Қазақстан картасы өлеңін мәнерлеп оқыту

Сабақ тақырыбы

Тасымал. «Біздің ту»

Сабақтың мақсаттары

  • Білімдік: тасымал туралы түсініктерін пысықтау және бекіту; Қазақстан туы туралы әңгімелеу.
  • Дамытушылық: ойлау мен сөйлеу қабілеттерін дамыту; сөздерді тасымалдау машықтарын нығайту.
  • Тәрбиелік: туған ел құндылықтарын бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Көрнекіліктер мен құралдар

  • Рәміздер суреттері
  • Плакаттар
  • Өлең шумақтары

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Әңгіме
  • Мақал-мәтел
  • Ойын

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды сабаққа дайындау.
  • Сабақтың мақсаттарын хабарлау.
  • Көңіл-күйін сұрау, сабаққа ынталандыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. «Қазақстан картасы» өлеңін мәнерлеп оқыту.
  2. 75-жаттығуды тексеру.
  3. Өлеңдегі жер-су атауларын жатқа айтқызу, картадан көрсету.

III. Өткен материалды қайталау және бекіту

  • Білімдерін жан-жақты тексеру.
  • Қызықты тапсырмалар орындату.
  • «Ойлан, тап!» дидактикалық ойынын ойнату.

IV. Кіріспе әңгіме

  • Егемен еліміз туралы әңгімелету.
  • Ту, елтаңба, әнұран туралы білетіндерін айтқызу.

V. Жаңа сабақ: Тасымалданбайтын сөздер

Негізгі ереже

Ереже: бір буынды сөздер және құрамында бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер жазу жолына сыймаған жағдайда тасымалданбайды.

Мұндай екі буынды сөздерді ешқашан тасымалдауға болмайды — оларды тұтастай жазу қажет.

76-жаттығу

  • Өлеңді оқыту.
  • Талдау.
  • Көшіріп жазу.
  • Тасымалданбайтын сөздерді табу.

Дәптермен жұмыс

«Ана тілі» жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен рет-ретімен орындау.

Сергіту сәті

Күнді құшқан қас қыран,

Аясында қалқыған

Аспан түсті туым бар

Көк теңіздей шалқыған.

77-жаттығу

  • Тасымалдауға болмайтын екі буынды сөздерді буынға бөліп оқыту.
  • Әдеби мәтін тапсырмасымен жұмыс.

Тудың суретін көрсету. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы — Шәкен Ниязбеков.

Бүгін танысатын өлең: «Біздің ту». Авторы — Тұманбай Молдағалиев.

  • Автор туралы қысқаша мәлімет беру.
  • Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
  • Оқушылардың кезекпен оқуы.
  • Өлең мазмұнын айтқызу.

Мақал-мәтелдер

  1. Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
  2. Көк тудың желбірегені — жаныма қуат береді.

VI. Жаңа материалды пысықтау

Сұрақтар қою арқылы оқушылардың түсінігін нақтылау және білімін пысықтау.

VII. Бекіту кезеңі

  1. Сөздік диктант.
  2. Тасымалдауға келмейтін сөздердің астын сыздыру; буын түрлерін ажырату.

VIII. Үй тапсырмасы және бағалау

  • «Біздің ту» өлеңін мәнерлеп оқу.
  • Тасымалданбайтын сөздер туралы ережені қайталап, жаттап келу.
  • Оқушылардың белсенділігін бағалау.