Аюдың балды көруі
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: мәтін мазмұнын сауатты жазу арқылы оқушыны көркем шығарманың мағынасын түсінуге жетелеу.
Міндеттері:
- Мәтінді талдау дағдыларын қалыптастыру.
- Белсенділікті дамыту.
- Адалдыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі
Мазмұндама жазу
Көрнекіліктер
Мазмұндамалар жинағы
Әдіс-тәсілдер
Өзіндік жұмыс, сұрақ-жауап, талдау
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2) Қызығушылықты ояту
Жұмбақ
Қорбаң-қорбаң етеді,
Орманды мекен етеді.
Жауабы: АЮ
Талқылау сұрақтары
- Аю қандай аң? Оны сипаттаңдар.
- Неліктен аюды аңқау аңдардың қатарына қосады?
- Аюдың қандай пайдасы бар? Қандай зияны бар?
Балды байланыстыра талдау
- Аю қандай тағамды сүйіп жейді? (Бал)
- Бал қайдан шығады?
- Балдың пайдасы туралы айтып көріңдер.
3) Негізгі бөлім
Бүгін біз «Аю және бөрене» тақырыбында мазмұндама жазамыз. Тақырыпты тыңдай отырып, мәтін не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыңдар? Оқушылардың пікірін тыңдап, мәтінді мұқият тыңдайық.
Мазмұндама: «Аю және бөрене»
Көлемі: 63 сөз
Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасының ұясына кез болыпты. Ағаш басындағы ұядағы балды жегісі келді. Аю ағаш басына өрмелеп жақындағанда, оған бөрене кедергі жасады.
Ұядағы балды алам деп ұмтылғанда, бөренені итеріп жіберді. Қатты серпілген ауыр бөрене аюдың басына сарт ете қалды. Қара күшіне сенген аю ашуланып, бөренені одан бетер қатты итерді.
Сол кезде қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырды.
Тірек сөздер
Сұрақтарға жауап беру
- Оқиға қай жерде болды?
- Аю нені көрді?
- Оған не кедергі болды?
- Аю қандай әрекет жасады?
Жоспар
- Орман ішінде.
- Аюдың балды көруі.
- Кездескен кедергі.
- Аюдың жарақат алуы.
4) Жаңа білімді бекіту
Жоспар мен сұрақтарды негізге алып, тірек сөздерді орынды қолданып, мазмұндама мәтінін дәптерге жазу.
5) Үй тапсырмасы
Осы мәтін бойынша сурет салу.