Менің сүйікті тағамым ойыны арқылы сұрақтарға жауап беру
Ақтөбе қаласы
Технология пәні мұғалімі: Шангытбаева Гүльсим Нарымбетовна
Сабақтың тақырыбы
Қазақтың ұлттық киімдері
Сабақтың мақсаты
Қазақтың ұлттық киімдері туралы мағлұмат беру және олардың түрлерімен таныстыру.
Міндеттері
Білімділік
Киімдердің тарихы мен олардың жіктелуі туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық
Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Киімді дұрыс кию мәдениетіне баулу арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Ұйымдастыру және ресурстар
Көрнекілігі
- Үлестірмелі суретті қағаздар
- Ұлттық киімдерге арналған плакат
- Интерактивті тақта
Сабақ форматы
Түрі: аралас.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойландыру, көрсету, СТО технологиясының стратегиялары.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа назарын аудару.
- Психологиялық тренинг өткізу.
2) Үй тапсырмасын тексеру
«Менің сүйікті тағамым» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беріледі. Оқушы интерактивті тақтадан өзіне ұнаған тағамды таңдап, оның артындағы сұраққа жауап береді.
Сұрақтар
- Иықты бұйымдар дегеніміз не?
- Иықты киімдерге қандай киімдер жатады?
- Белдемшелі бұйымдар дегеніміз не?
- Белдемшелі бұйымдарға не жатады?
- Иықты бұйымдардың белдемшелі бұйымдардан айырмашылығы неде? (Мойын ойындысы, қолтық ойындысы, жаға, өңір болады.)
- Түнгі көйлек дегеніміз не?
- Түнгі көйлекті тігу үшін қандай өлшемдер алынады?
- Өлшем алуға қандай құралдар қажет?
3) Жаңа сабақ
Тапсырма
Сандарды ретімен қойып, қандай сөйлем шығатынын анықтаңыз.
Нәтиже (мазмұн өзегі)
Қазақ халқының қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына.
Қазақтың ұлттық киім-кешектерінің басқа халықтар сияқты өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, ұлттық киімдер жергілікті жағдайға және көшіп-қону тіршілігіне бейімделіп тігілген. Екіншіден, киімдер екі бағытта: ерлерге және әйелдерге арналып тігілді.
Жас ерекшелігіне қарай
Тігілетін киім түрлері адамның жасына байланысты болған: жастардың киім-кешегі әшекейге бай келсе, қарт адамдардың киімінде өрнек аз немесе мүлде болмаған.
Бүгінгі қолданысы
Ерте заманнан күні бүгінге дейін қазақтың ұлттық киімдері өз қадір-қасиетін жойған жоқ. Кейбірін үлкен кісілер күнделікті киіп жүрсе, енді бірін қыз ұзату, келін түсіру сияқты тойларда және ойын-сауықта қолданады. Сондай-ақ көптеген үлгілер театрлардың арнайы тапсырысы бойынша тігіліп келеді.
Сәнді және күнделікті киім
Киімдер негізінен сәнді және күнделікті киетін түрлерге бөлінген. Сәнді киімдер күнде киілмей, көбіне той-думанға немесе қонаққа барғанда ғана киілген.
Қазақтың киімдері 4 топқа бөлінеді.