Сөздерге қосылған буындардың неліктен жуан

Сабақ тақырыбы: Буын үндестігі

Бұл сабақта оқушылар түбір сөздегі дауысты дыбыстың жуан не жіңішке болуына қарай қосымшаның да сол сипатта жалғанатынын түсінеді. Мақсат — сауатты жазу мен дұрыс айту дағдысын қалыптастыру және талдау арқылы ой-өрісті дамыту.

Білімділік

Түбір сөздегі дауыстылардың жуан/жіңішкелігіне сай қосымшалардың да жуан/жіңішке жалғанатынын байқату. Сауатты жазуға үйрету.

Дамытушылық

Ойлау, мәтінді талдау, тапсырма мен сұрақ арқылы танымдық және шығармашылық қабілетті дамыту. Өзіндік жұмысқа бағыттау.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, белсенділікке және пәнге қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар мен формат

Көрнекіліктер

  • Сызбанұсқалар, үлестірмелер, плакаттар
  • Мазмұнды суреттер, интерактивті тақта
  • Оқулық және қосымша материалдар

Сабақ түрі мен әдістері

  • Сабақ түрі: жаңа ұғымды түсіндіру
  • Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу
  • Ойын, шығармашылық тапсырмалар, топтық жұмыс
  • Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмыс ырғағын қалыптастыру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

11-жаттығу бойынша орындалған тапсырмаларды талдау, қателерді түзету.

3) Жаңа сабақ: «Кім жылдам?» ойыны

Ойын арқылы меңгерту

Ойын шарты: берілген сөздерге тиісті қосымшаларды жалғап, сөйлем құрау.

Мысал

«Балалар алаң жүр.» — сөйлем дұрыс шығуы үшін алаң сөзіне -да қосымшасын жалғаймыз: «Балалар алаңда жүр.»

Осы үлгімен «Айнұр мектепке келді», «Кеше тауға барды» сияқты сөйлемдер құрастырылады және қосымшаның неге дәл солай жалғанғаны талданады.

Негізгі түйін

Түбір сөздегі дауысты дыбыс жуан болса — қосымша да жуан, жіңішке болса — қосымша да жіңішке болып жалғанады.

4) Оқулықпен жұмыс

13-жаттығу

Берілген сөздерді буынға бөліп көшіріп жазыңдар. Соңғы буындағы дауысты дыбыстың жуан не жіңішке екенін айтыңдар.

Үлгі: дос-тық, е-тік-ші.

5) Топтық жұмыс

Оқушылар санау арқылы 3 топқа бөлінеді.

1-топ: «Білгіштер»

14-жаттығу

Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді бағанның оң жағына, жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді бағанның сол жағына көшіріп жазыңдар.

2-топ: «Тапқырлар»

Өлеңмен жұмыс

Кім сүймейді атасын,
Асқар таудай көрінген.
Бөбекке айтар батасын,
Жаттап алған едім мен.

  • Өлеңді оқып, жатқа жазыңдар.
  • Қарамен берілген сөздерге жалғанған буындардың жуан не жіңішке екенін және себебін айтыңдар.
  • Өлеңнің мағынасын түсіндіріңдер.

3-топ: «Алғырлар»

Суретпен жұмыс

Берілген сурет бойынша сөйлем құрап жазыңдар.

6) Ұжымдық жұмыс

15-жаттығу

Жаттығуды шарт бойынша орындау: жатқа жазу, дәлелдеу, көркем жазуға мән беру.

16-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Жіңішке қосымша жалғанған сөздердің астын бір сызықпен, жуан қосымша жалғанған сөздердің астын екі сызықпен сызыңдар. Құрамында жуан және жіңішке буындар араласып келетін сөздер де болатыны түсіндіріледі.

17-жаттығу

Сөздерге қосылған буындардың неліктен жуан немесе неліктен жіңішке екенін дәлелдеу.

7) Ой қозғау

17-жаттығу: ребус шешу

Шешуі: достық.

«Достық» сөзін тақырып етіп алып, шағын әңгіме жазыңдар.

8) Жинақтау

Үлестірмелер арқылы білімді бекіту және қорытынды ережені шығару.

№1

Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазыңдар. Неліктен сол қосымшаны таңдағандарыңды түсіндіріңдер: Ақыл — жас..., асыл тас...

№2

Берілген сөздерді буынға бөліңдер. Әр буындағы дауысты дыбыстың жуан не жіңішке екенін айтыңдар: өнерлі, өнерпаз, көкжиекте, шаңырақтың. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.

№3

Түбір сөздерге тиісті жалғауларды теріп жазыңдар: құрылыс..., тер..., аң..., шы..., көбелек..., дар...

Қорытынды ереже

Қазақ тілінде сөздің соңғы буынында жуан дауысты дыбыс болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болып жалғанады. Ал соңғы буында жіңішке дауысты дыбыс болса, қосымша да жіңішке болады.

9) Үй тапсырмасы

18-жаттығу.

10) Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, тапсырмаларды орындау сапасы және дәлелдеп жауап беруі бойынша бағалау жүргізіледі.