмбақ

Желден желігеді, судан шегінеді.

Жауабы: От

Мақал: «Отан — оттан да ыстық.»

4) Жұмбақ

Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді.

Жауабы: Су

Мақал: «Судың да сұрауы бар.»

5) Жұмбақ

Өзімнен өзгенің бәрін көремін.

Жауабы: Көз

Мақал: «Көз қорқақ, қол батыр.»

6) Жұмбақ

Сылдырдан қорқады, шошынып жортады.

Жауабы: Қоян

Мақал: «Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді.»

4-тур: «Даналық ойдан дән ізде»

Шарты: топтар ұяшықтағы нөмірді таңдап, берілген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп, қысқаша талдайды.

  1. 1-ұяшық: «Апама жездем сай.»
  2. 2-ұяшық: «Тасты жерде егін болмас, текті бала тегін болмас.»
  3. 3-ұяшық: «Азға қанағат етпеген, көптен құр қалар.»
  4. 4-ұяшық: «Жалған достан жау артық.»

5-тур: «Мықты болсаң, озып көр»

Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу.

  • Ақсақ қой түстен кейін маңырайды кеш, жай
  • Тілдің ұшында тұр ұмытып қалу, айта алмау
  • Ит өлген жер алыс, қашық
  • Қас пен көздің арасында лезде, тез, жылдам
  • Төбе шашы тік тұру қорқу, үрейлену
  • Тайға таңба басқандай анық, нақ
  • Үріп ауызға салғандай өте әдемі, көрікті

6-тур: «Көрермендер көрімдігі»

Көрермендер берілген сөздерге мақал құрастырады.

Тірек сөздер

Қайғысыз, қара суға, семіреді.

Қорытынды

Осымен сайыс аяқталады. Сөз кезегі — қазылар алқасында.

Жеңімпаз топ марапатталып, қатысушылардың еңбегі бағаланады.