Біз қай сыныпта оқимыз

№63

Астана қаласы • №63 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Нурбекова Асемгүл Қазымбековна

Әдебиеттік оқу 2-сынып Жаңа сабақ + қайталау Дәстүрлі аралас

Сабақ тақырыбы

Т. Молдағалиев — «Он алтыншы желтоқсан»

Тақырып Тәуелсіздік күніне арналған: негізгі ойды түсіну, Отанға сүйіспеншілік пен ұлттық нышандарды қастерлеу, ел бірлігі мен патриоттық сезімді нығайту.

Сабақтың мақсаты

I. Білімдік мақсат

«Тәуелсіздік» ұғымын түсіндіру арқылы 16 желтоқсан туралы мәлімет беру және мәтіннің негізгі ойын түсінуге жағдай жасау.

II. Дамытушылық мақсат

Тыңдау және оқу барысында оқушылардың шығармашылығын дамыту, еркін ойлауға жетелеу; туған жерін, елін, Отанын сүюге және қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге баулу.

III. Тәрбиелік мақсат

Еліміздің табиғаты мен қазына байлығын қорғауға, ел бірлігін ойлай білетін ұлтжанды, патриот тұлға қалыптастыруға ықпал ету; өз ойын айқын әрі көркем жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға психологиялық ахуал қалыптастыру, сабаққа дайындықты тексеру.

Сәлем саған, күн, сәлем, достым.
Сәлем саған, жер — мен сені сағындым.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Диалогтік әдіс арқылы сұрақ-жауап жүргізу, алдыңғы білімді еске түсіру.

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Оқушылардың назарын елбасы туралы слайдқа аударып, тақырыпты сол материалдар арқылы ашу. Тұңғыш елбасы айлығымен байланыстыра отырып, елге жасаған игі істері, халыққа деген құрметі және елордадағы ғимараттар туралы әңгімелеу.

Диалогтік әдіс: оқушылардың ойларын қозғау, жаңа тақырыптың мазмұнын талқылау. Тақпақтарды айтқызу арқылы тәуелсіз мемлекет екенімізді еске түсіру.

Еске алу сәті

Тәуелсіздік жолында құрбан болған азаматтарды 1 минут үнсіздікпен еске алу. (Барлығы орнынан тұрып, үнсіз тұрады.)

Слайд арқылы «Желтоқсан желі» әні мен бейнеклипін көрсету. Бүгінгі сабақтың тақырыбы 16 желтоқсанға арналатынын нақтылау.

Автор туралы қысқаша мәлімет

Тұманбай Молдағалиев

Қазақ ақыны. 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы «Жарсу» совхозында дүниеге келген.

  • 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
  • 1959–1970 жылдары «Пионер» журналында қызмет атқарған.
  • 1970–1973 жылдары «Балдырған» журналының жауапты хатшысы болған.
  • Кейін «Жазушы» баспасында, сондай-ақ «Жалын» альманахында бас редакторлық қызметтер атқарған.
  • Өзге ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударған.
  • 2011 жылы 10 қазанда дүниеден озған.

Өлеңмен жұмыс: «Он алтыншы желтоқсан» өлеңін мұғалім мәнерлеп оқиды, кейін оқушыларға орнынан іштей және мәнерлеп оқуға тапсырма беріледі.

IV. Сергіту сәті

Басымызда күн біздің,
Бәйтеректей көктеген.
Ұшып көкке самғаған.
Жортқан дала құмында,
Жас ұрпақпыз біз деген.

V. Дәптермен жұмыс

Оқып болған соң, Тәуелсіздік күні туралы ой-толғаныстарыңды дәптерге жазыңдар. Отанға байланысты мақал-мәтелдерді де қолдануға болады.

Жазып болғаннан кейін, жұмыстарыңды оқып беріңдер және мағынасын бірге талдайық.

Шағын қорытынды ой

Жазған тілектердің барлығы жарқын күн бейнесімен үндеседі. Тәуелсіздік — шаңырағымыздың тыныштығы, бірлікте және достықта өмір сүру, теңдігімізді сезіну.

Шығармашылық тапсырма: қолдағы қағаздарды пайдаланып, жарқыраған күн бейнесін жасау. (Оқушылардың қолданбалы өнер жұмысы.)

VI. Сабақты қорытындылау

«Тәуелсіздік» дегенде ойымызға не келеді? Жер, Отан, ел, туған өлке, еліміздің рәміздері (Ту, Елтаңба және т.б.).

Ортақ «күн» композициясы

Оқушылар таратылған күннің шуақтарына мерекеге байланысты ойларын жазады да, тақтаға жабыстырады (мысалы: Отан, Елтаңба, Ту және т.б.).

Логикалық сұрақтар арқылы сөз құрастыру

Біз қай сыныпта оқимыз?

Екінші

Жазғы демалысты біз қайда өткіземіз?

Лагерьде

Біз сабақтан не аламыз?

Баға

Біз қай қалада тұрамыз?

Астана

Біз не оқимыз?

Сабақ

Жазда күн қандай болады?

Ыстық

Нәтиже

Осы жауаптардың алғашқы әріптері арқылы «Елбасы» сөзі құралады. Елбасы — мемлекеттің тыныштығы мен бірлігін ойлайтын тұлға. Тәуелсіз еліміздің теңдігі мен еркіндігіне құрмет ретінде елімізде Тәуелсіздік монументі орнатылған.

Тәуелсіздік монументі туралы мәлімет

Тәуелсіздік монументі — еліміздің егемендігін айғақтайтын қастерлі нышандардың бірі. Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, шамамен 20 метр биіктікте жасалған.

VII. Бағалау

Сабақ барысында таратылған кеспе суреттер арқылы оқушылардың жұмысын бағалау.

VIII. Үй тапсырмасы

«Он алтыншы желтоқсан» — 87–88-бет. Өлеңді жаттау.

Қысқа түйін

Бұл сабақта оқушылар Тәуелсіздік мәнін тереңірек түсініп, өлеңмен жұмыс жасап, бейнематериал талдап, өз ойларын жазбаша және шығармашылық тапсырмалар арқылы білдіреді. Негізгі мақсат — ұлттық құндылықтарды қастерлеуге, бірлік пен елжандылыққа тәрбиелеу.