Бала тәрбиесі
Сабақ туралы мәлімет
- Пәні
- Құқықтану
- Сыныбы
- 10
- Тақырыбы
- §27. Адам және отбасы. Отбасы қатынастарын құқықтық реттеу
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақты меңгеру
- Әдісі
- Баяндау, сұрақ-жауап
- Пәнаралық байланыс
- Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Отбасы және неке ұғымдары туралы жүйелі түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік
Отбасының қоғамдағы қызметін түсіндіру арқылы бауырмалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Отбасы қатынастары мен некеге тұру тәртібін талдау арқылы оқушылардың өзіндік көзқарасын дамыту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын нақтылау.
II. Үй тапсырмасын сұрау
- 1 Жауаптылық деген не?
- 2 Жаза деген не?
- 3 Жазалардың жүйесі қандай?
- 4 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы қандай?
III. Жаңа сабақ
Отбасы — адам баласының алтын діңгегі. Адам дүниеге келген сәттен бастап осы ортада өсіп-жетіліп, тәрбиеленеді. Әлемнің қай елінде болмасын мемлекет отбасын қорғайды. Қазақстан Республикасында да мемлекет отбасын өз қамқорлығына алып, отбасындағы қатынастарды арнайы қабылданған заңдар арқылы реттейді.
Отбасы ұғымы
1998 жылғы Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңына сәйкес, отбасы — некеден, туыстықтан, бала туып оны тәрбиелеудің өзге де нысандарынан туындайтын, өзара жәрдемдесуге міндетті адамдар тобы.
Неке ұғымы
Неке — отбасын құру мақсатында жасалған, ер мен әйелдің тең құқықты одағы. Ол ерлі-зайыптылардың мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарын туындатады.
Некеге тұру тәртібі
- Қазақстанда неке ер мен әйел арасында тіркеледі.
- Некеге тұруға ниет білдірушілер азаматтық хал актілерін тіркеу органына (АХАТ) өтініш береді.
- Неке қию өтініш берген күннен бастап 1 ай өткен соң жүргізіледі.
- Неке жасы — 18 жас.
IV. Жаңа сабақты бекіту
Отбасы туралы мақал-мәтелдерді толықтырыңыз:
1)
Болар бала босағадан.
2)
Өз үйім — өлең төсегім.
3)
Отан — отбасынан басталады.
4)
Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
5)
Бала тәрбиесі — бесіктен.
V. Қорытынды
Отбасы — тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды әлеуметтік орта. Отбасылық қатынастардың құқықтық негіздерін білу әр азаматқа өз құқықтары мен міндеттерін түсінуге, жауапкершілікпен әрекет етуге көмектеседі.
VI. Үй тапсырмасы
Оқу
§27 тақырыбын оқу.
Эссе
«Отбасы — шағын мемлекет» тақырыбында эссе жазу.