Өзін - өзі тану пән мұғалімі

«Балдәурен» ән сайысы

Мерекелік кеш «Балдәурен» әнімен ашылады. Бұл шара Өзін-өзі тану апталығы аясында бастауыш сынып оқушылары арасында өтетін ән сайысына арналған.

1-жүргізуші

Армысыздар, қадірлі халқым менің,
Ақтарған кең даламның алтын кенін.
Балдәурен басы болсын мерекенің,
Төгілдіріп тамаша ән айтатын.

2-жүргізуші

Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік, жырлайық.
Ортамызды ашайық,
Думандатып би билеп,
Інжу-маржан шашайық.

Қош келдіңіздер!

Қадірлі ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Өзін-өзі тану апталығына орай бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілетін «Балдәурен» ән сайысына қош келдіңіздер!

Бағдарлама

  1. Жеке дауыстағы ән сайысы
  2. Балалық шақ әндерінен хор

Той деп бүгін көңіл шіркін тасады,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.

Бүгінгі үлкен тойымыздың, ән сайысымыздың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен танысайық.

Қазылар алқасы

Тураров Мұрат

Музыка өнерінің шебері

«Құлақтан кіріп, бойды алар әсем ән мен тәтті күй, көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй…» — Абай.

Мұхамеджанова Оразгүл

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Жақсы болу — өзіңнен,
Жаман болу — өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзіңнен үйрен — өзіңнен.

Досымханова Бейбітгүл

Бастауыш пән мұғалімі

Ұстаздық ұлы жолдарда,
Жас ұрпақ үшін жан салған,
Еңбектің ері — елеулі,
Дәуірдің дара данасы.

Жунуспаева Лаура

Мектеп психологы

Жаны жайсаң, көңілі кең —
Даламдай дархан пейілі.
Жақсы мінез, жылы сөзі —
Жүректің жан дәруі.

Жамырзанова Үмітхан

Тәрбие ісінің меңгерушісі

Ұстаз деген — жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген — анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де содан адам болып жаралдың.

Иванова Наталия

Кітапханашы

Адамның досы — кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние-мүлкі.
Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы —
Асыл ой қазынасы, өмір көркі.

Өнер бағдарламасы

Әдеби монтаж

Қарсы алайық, халайық,
Аруға көз салайық.
Сымбатты сұлу Нұрайға
Қанеки, қол соғайық!

Ән: «Бала тілегі»

Орындаушы: Ерғазиева Нұрай

Би

«Кукарелла»

1-сынып хоры

«Жас дәуірдің түлегіміз»

Жеке орындау

Бибігүл, Күләштай әнші де бар,
Балалар, әнді салсаң Біржандай сал.
Ибраһим мен Мадинаға кезек келді —
Төгілдіріп, құйқылжыта ән айтар.

Ән: «Өз елім»

Орындаушылар: Ибраһим, Мадина

Би

«Грейзи»

2-сынып хоры

«Бақытты балалық шақ»

Ән

Мектебім, шырағымсың — сарқылмас бұлағымсың,
Жанымның сая бағы — таусылмас жыр-әнімсің.

Ән: «Мектебім»

Көрініс

«Сиқыршылардың өнері»

3-сынып хоры

«Атамекен»

Жеке орындау

Жүректен өлең төгіп қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.
Қошеметтеп, асыл халқым, қол соғыңдар —
Думанға қатысушы Әнель қызға!

Ән: «Ертегілер»

Орындаушы: Бағдатова Әнель

4-сынып хоры

«Қазағым менің!»

Қорытынды

Ізгі тілек

Осындай той қазақта бола берсін,
Көңілдерге жақсылық тола берсін.
Бақ-береке, дәулет, табыс, денсаулық
Әр отбасына молынан қона берсін.

Марапаттау сәті

Бүгінгі ән сайысына қатысушы өнерпаздарды ортаға шақырамыз. Сайыс қорытындысын айту үшін қазылар алқасына сөз беріледі.

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар! Өзін-өзі тану апталығына арналған «Балдәурен» ән сайысымыз өз мәресіне жетті. Атсалысып, қолдау көрсеткендеріңізге көп рақмет!