Жоңғар хандығының әлсіреуі
Сабақтың тақырыбы
Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Қазақ халқының мақтанышы Абылай ханның Қазақ хандығының тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтаудағы күрескерлік қасиеттерін ашу арқылы оқушылардың білімін жүйелеу.
Дамытушылық
Оқушылардың логикалық ойлауын, талдау және салыстыру дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Патриоттық сезімді нығайту, Отан тарихына қызығушылық пен жауапкершілікті қалыптастыру.
Сабақ ресурстары мен тәсілдері
Көрнекіліктер
- Интербелсенді тақта
- Абылай ханның портреті
- Абылай хан туралы айтылған нақыл сөздер және қосымша материалдар
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- «Жылдар сөйлейді»
- Деректер арқылы ұғыну
- Топтастыру және салыстыру
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сыныппен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, назарды сабаққа шоғырландыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Тақырыпты қайталауға арналған сұрақтар:
- 1. Қалмақ хандығы орналасқан аймақ қайсы?
- 2. Қалмақтардың негізгі көшіп-қонып жүретін аумағы қандай болды?
- 3. Қалмақ хандығының күш-қуаты артып, ең жоғары деңгейіне көтерілген кезеңі қай уақыт?
- 4. І Петр қалмақ ханына қандай сыйлық берді?
- 5. Қазақ-қалмақ қатынастары туралы не білесіңдер?
- 6. «Шаңды жорық» оқиғасы қашан болды?
- 7. Туған елін жаудан қорғауда ерлігімен аты шыққан қазақ жауынгерлерін атаңдар.
- 8. Ш. Уәлиханов Елшібек батырды қалай суреттеп жазған?
- 9. Орынбор губернаторы Неплюев қазақ-қалмақ қақтығысын қалай пайдаланды?
- 10. Қазақтардың қалмақтарды жеңуінің тарихи маңызы қандай?
3) Жаңа сабақ жоспары
- Абылай — Қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері
- Абылайдың ішкі саясаты
- Абылайдың Ресеймен қарым-қатынасы
- Жоңғар хандығының әлсіреуі
- Қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күрес
- Қазақ-қырғыз қатынастары
- Абылайдың қазақ тарихындағы орны
Абылай хан: негізгі даталар мен оқиғалар
Абылай хан (1711–1781) Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол 1771 жылы Түркістанда үш жүздің ханы болып жарияланды.
1741 жыл
Саяси сын кезең
Абылай жоңғарлардың тұтқынына түседі.
1756 жыл (көктем)
Әскери қақтығыстар
Қытай әскерлері екі бағыттан — оңтүстік пен шығыстан — шабуыл жасады. Шығыстан келген әскерге Әмірсана мен Қожаберген қарсы тұрса, оңтүстік бағытта Абылай мен Бөгенбай тосқауыл болды.
1758 жыл
Аймақтық өзгеріс
Қытай армиясы Жоңғарияны толық бағындырды.
1761 жыл
Шекаралық шектеу
Қытай боғдыханы қазақтарға Аягөз өзенінің оңтүстік жағына көшіп-қонуға тыйым салған жарлық шығарды.
1765, 1770, 1779 жылдар
Қазақ-қырғыз қатынастары
Абылай қырғыздарға жорық жасап, Көкшетау өңірінде атығай руы арасына Жаңақырғыз және Байқырғыз атты екі болыс құрып, қазақ-қырғыз арасына тыныштық орнауына ықпал етті.
Терминдер
Боғдыхан
Қытай императорының моңғол тіліндегі атауы.
Стелла
Ескерткіш тас, құлпытас.
Шежіре
Қазақтардың генеалогиялық кестесі, тарихи жылнама.
Деректер мен қорытындылар
Хат дерегі
Абылай 1761 жылы ІІ Екатеринаға жолдаған хатында үй тұрғызу үшін ұста және 200–300 пұт астық жіберуді сұраған.
Билік сипаты
Абылай «Жеті жарғыда» хан билігіне қойылған шектеулерді толық мойындай бермеді.
Қоныстану және шаруашылық
- Абылайдың қыстаулары негізінен Ертіс өңірінде орналасқан.
- Ол қолдаған дамыған шаруашылық түрі — егіншілік.
Мәдени орта
Абылайдың ерекше қадірлеген ақыны — Тәтіқара.