Заттың атын білдіретін сөздерге мысал келтір

Бейнеу ауданы

Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып

Мұғалім

А. Абенова

Сабақтың тақырыбы

«Я» әрпінің жазылуы

Күтілетін нәтиже

Сөзде йа дыбыстары естілгенімен, жазуда олардың орнына я әрпі жазылатынын үйренеді. Сондай-ақ сөздегі и әрпінен кейін а жазылмай, я жазылатынын меңгереді.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

«Я» әрпінің айтылуы мен жазылуын ажырата білуге үйрету және сауатты жазуға баулу.

Міндеттері

  • Жұмбақ шешуге дағдыландыру.
  • Жатқа жазу арқылы сауаттылықты арттыру.
  • Тиісті әріпті дұрыс қоюды үйрету.
  • Жасырын сөзді табуға ынталандыру.
  • Белгіленген тақырыпта өз ойын еркін жеткізуге машықтандыру.

Ресурстар

«Пирамида» ойыны Жемістер мен көкөністер суреттері Сигналдық белгілер Смайликтер АКТ

Тапсырмалар картасы

Тапсырмалар төмендегі ретпен орындалады. Әр тапсырма модульдермен байланысты көрсетілген.

  1. 1-тапсырма: Өткенді қайталау

    Алдыңғы білімді еске түсіру, бекіту.

    1-модуль: ОмОЖТ
  2. 2-тапсырма: «Пирамида» ойыны

    Ойлау мен талдауды ойын формасында дамыту.

    2-модуль: СТО 5-модуль: ТжДБО
  3. 3-тапсырма: 66-жаттығу — «Кім шапшаң?»

    Жылдамдық пен дәлдікті қатар дамыту.

    6-модуль: ОЖЕСОжО
  4. 4-тапсырма: 67-жаттығу

    Тақырыпты тереңдетіп бекіту.

    5-модуль: ТжДБО
  5. 5-тапсырма: 68-жаттығу

    Сыни ойлау және өзара бағалау элементтері.

    2-модуль: СТО 6-модуль: ОЖЕСОжО
  6. 6-тапсырма: 69-жаттығу — постер қорғау

    Топтық жұмыс арқылы түсіндіру және дәлелдеу.

    1-модуль: ОмОЖТ 2-модуль: СТО 3-модуль: ОүБжОБ

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

  • Критерий бойынша өзін-өзі бағалау.
  • Смайликтер арқылы бірін-бірі бағалау.

Кейінгі тапсырма

70-жаттығу: берілген сөздерді қатыстырып әңгіме құрастыру.

Сабақтың кезеңдері

1) Ұйымдастыру

Сыныппен байланыс орнату, жылы атмосфера қалыптастыру.

Шаттық шеңбері (өлең)

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын алайық,

Жүрекке жылу салайық,

Жиналған жылы шуақты

Бір-бірімізге шашайық.

2) Өткен сабақты еске түсіру

Ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында сұрақ-жауап жүргізіледі.

Маусымдық байланыс

Сұрақ: Қазір жылдың қай мезгілі?

Жауап: Күз.

Сұрақ: Күз мезгілі несімен ерекше?

Жауап: Мол өнімімен: жемістер, көкөністер, дәнді-дақылдарымен.

Ынталандыру

Мұғалім оқушыларға жемістер ұсынады. Әр оқушы өзіне ұнайтын жемісті таңдайды: алма, алмұрт, жүзім, өрік.

Қайталау сұрақтары

  1. 1. Тіл не үшін керек?
  2. 2. Ауызекі сөйлеу дегенді қалай түсінесің?
  3. 3. Жазбаша сөйлеу дегеніміз не?
  4. 4. Сөздерді буынға бөл: ақ, отау, бауырсақ.
  5. 5. Заттың атын білдіретін сөздерге мысал келтір.
  6. 6. Заттың сынын білдіретін сөздерге мысал келтір.
  7. 7. Заттың санын білдіретін сөздерге мысал келтір.
  8. 8. Қимыл атауын білдіретін сөздерге мысал келтір.
  9. 9. Берілген сөздерге у әрпін қосып айт: қу, жу, бу, сау.
  10. 10. Сөздерге у әрпін қосып айт: жылы, бекі, жоры.
  11. 11. Сыйлық сөзін қатыстырып сөйлем құра.
  12. 12. Ерте заманда адамдар бір-біріне қалай хабар берген?
  13. 13. Қазіргі кезде адамдар бір-біріне қалай хабар береді?
  14. 14. Түсіп қалған әріпті қойып, сөздерді ата: сер…, с…сын, ж…а, аш…дас.
  15. 15. Түсіп қалған әріпті қойып, сөздерді ата: …не, б..ік, к…із, ж…ек.
  16. 16. Осы топқа жатпайтын сөзді тап: үйрек, қаз, қоян, аққу.
  17. 17. «Я» дыбысы бар сөздерге мысал келтір.

Ескерту

Мәтін соңындағы “Толық нұсқасын жүктеу” жолы бастапқы дереккөзден алынған белгі ретінде берілген және сабақ жоспарының мазмұнына кірмейді.