Мезолиттің еңбек құралдарын ата

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы

№100 орта мектебі • Тарих пәні мұғалімі: Сағымбаева Жансая Мергенбайқызы

Сабақтың тақырыбы

Орта тас ғасыры (мезолит) — б.з.б. 12–5 мың жыл.

Сабақтың мақсаты

  • Мезолит дәуірінің хронологиялық шеңбері, ерекшеліктері және қоғамдағы өзгерістер туралы түсінік қалыптастыру.
  • Қарастырылған тарихи кезеңге өзіндік баға беруге үйрету.

Ұйымдастыру және формат

Көрнекі құралдар
Қазақстан картасы, интерактивті тақта, тірек-сызба
Сабақтың түрі
Аралас
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ–жауап, тест
Формасы
Топтық жұмыс

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, оқу ортасын реттеу.

2) Үй тапсырмасын сұрау

«Кім жылдам, кім тапқыр?»

Оқушылардың үй жұмысына дайындығы сұрақтар арқылы жедел тексеріледі.

Сәйкестендіру тапсырмасы

Оқушылар ұғымдарды сызық арқылы тиісті жауаптарымен сәйкестендіреді.

Австралопитек Епті адам
Питекантроп Тік жүретін адам
Синантроп Қытай адамы
Неандерталь Саналы адам
Кроманьон Қазіргі адамға ұқсас

Ескерту: сәйкестендіру жауаптары мұғалімнің алдыңғы тақырып бойынша таңдаған мазмұнына сәйкес беріледі.

Үй тапсырмасын бекіту: тест

Бір дұрыс жауап
  1. 1) Кейінгі палеолиттің мерзімі

    • А) б.з.б. 40–12 мың жыл
    • Ә) б.з.б. 2,6–40 мың жыл
    • Б) б.з.б. 10–6 мың жыл
  2. 2) Кейінгі палеолитте қалыптасқан адам

    • А) Епті адам
    • Ә) Қытай адамы
    • Б) Саналы адам
  3. 3) Туысқан адамдар ұжымының атауы

    • А) Адамдар тобыры
    • Б) Рулық қауым
  4. 4) Неандерталь адамының табылған жері

    • А) Бельгия
    • Ә) Германия
    • Б) Қытай
  5. 5) Неандерталь адамы өмір сүрген кезең

    • А) Энеолит
    • Ә) Мезолит
    • Б) Мустье

Жаңа сабақ

Мезолит дәуірінің негізгі жаңалықтары

  • Микролиттер — ұсақ, өткір қырланған тас құралдар.
  • Садақ пен жебе — аңшылық тиімділігін арттырған маңызды жаңалық.

Археологиялық ескерткіштер

Солтүстік Қазақстан

Мичурин, Боголюбово, Явленка, Тельман, Виноградовка, Дачная, Евгеньевка, Дүзбай, Селетин, Ерейментау, Екібастұз.

Орталық Қазақстан

Әкімбек, Қарағанды.

Қорытынды сұрақтар

  1. 1. Мезолит дәуірінде қандай өзгерістер орын алды?
  2. 2. Мезолиттің еңбек құралдарын ата.
  3. 3. Мал өсірудің аңшылықтан қандай айырмашылығы бар?
  4. 4. Қазақстан аумағында қандай мезолиттік тұрақтар белгілі?
  5. 5. Мезолиттің хронологиялық шеңберін ата.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары, топтық жұмыстағы белсенділігі және тест нәтижелері бойынша бағаланады.

Үй тапсырмасы

§4-ті оқу, негізгі ұғымдарды қайталау және қорытынды сұрақтарға қысқаша жауап дайындау.