Ойша саяхат сабағы

Алматы облысы, Райымбек ауданы

№3 Кеген орта мектебі МДШО КММ

Химия пәні мұғалімі: Мухамдиев Акпаржан

Сынып

8

Сабақтың тақырыбы

Химиялық ұғымдар

Сабақтың мақсаттары

Білім беру

Ойша саяхат арқылы оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Ойша саяхат арқылы танымдық қабілеттерін дамыту, ойлау жүйесін тереңдету.
  • Химия тілінде сауатты сөйлеуге үйрету.
  • Реакция теңдеулерін құру және теңестіру, есептер шығару дағдыларын жетілдіру.
  • Өз бетінше сөйлеу мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Топпен жұмыс барысында бірлесіп әрекет етуге, жауапкершілікке және іскерлікке баулу; жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

Сабақтың форматы

Сабақтың түрі

Ойша саяхат сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Модульдік интерактивті оқыту технологиясы, топтық жұмыс, жеке тапсырмалар.

Көрнекіліктер

  • Қазақстан Республикасының картасы
  • Тапсырмалар, үлестірмелер, суреттер
  • Жетондар, сұрақ-жауаптар, жауап парағы

Ұйымдастыру

Топқа бөлу

5 оқушыдан тұратын 4 топ құрылады. Әр топта 1 саяхат жүргізуші (жетекші) тағайындалады.

Деңгейлік тапсырмалар

Үлестірмелі тапсырмалар 3 деңгей бойынша ұсынылады: сары, жасыл және көк.

Сары — 3 ұпай Жасыл — 4 ұпай Көк — 5 ұпай

Ойша саяхат Көмірші кентінен басталады. Әр бекетте «Химиялық ұғымдар» тарауы бойынша тапсырмалар орындалады.

Бекет №1: «Менен сұрақ — сізден жауап»

Оқушылар қысқа әрі нақты жауап береді. Белсенділік пен дәл жауап үшін фишка (ұпай) беріледі.

  1. 1) Химия пәні нені зерттейді?

  2. 2) Таза заттар деп қандай заттарды айтамыз? Қоспа дегеніміз не?

  3. 3) Атом деген не? Молекула деген не?

  4. 4) Жай заттар дегеніміз не?

  5. 5) Күрделі заттар дегеніміз не?

  6. 6) Валенттілік дегеніміз не?

  7. 7) Зат массасының сақталу заңы дегеніміз не?

    Талқылауға арналған дәйексөз

    «Табиғатта болатын күрделі өзгерістердің мәні мынадай: бір денеден қанша кемісе, басқасына сонша қосылады; яғни бір жерден қанша материя азайса, басқа жерде ол сонша көбейеді».

    М. В. Ломоносов, 1748 жыл.

    Осы ойды қалай түсіндіресіңдер? (Реторта тәжірибесі арқылы негіздеуге болады.)

  8. 8) Атом-молекулалық теорияның негізін салған кім?

  9. 9) Реагент деген не?

  10. 10) Өнім деген не?

  11. 11) Авогадро саны (NA) дегеніміз не? 1 моль затта қанша бөлшек болады?

  12. 12) Химиялық реакциялардың негізгі типтерін атаңдар.

Бағалау

Жауап берген оқушыларға фишка беріледі: көк — 5, жасыл — 4, сары — 3.