Түйебайдың ауыл молдасында оқуы

№11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Сейтенова Ақкүн Жамбылқызы

Сабақтың тақырыбы

Б. Майлин «Түйебай» әңгімесі

Сабақ параметрлері

Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, проблемалық, Венн диаграммасы
Көрнекілігі
Б. Майлин кітаптары, буклет, слайд
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, тарих

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат бере отырып, «Түйебай» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын ашу. Әңгіме арқылы сол кезеңдегі молдадан сауат ашудың шынайы көрінісімен таныстырып, мәтін мазмұнын меңгерту.

Дамытушылық

Тіл көркемдігін таныта отырып, оқушыларды өз бетінше ізденуге, кейіпкер бейнесін талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік

Оқушыларды білімге, еңбекке, адамгершілік пен ізгі қасиеттерге баулу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Бастау
  • Сәлемдесу.
  • Кезекшінің мәлімдемесі.
  • Жаңа сабаққа назар аударту.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Қайталау

а) Мәнерлеп оқу

С. Сейфуллиннің «Далада» өлеңін мәнерлеп оқып келу.

ә) Талдау сұрақтары

  1. Ақын асау тұлпардың шабысын қалай суреттейді? Кең дала мен жасыл жайлауды елестеткенде қандай әсер туады?
  2. Шабандоз баланың ән салғандағы көңіл күйі қалай берілген?
  3. Ақын өлеңін кімдерге арнаған? Жастарға қандай тілек айтады?
  4. Мақсатқа, арманға жету жолындағы қиындықтарды қалай жеңуге болады?

III. Жаңа сабақ

Негізгі бөлім

1) Жазушының өмірі мен шығармашылығы: Бейімбет Майлин

Бейімбет Майлин 1894 жылы қазіргі Қостанай облысында дүниеге келген. Жастайынан ата-анасынан айырылып, жетімдіктің зардабын тартып, байларға жалданып еңбек еткен.

Алғаш ауыл молдасынан сауат ашып, кейін Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша-қазақша мектепте, Уфадағы «Ғалия» медресесінде білім алған.

1916–1919 жылдары мұғалімдік қызмет атқара жүріп, жазушылықпен де айналысады. Сол кезеңде шыққан ауыл газеттері мен «Айқап» журналында еңбектері жарияланып тұрған.

Бейімбет — поэзия, проза, драма салаларында өнімді еңбек еткен қаламгер. Қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін кеңейтіп, көркемдік деңгейін көтеруге елеулі үлес қосты.

Поэмаларының мысалдары

«Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі», «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» — тақырып әр алуандығымен, оқиға тартымдылығымен және өзіндік тіл стилімен ерекшеленеді.

Жазушы дарыны прозалық шығармаларында айрықша жарқырай көрінді. Қазақ прозасында, әсіресе әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Әңгімелері өмір шындығын дәл көрсетуімен, реалистік қуатымен, көркемдік өресімен және тақырып байлығымен дараланады.

Оның «Шұғаның белгісі» повесі, «Күлпаш», «Даудың басы — Дайрабайдың көк сиыры» сияқты көптеген әңгімелері оқырманға кең танымал. Солардың бірі — «Түйебай» әңгімесі.

1938 жылы Бейімбет Майлин жазықсыз тұтқындалып, саяси репрессия құрбаны болды.

2) Жоспар бойынша әңгімені түсіндіру

  1. Қоржынтомар жайлауы.
  2. Түйебайдың ауыл молдасында оқуы.
  3. Түйебайдың молдадан таяқ жеуі.
  4. Молдамен қоштасуы.
  5. Қойшы Түйебай.
  6. Кездесу.

3) Жоспарға сүйене отырып, сұрақтар қою

  1. Әңгіме неге «Түйебай» деп аталған? Өз ойыңды дәлелде.
  2. Осы әңгіме арқылы жазушы қандай ой айтқысы келеді?
  3. Түйебайдың молдадан білім алған жағдайы қандай болды?
  4. Неліктен ол: «Шоқынып кетсем де, молданың алдын көрмеймін» деді?
  5. Түйебайдың ата-анасының тұрмыс-тіршілігі қандай еді?
  6. Неліктен ол: «Аштан өлсем де, байдың қойын бақпаймын» деп айта алмады?
  7. Досымен кездескенде досы «Сен бақыттысың ғой» демесе де, мұны көзқарасынан қалай аңғаруға болады?

4) Сөздікпен жұмыс

Түсіндірме
Шүрегей үйректер
Ең кішкентай жабайы үйректер.
Сүрме
Кірпік пен қасты бояйтын, қынадан жасалған бояу.
Бақыр
Бұл жерде: мыстан жасалған ұсақ тиын.
Жат
Бұл жерде: мұғалімнің айтуымен жазылатын жазба жұмысы.
Екінді
Бесін мен ақшам арасындағы мезгіл.
Бесін
Түс ауып, күн еңкейген кез.
Имандық
Адамгершілік және адамгершілік ережелері.
Доңыз
Шошқа.

5) Оқулықпен жұмыс

«Түйебай» әңгімесі бойынша кейіпкер бейнесін талдау.

6) Әңгімені композициялық құрылысына қарай талдау

Басталуы

Қоржынтомар жайлауы.

Байланысы

Молдадағы оқу.

Шиеленісуі

Молданың Түйебайды жиі сабауы.

Шарықтау шегі

Түйебайдың оқуды тастауы.

Шешімі

Түйебайдың қой бағуы.

Түйін

  • Тақырыбы: оқушыларды оқу-білімге шақыру.
  • Идеясы: Түйебай образы арқылы сол дәуірдегі кедей балалардың тағдырын таныту.
  • Тапсырма: мәтіннен көркемдегіш құралдарды табу (портрет, пейзаж).

IV. Сабақты бекіту

Рефлексия

Оқушылар пікірі

Тақырып бойынша ой қорытындысын айту, дәлел келтіру.

Салыстыру тапсырмасы

Кеңес дәуіріндегі молдадан оқу мен қазіргі білім алу жүйесінің айырмашылығын анықтау (Венн диаграммасы).

V. Сабақты қорыту

Қорытынды

Бейімбет Майлиннің шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасай береді.

VI. Бағалау

Оқушы белсенділігі, жауап сапасы, талдау дағдысы және шығармашылық пікір айтуы бойынша бағалау.

VII. Үйге тапсырма

Үй жұмысы
  • Б. Майлин туралы деректер жинау.
  • Әңгімеден тұрақты тіркестерді тауып, дәптерге жазу.
  • «Түйебай» әңгімесін оқып, мазмұндау.