Мен - мен едім, мен едім

Мен - мен едім, мен едім!
Мен Нарында жүргенде
Еңіреген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім?
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан билердің
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шақыртып,
Сұлтанын суға сұлатып,
Ханшасын қақпа алдында жылатып,
Ернін еттей тесісіп,
Кеңірдегін кесісіп,
Жыраға басын түсіріп,
Жылғадан қанын ағызып,
Басын кессем деп едім!

Еділдің бойы ен тоғай -
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім.
Еңсесі биік ақ орда -
Еріксіз кірсем деп едім.
Керегесін кескілеп,
Отын етсем деп едім.
Туырлығын тескілеп,
Тоқым етсем деп едім.
Тақта отырған хандардың
Төрде отырған ханымын
Қатын етсем деп едім.
Әлдилеген баласын
Жетім етсем деп едім.
Хан сусыны сары бал -
Сұраусыз ішсем деп едім.
Ханның киген кіреуке -
Үстіме кисем деп едім.
Қанікейдей көріктіңді
Қалыңсыз құшсам деп едім.
Тінікейдей тектіңді,
Ителгі көзін төңкертіп,
Күшіктей даусын қыңсытып,
Аш күзендей белін бүгілтіп,
Әділ жаннан түңілтіп,
Ат көтіне үңілтіп,
Артыма салсам деп едім.
Тілекті құдай бермеді -
Өздеріңдей хандарды
Осылай бір қылсам деп едім!

Мен - мен едім, мен едім!
Мен Нарында жүргенде
Еңіреген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Ерегіскен дұшпанға
Қызыл сырлы жебе едім.
Жақсыларға еп едім,
Жамандарға көп едім.
Ерегіскен дұшпанның
Екіталай болғанда
Азыққа етін жеп едім.
Хан баласы ақсүйек -
Ежелден табан аңдысқан
Ата дұшпан сен едің,
Ата жауың мен едім.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Етектен кесіп жең болмас!
Хан баласы ақсүйек -
Байеке сұлтан сен болып,
Сендей нарқоспақтың баласы,
Маған оңаша жерде жолықсаң,
Қайраңнан алған шабақтай
Қия бір соғып ас етсем,
Тамағыма қылқаның кетер демес ем



Ұқсас жұмыстар

Егер мен Президент болсам
Махамбеттің әдеби дүниетанымы
Махамбет Өтемісұлы шығармалары отансүйгіштік тәрбие берудің құралы ретінде
Сабақтас құрмалас және бағыныңқы сөйлемдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы
Әзиз Несин әңгімелерінің қазақша тәржімасы
Махамбет жырлары-ерлік пен елдіктің өшпес рухы
Тыныштық – шынайы бақыт
Қазақ батырлары: Исатай, Махамбет
Махамбет – ұлт рухының айбары
Махамбет Өтемісұлы поэзиясындағы көркем шындық
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері
Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі ретінде
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы
Валюталық нарықтың және валюталық операциялардың ерекшеліктері мен дамуы
Тауарлық – материалдық қорлар есебі мен аудиті және олардың жетілдіру жолдары