Менің отбасымнан алған тәрбием
Сабақтың мазмұны мен бағыты
Сынып
Қазақ тілі, 9-сынып
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Қолданылатын әдістер
- Сұрақ-жауап
- Топтастыру
- Тірек-сызба
Тақырып
Менің отбасымнан алған тәрбием. Себеп–салдар салалас құрмалас сөйлем.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Оқушылардың отбасы туралы түсінігін қалыптастыру.
- Отбасы мүшелерінің атауларын дұрыс әрі анық айтуға үйрету.
- Әр отбасының өзіндік ерекшелігі бар екенін түсіндіру, ұғымды кеңейту.
- Отбасы мүшелерінің міндеттері мен өзара қарым-қатынасы туралы әңгімелеу.
- Түрлі тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық
- Ой-өрісін, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Мәдени ұқыптылық пен әдептілік қасиеттерін жетілдіру.
- Топта жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
- Пәнге қызығушылығын және дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік
- Сауаттылыққа, жинақылыққа және еңбексүйгіштікке баулу.
- Үлкенді сыйлау, бір-бірін тыңдау және қадірлеу мәдениетін қалыптастыру.
- Шығармашылыққа және жан-жақты дамуға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру және психологиялық дайындық
Өлең жолдары:
Қуан, шаттан! Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін.
Баршаңызға қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Бүгін біз де күндей жадырап, сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге шын жүректен жақсы тілектер айтайық. Мұғалім өз тілегін білдіреді, оқушылар да бір-біріне жылы лебіздерін жеткізеді.
2) Мотивациялық кезең: жұмбақ
Маған да, саған да,
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын.
Оңға оқы, солға оқы —
Өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұртың.
Айтшы, кәне, кім атын?
Жауабы: ана, апа, аға, іні, ата.
Осы сөздердің бәрін бір сөзбен отбасы деп атаймыз. Сабақтың мақсат-міндеттері таныстырылады.
3) Үй жұмысын тексеру
3-тапсырма: «Айрандай ұйыған» тақырыбына шағын шығарма. 1–2 оқушы жұмысты оқып береді.
4) Ойтолғау
Сұрақ: «Өзіңнің отбасың туралы айтып бер». Оқушылардың жауаптары тыңдалып, ойлары талданады.
5) «Білгенге маржан, білмегенге арзан»
Отбасы туралы мақал-мәтелдер айту және мағынасын талқылау.
6) Жаңа сөздер
| Қазақша | Орысша |
|---|---|
| тікелей | прямой |
| үрім-бұтақ | поколение |
| қамқорлық | забота |
| міндетті | обязаны |
| құқықтық | правовой |
7) Мәтінмен жұмыс
Тапсырмалар
- Мәтінді түсініп оқы.
- Мәтін бойынша сұрақтар құрастыр.
- Мәтінге тақырып қой.
Отбасы — әр адамның шағын отаны. Адам отбасында өсіп-өніп, тәрбие алады. Біз жастайымыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы, үлкендерді сыйлауды және жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Ең жақын, ең қымбат жандарымыз да — қасымызда бірге болатын отбасы мүшелері.
Отбасы ата-әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Тікелей үрім-бұтағы ата-анасын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған.
Қазақстан Республикасының Конституциясында ата-аналар мен балалардың құқықтық қарым-қатынастары заңмен бекітілген. Ата-аналар балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да әке-шешесі қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.
8) Сергіту сәті
Кел, санайық екеуміз:
Бас бармағым — атам,
Балаң үйрек — апам,
Ортан терек — ағам,
Шылдыр шүмек — мен,
Кішкене бөбек — сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде бесеуміз.
9) Қосымша мәлімет
Есіңде болсын
- 2006 жыл — Қазақстан Республикасында «Отбасы жылы» болып жарияланды.
- 2013 жылғы 8 қыркүйек — Қазақстанда алғаш рет «Отбасы күні» аталып өтті.
Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл мереке қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтеді. Ел Президенті мемлекет отбасыдан басталатынын және қоғамда негізгі отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңызын ерекше атап өткен.
10) Диалог құрастыру
Тақырыптар: «Отбасындағы тәрбие», «Менің отбасымнан алған тәрбием». Оқушылар жұппен немесе топпен диалог құрастырады.
11) Грамматика: себеп–салдар салалас құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының (немесе соңғысы алдыңғысының) себебін білдірсе, ол себеп–салдар салалас құрмалас сөйлем деп аталады.
Жалғаулықтары
Тапсырма
Сызба негізінде «Отбасындағы тәрбие» тақырыбына сөйлемдер құрастырыңдар:
- [ ― ꞊꞊꞊꞊ ], сондықтан [ ― ꞊꞊꞊꞊ ].
- [ ― ꞊꞊꞊꞊ ], себебі [ ― ꞊꞊꞊꞊ ].
- [ ― ꞊꞊꞊꞊ ], өйткені [ ― ꞊꞊꞊꞊ ].
- [ ― ꞊꞊꞊꞊ ], неге десең [ ― ꞊꞊꞊꞊ ].
Шағын эссе
Бір тақырыпты таңдап, шағын эссе жазыңдар:
- Қазақ халқы «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген. Жасы үлкенге құрмет көрсету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу — ата дәстүріміз.
- Лев Толстой: «Үйінде бақытты адам — ең бақытты адам».
- А. С. Пушкин: «Ата-бабасын сыйламау — азғындықтың белгісі».
12) Қорытынды сұрақтар
Саған отбасында қандай тәрбие беріледі?
Отбасында бала тәрбиесімен кім айналысады, кім айналысуы керек?
Қазақ отбасында әке мен шешенің орны қандай?
Отбасы тәрбиесі туралы қандай мақал-мәтелдер білесің?
13) Үй жұмысы
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» мақалын түсіндіріп, мағынасын ашатын шағын шығарма жазу.
Топтық тапсырма: сөздерді дұрыс құрастыру
I топ
- Отбасымыз — бұл біздің бар байлығымыз.
- Менің інім бар.
- Мен ініме ертегілер оқимын.
- Мен отбасымды жақсы көремін.
II топ
- Менің отбасым шағын.
- Мен үшінші сыныпта оқимын.
- Менің анам әдемі.
- Мен сабақ оқып отырмын.
III топ
- Атам газет оқып отыр.
- Менің үйім үлкен.
- Менің анамның аты — Маржан.
- Менің әпкем он төрт жаста.
IV топ
- Менің әпкем мектепте оқиды.
- Менің кішкентай інім бар.
- Әжем мені мектепке апарады.
- Мен атамды да, әжемді де жақсы көремін.