Кімнің киімі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы
Таным
Бағыты
Қоршаған ортамен таныстыру
Лексикалық тақырып
Киімдер
Тақырып
«Киімдер дүкеніне саяхат»
Мақсаттар мен міндеттер
Негізгі мақсат
- Киімдер туралы түсінікті кеңейту; олардың атауын атап, қандай материалдан жасалғанын және не үшін қажет екенін айтып, тануға үйрету.
- Киімдердің түсі мен пішіні туралы ұғым қалыптастыру.
- Қарым-қатынас дағдысын жетілдіру; киімді таза әрі ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Түзете-дамыту мақсаттары
- Сөздік қорын толықтыру, сөйлеу тілін дамыту.
- Танымдық қабілеттерін жетілдіру, ойлауын дамыту.
- Жалпы және ұсақ қол моторикасын дамыту.
Сөздік жұмыс
Киімдер, бас киім, киім дүкені, малақай, күрте, қолғап, етік, бәтеңке және т.б.
Әдіс-тәсілдер
- Амандасу тренингі
- Балалардың киімін бақылау және сипаттау
- Дидактикалық ойын: «Кімнің киімі?»
- Қимылды ойын: «Кім жылдам?»
- Жапсыру (желімдеу) жұмысы
Сабақтың барысы
1) Амандасу тренингі
Балалар шеңберге тұрады.
Айтылым:
Қайырлы таң, алтын күн!
Қайырлы таң, жер-ана!
Қайырлы таң, достарым!
2) Әңгімелесу: «Күз және киім»
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күздің белгісі қандай? Табиғат қандай түске боялады?
- Күзде күн қандай болады?
- Адамдар қалай киінеді?
3) Тыныс алу жаттығуы: «Шалғын»
Терең дем алып, жайлап үрлеу арқылы «шалғын арасынан» не көргендерін айтып береді.
4) Көрнекілікпен жұмыс
Проектор арқылы киімдердің суреттері көрсетіледі. Балалардан атауын, түсін және қандай материалдан тігілгенін сұрау:
«Мынау қандай киім? Қалай аталады? Түсі қандай? Неден тігілген?»
5) Сергіту сәті: «Жылы киінейік»
Киім дүкеніне «саяхатқа» шығу үшін балалар қимыл-қозғалыспен жылы киінуді бейнелейді.
Қимыл мәтіні:
Шалбардың бір балағын,
Содан соң екінші балағын.
Енді белді көтерелік әдемі.
Күртенің оң қолы,
Күртенің сол қолы.
Түймеледік жоғарыдан төменге.
Ал енді етік киіп,
Жортып жолға шықтық.
Дыбыстық белгі
«Гу-гу, гу-гу» — бұл ненің дауысы?
Балалар «кемеге» отырып, жағалаудағы дүкенге барады.
6) «Киім дүкені» көрінісі
Балалар дүкенге келеді. Сөрелерде түрлі киімдер тұрады. Педагог киім түрлерімен таныстырады:
- қыздарға арналған көйлек
- белдемше
- жиде
- қысқа жеңді жиде
- күрте
- тон
- шалбар
- бас киім
- етік
- бәтеңке
«Балалар, мынау кім? Дүкеншімен амандасайық.»
Дүкенші апайдан киім «сатып алу» арқылы диалог құрау:
- «Мына күрте қанша тұрады? Маған беріңізші.»
- «Мына бас киім қанша тұрады?»
- «Ал мына етік қанша тұрады?»
- «Барлығы қанша тұрады?»
7) Ойындар
Дидактикалық ойын: «Кімнің киімі?»
Мақсаты: балалардың өз киімдерінің түрі мен түсін тануын дамыту.
Қимылды ойын: «Кім жылдам?»
Мақсаты: киімді тез кию дағдысын қалыптастыру, шапшаңдыққа, ептілікке және ұқыптылыққа баулу.
8) Қайту сәті: фонематикалық және логоритмикалық жаттығулар
Фонематикалық жаттығу
«Гу – гу – гу»
Логоритмикалық жаттығу
Орнымыздан тұрайық.
Қолымызды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Белімізді жазайық.
9) Жұмбақтар
- Адамның сәні, онсыз жоқ мәні.
- Ерте тұрдым да, қос жолға түстім.
- Күні бойы жүргіздім, босағада қалдырдым.
Балалар «кемеге» отырып балабақшаға қайтады: «Біз қайда отырып барамыз?»
10) Шығармашылық жұмыс: көйлекті әшекейлеу
Педагог дайын көйлек үлгісін әшекейлеуді ұсынады, жұмыс тәсілін көрсетеді. Балалар сары, қызыл, көк түсті дөңгелектермен көйлекті әшекейлеп, өрнек құрайды және қағазға жапсырады.
Өлең жолдары:
Қуыршақтың көйлегін,
Кестелейік өрнекпен.
Қолға алып қағазды,
Жапсыруды үйрен сен.
Жай әуенмен балалар жапсыру жұмысын орындайды.
11) Қорытынды сұрақтар
Педагог тақтаға киімдердің суреттерін іліп, сұрақ-жауап арқылы бекітеді:
- «Мынау не?» — киім түрлерін атау.
- «Мынау көйлек. Түсі қандай?»
- «Мынау шалбар. Түсі, пішіні қандай?»
- Бүгін оқу іс-әрекетінде қайда бардық?
- Киім дүкенінде нелермен таныстық?
- Киімдерді неден тігеді?
- Қандай киім түрлерін білесіңдер?
- Қандай ойындар ойнадыңдар?
Бүгін бәрің де оқу іс-әрекетіне белсенді қатыстыңдар. Рахмет!