Көру - моторлы және көзбен есте сақтау қабілетін дамыту Сабақтың мақсаты
Сабақ жоспары
- Тақырыбы
- Көру–моторлы және көзбен есте сақтау қабілетін дамыту
- Сабақтың мақсаты
- Көру арқылы баланың есте сақтау қабілетін дамыту
- Сабақтың әдісі
- Ойын-жаттығулар, ертегі терапиясының элементтері
- Сабақтың түрі
- Жеке жұмыс, түзету сабағы
Сабақтың өткізілу барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Баламен амандасу.
- Назарын сабаққа аудару.
Жаңа сабақтың мазмұнымен таныстыру
Көру–моторлы және көзбен есте сақтау қабілетін дамыту үшін баланың үлгімен жұмысын жүйелі ұйымдастыру маңызды.
1-қадам: Үлгіні бақылау және есте сақтау
4–6 минутАлдымен бала тұрақты көру тірегі бар үлгімен жұмыс істейді. Одан кейін 4–6 минут көлемінде қазақ ертегісі «Қаңбақ шал» бейнеролигі көрсетіледі. Осы уақытта оқушы ертегідегі кейіпкерлерді және қолданылған заттарды есте сақтауға тырысады.
Назарды күшейту үшін сұрақтар
- Қандай кейіпкерлерді көрдің?
- Қандай заттар пайдаланылды?
- Оқиға қай жерде өтті?
Бұл сұрақтар есте сақтаумен қатар логикалық ойлауды да дамытуға көмектеседі.
2-қадам: Есте сақталған бейнені әрекет арқылы бекіту
Оқушы есінде қалған бейнелерді пластилиннен мүсіндеу (лепка) арқылы орындайды. Жұмыс барысында балаға ертегі мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауаптарын нақтылауға болады.
3-қадам: Сюжетті ойындар арқылы кеңейту
Көру–моторлы және көзбен есте сақтау қабілетін дамыту үшін сюжетті ойындарды және түрлі материалдарды қолданып, жаңа жаттығулар құрастыруға болады. Мақсат — баланың көргенін қайталап құрастыруы және детальдарды ұмытпай орындауы.
Вербалды–моторлы есте сақтауды дамыту
Вербалды–моторлы есте сақтау қабілетін дамыту үшін жоғарыдағы жаттығуларды көрнекі үлгінің орнына ауызша суреттеме беру арқылы қолдануға болады. Мысалы, ауызша берілген сипаттама бойынша сурет салу.
Сергіту сәті
-
Күлімдеп күн бүгін — (өзіне көрсетеді)
Қарады маған да. -
Күлімдеп күн бүгін — (досына көрсетеді)
Қарады саған да. - Шуақпен нұр төгіп — (қолын жоғары көтереді)
- Көңілді кетті көтеріп — (шапалақтайды)
Рефлексия
- Саған ұнаған кейіпкер кім?
- Несімен ұнады?
- Ұнаған кейіпкеріңнің үстіне мына алдыңда тұрған жүректердің бірін жапсыр. Тапсырма эмоцияны танып, таңдауды дәлелдеуге бағытталған.