Ертеңгілігіміз аяқталды, келгендеріңізге көп рахмет
Залдың безендірілуі
Мерекеге сай безендірілген зал сахнасында «Алтын күз» тақырыбы түрлі-түсті жапырақтармен жазылып, гүлдермен әшекейленеді. Музыка әуенімен ортаға жүргізуші шығады.
Жүргізуші: Құрметті апайлар, ата-аналар, балалар! Сіздерді «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз!
Музыка әуенімен бүлдіршіндер сахнаға шығып, орындарына орналасады.
Жұмбақтар арқылы көңіл ашу
Жыл мезгілі
Жиын-терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын —
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Жауабы: Күз
Жапырақ
Қызыл, сары кемелер
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады, толқиды.
Жауабы: Жапырақ
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар! Қазір бізде жылдың қай мезгілі? Күз
Олай болса, күз туралы тақпақтарыңды тыңдайық.
Күз туралы тақпақтар
Мұхаммад
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Каусар
Көбейді құт, береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Аружан
Алтын сары, қызыл, көк —
Алуан-алуан жапырақ.
Күз болғанда күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Ән: «Күзгі бақ»
Көкөністер туралы жұмбақтар
Балалар, менің сендерге жасыратын тағы да жұмбақтарым бар. Қане, шешіп көрейік!
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні,
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.
Жауабы: Сәбіз
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр.
Жауабы: Қызылша
Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін.
Қабат-қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін?
Жауабы: Қырыққабат
Көмдің тағы түйірлеп,
Қазып алдың үйірлеп.
Жауабы: Картоп
Көрініс: «Шалқан» ертегісі
Рөлдер
- Ата
- Әже
- Немере
- Ит
- Мысық
- Тышқан
Күздің көркем суреті: өлең шумақтары
Әсия
Қазан айы басталды,
Құстар қайта бастады.
Туысқандық, адал достықпен
Алтын күз тойы жалғасты.
Арай
Ұшты талдан жапырақ,
Сары көбелек секілді.
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерге секірді.
Сәтжан
Сәлем, сәлем, Алтын күз —
Жаны жомарт, жарқын күз!
Би: «Көкөністер»
Тәрбиеші: Балалар, сендерге көп рақмет!
Жеміс пен еңбек туралы тақпақтар
Дамир
Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
Жарқынай
Сау-сал етіп жапырақ,
Сабағынан үзілді.
Қоңыр тартып атырап,
Көкте құстар тізілді.
Нұрайым
Ақтарады мырза күз
Уылжыған жемісін.
Күзге біз де ризамыз —
Аянбаған ел үшін.
Ән: «Жаңбыр»
Аида
Астық, жеміс жиналды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз, мың алғыс —
Алдық өнім сыйыңды.
Марлен
Астық, жеміс — береке,
Барымды мен сыйлаймын.
Менде мереке көп-ақ,
Барлығыңды қимаймын.
Айдана
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды.
Қыс келеді жар салып —
Күзгі суық басталды.
Әлім
Жаңбыр, жаңбыр, жауа бер,
Қорықпаймыз біз сенен.
Қолымызда қолшатыр,
Кел, билеші бізбенен.
Ойын: «Кім епті?»
Қане, балалар, молшылық күз айында бір ойын ойнайық. Ойынның атауы — «Кім епті?». Шарт бойынша жеміс-жидекті жылдам жинауымыз керек. Кім көп жеміс-жидек жинаса, сол жеңімпаз атанады.
Би: «Қолшатыр»
Көкөністер шеруі: таныстыру өлеңдері
Ендеше, көкөністерімізді тыңдайық.
Аида
Ақ түсім бар — қант алар,
Қызыл түсім бар — қанға нәр.
Зияным жоқ, біліп қой:
Қызылшамын, пайдам бар.
Нұрай
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып,
Тұрған ол мен — қызанақ,
Күнге қарап ұялып.
Әли
Көптеп ерте шырмалып,
Өсемін мен бүр жарып.
Атым — қияр, теріп ал,
Жиі-жиі суғарып.
Сәтжан
Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат-қабат киініп,
Қырыққабат атандым.
Арай
Картоп — біздің атамыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Айша
Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған —
Балдай тәтті қауынмын.
Ән: «Күз — жомарт»
Барлығы: Рақмет, күз саған!
Қорытынды
Тәрбиеші: Ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп рақмет!
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі — Жұбанова Гүлжан Ермекқызы.