Жоңғар ордасы
Тәрбие сағатының мақсаты
Бұл тәрбие сағатының негізгі мақсаты — тәуелсіздік ұғымын терең түсіндіру. Қазақ халқының ғасырлар бойғы ауыр сынақтарын еске ала отырып, азаттық пен еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларының еңбегіне тоқталу.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жету жолындағы айшықты қадамдарына шолу жасап, оқушылардың ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін дамыту, елін сүйетін, ұлттық рухы биік азамат тәрбиелеу көзделеді.
Көрнекіліктер
- Қазақстан Республикасының Туы
- Елтаңба және Әнұран
- Отан, туған жер туралы нақыл сөздер
- Бүктемелер, ақпараттық материалдар
Кіріспе сөз
1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгін 9-сынып оқушылары дайындаған «Тәуелсіздік — ата-бабам аңсаған» тақырыбындағы тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші: Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ — нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Көшіп-қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш құндылықты бойтұмардай сақтап қадірлеген: ел, жер, ана тілі. Осы үшеуінсіз ешбір халық егемен ел екенін дәлелдей алмайды. Ендеше халқымыздың сан ғасырлық күреспен жеткен Тәуелсіздік жолын бірге еске алайық.
Тарихпен тілдесу: ұрпақ сұрағы, әже жауабы
Немересі: Әже, атам үнемі «Сенің болашағыңды да, өткен өмірімізді де ойлаймын» дейді. Оның өткен өмірі қандай болған?
Әжесі: Е, балам, атаң да, ата-бабаң да талай зұлматты көрді. Қазір саған қазақ тарихының бастан кешкен кезеңдерін айтып берейін.
1-жүргізуші: Тағзым саған, Азаттық — арман жырым. Дәлелдедің ділсіздің жалғандығын. Ар-ожданын сақтаған Тұмар ханша — сақ пен ғұннан басталған мығымдықтың нышаны.
І көрініс: Тұмар ханша және ел намысы
Сақ жауынгері Елжас: Парсы патшасы Кирден сізге сәлем келді. Ол сізді өзіне тұрмысқа шығуға және еліңізді өз иелігіне қосуға әмір етіпті. Не деп жауап бересіз?
Тұмар патша (Диана): Егер мәселе өз басыма ғана тірелсе, келісер едім. Бірақ халқымның тағдыры сынға түскенде бұл тілекті қабылдай алмаймын. Егер еліме тыныштық бермесе, Кирмен кең далада тәуелсіздігім үшін аяусыз шайқасамын.
Содан бері қазақ халқы азаттық жолында талай тарихи оқиғаларды бастан өткерді.
Қазақ хандығының құрылуы
2-жүргізуші: Қазақ хандығы XV ғасырда, 1466 жылы құрылды. Оның қалыптасуына Керей мен Жәнібек хандар ықпал етті. Әбілхайыр хандықтан бөлінген рулар Керей мен Жәнібектің қол астына топтасып, қазақ халқының негізін қалады.
ІІ көрініс: Бірлік пен қорған
Жәнібек (И. Бекзат): Руымыз да, қанымыз да бір. Тағдырымыз ортақ. Міне, қолым. Саған әрқашан қызмет етуге дайынмын, ешқашан қарсы қылыш көтермеймін.
Керей (Айдос): Ендеше, бауырым, тез қамданайық. Бала-шағамызға, ағайын-туысқа қауіп төніп тұр. Ата-мекен — бабадан қалған қымбат мұра. Аттан!
Мөлдір: Қазақ халқының тағдыры қандай ауыр! Қасіретті жылдар бір кетпей-ақ қойды. Енді жоңғар нәубеті төнді: талай жұрт тұтқынға алынды.
ІІІ көрініс: Қазыбек бидің қайсар сөзі
Хан: Иә, қазақтар! Неменеге келдіңдер?
Қазыбек би: Біз қазақ деген елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Досымызды сақтай білген, дәм-тұзды ақтай білген елміз. Сен қалмақ та, біз қазақ қарпысқалы келгенбіз. Табысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Берсең — бітіміңді айт, бермесең — тұратын жеріңді айт.
Хан: Балам, атың кім?
Қазыбек би: Атым Қазыбек, әкем — Келдібек би, ұлтым — қазақ, руым — Қаракесек.
Хан: Даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен. Ендеше, есімің «Қаз дауысты Қазыбек» болып жаңғырсын. Қамаудағы қазақтарды босатыңдар!
Ресей бодандығы және ұлт-азаттық күрес
2-жүргізуші: Бірақ халық тағдыры мұнымен түзеліп кеткен жоқ. Жоңғар қысымына төтеп бере алмаған ел аман қалудың бір жолын Ресейге қосылудан іздеді.
Оқушы (Айдана): Дос та іздедім, жау тисе болысатын, қыс қыстатып, жаз бірге қонысатын. Еділ, Жайық, Ертісті сағаладым, үміт көрдім үрейлі орыс атын.
Анна Иоанновна тақта отырады. Әбілхайыр хан жасағымен ант береді: «Мәртебелі Ресей патшайымы… алдыңызда тәжім етіп, адал бағынатынымды паш етемін…»
1-жүргізуші: Кейін Ресей империясы қазақ мемлекеттігін түпкілікті жоюды көздеді. Бұл Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Исатай мен Махамбет бастаған кең ауқымды ұлт-азаттық қозғалыстарға ұласты.
Алаш арыстары және репрессия қасіреті
2-жүргізуші: ХХ ғасыр басында қазақтан да әлемдік деңгейдегі ұлт-азаттық қозғалысқа үн қоса алатын саяси күш шықты. Қуғын-сүргінге ұшыраған Әлихан Бөкейханов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұстафа Шоқай сынды арыстар — рухтың биік өлшемі.
IV көрініс: «Соңғы сөз»
Әскер: Іштеріңнен соңғы сөзді кім айтады?
Мағжан: «Ей, тәкәппар дүние, маған да бір қарашы… Мен қазақтың баласы».
Міржақып Дулатов (Даниял): «Алыстан Алаш десе аттанамын, Қазақты қазақ десе мақтанамын…»
С. Торайғыров (Мадияр): «Алаш туы астында, куә болсын арымыз… Құрбандық біздің жанымыз».
Тұрар Рысқұлов: «Есіңде болсын: Торғай емес — бүркітпін…»
Мылтық даусы естіледі.
V көрініс: Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары
1-жүргізуші: 1941 жыл, 22 маусым. КСРО-ға тұтқиылдан неміс-фашист басқыншылары шабуыл жасады. Қазақ жастары лек-легімен майданға аттанды.
Оқушы: Мен Жамбылмын — жауынгер ер, жыр тілеген… Мен — Әлия, мен — Мәншүк, мен — Төлеген… Берлинде жеңіс туы тігілгенде, қуаныш сол күннен басылмаған…
1986 жылғы Желтоқсан: намыс оты
2-жүргізуші: Қазақ халқының ең соңғы өліп-тірілу кезеңдерінің бірі — 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Сол күндері төгілген қанмен бүгінгі тәуелсіздігіміздің алғашқы парағы жазылды.
VI көрініс: Алаңдағы үн
— Қыздар, газет әкелдім.
— Пленум болыпты… Қонаевты орнынан алыпты.
— Колбин деген Ульяновтан келіпті.
— Әр ұлтқа өз басшысы!
— Колбинді әкетсін!
Жастар «Менің Қазақстаным» әнін айтып, алаңға шығады. Кейін ОМОН күшімен таратылады.
1-оқушы (Мадина): Қасқалдақ ұшып көлінен, шүрегей келіп қонған күн…
2-оқушы (Анэля): «Нашақор», «ұлтшыл» деп қазаққа күйе жаққан күн…
3-оқушы (Мадина): Қақаған қыстың ызғары сүйектен өтіп кеткен күн…
4-оқушы (Ерлік): Аппақ қар қанға боялып, қып-қызыл мұз боп жатқан күн…
5-оқушы (Наргиза): Енді қайтып келмесін сол бір қарғыс атқан күн.
1991: Тәуелсіздік жарияланған сәт
1-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда, сағат 18:14-те еліміздің тәуелсіздігін жариялаған тарихи заң қабылданды. Осылайша біз бақытты өмірдің есігін аштық.
Оқушы: Сүйінші! Сүйінші! Ата-бабалар аңсаған арман орындалды — еліміз тәуелсіздік алды!
Сахнаға ұлттық киімдегі ұлдар мен қыздар шығып, әжелер шашу шашады.
2-жүргізуші: Айырылып күндіз күлкі, түнде ұйқыдан, күткенің осы еді ғой, қайран елім!
Ән: «Самға» (орындайтын: Өтепова Анэля)
Тәуелсіздік ұғымы: әр әріптің мәні
1-жүргізуші: Тәуелсіздік — қасиетті ұғым. Келешек, жан-тәніңмен ұғын. Он бір әріптің әрқайсысы — бір құндылық.
- Т — теңдік
- Ә — әдептілік, әлділік
- У — уайымсыз уақыт
- Е — егемен елдік
- Л — лағып, лепірмеу
- С — сенімділік
- І — ілтипат пен ізет
- З — зиялылық
- Д — достыққа шақыру
- І — ілтипат пен ізет
- К — күндей биік құндылық
Қорытынды ой: көршіге көз алартпау, бірлікке қол сұқпау.
Қорытынды: ел, жер және жас ұлан
2-жүргізуші: Көз тойғысыз қазағымның жері бар: ну орманы, тауы, өзені, көлі бар. Елі мен жерін қорғайтын жас ұланы бар.
Барлығы бірге:
Туған елін, туған жерін сүйетін —
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.
Хор: «Көк тудың желбірегені»