Топ жетекшілерін сайлау

Сабақ тақырыбы: 9 санын қосу және азайту (1-сынып)

Бұл сабақ жоспары 1-сынып оқушыларына арналған. Негізгі назар — 9 санын қосу мен азайтуды кестелік жағдайлар арқылы меңгерту және есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

Типі: жаңа материалды игерту Түрі: сайыс сабақ Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, еңбекке баулу

Білімділік

9-ға дейінгі сандарды қосу мен азайтудың кестелік жағдайларын пысықтау; 9 санын қосу және азайтуды меңгерту; есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

Оқушылардың логикалық ойлауын, танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Оқуға, еңбекке, алған білімін өмірде қолдануға және ойын ашық, еркін айтуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

  • Интерактивті тақта
  • Үлестірмелі материалдар (конверттегі үшбұрыштар)
  • Ақ парақшалар
  • Геометриялық фигуралардың шаблондары
  • Электрондық оқулық: «Математика. 1-сынып»
  • Есепке берілген суреттер, минусовка жазылған диск

Әдіс-тәсілдер

сұрақ–жауап түсіндіру ойын топпен жұмыс жұппен жұмыс таңдау әдісі

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды таңдау әдісі арқылы 3 топқа бөлу: Үшбұрыштар, Төртбұрыштар, Дөңгелектер.
  • Сайыс сабақтың ережесі мен шарттарымен таныстыру.
  • Әр топтан жетекші сайлау.

І топ — «Үшбұрыш»

Бұрыштарын табамыз,
Бұған келер шамамыз.
Анау-мынау сұрақты,
Шемішкедей шағамыз.

ІІ топ — «Төртбұрыш»

Төртбұрышқа үшбұрыш,
Үй төбесін жабамыз.
Ақыл-қайрат, күш-қуат —
Еңбекпенен табамыз.

ІІІ топ — «Дөңгелек»

Біз фигура — дөңгелек,
Бізге жылы сөз керек.
Бұрышын тауып қиналмай,
Бізді алға дөңгелет.

2) Қызығушылықты ояту: «Алма теру» ойыны

Интерактивті тақтада жемістердің суреттері көрсетіледі. Әр топтан 2 оқушы таңдалған жемістің артында жасырынған мысалды орындайды. Әр дұрыс жауап үшін 1 фигура беріледі (әр топ өз атауына сәйкес фигура жинайды).

Мысалдар

5+5 5+4 3+5 1+5 4+5 2+4 1+4 3+4 4+4

3) Мағынаны тану: жаңа сабақты түсіндіру

Жұмбақ есеп

Гауһарда 6 сәбіз бар. Томада 3 сәбіз бар. Барлығын қосқанда неше сәбіз болады?

Жауабы: 9 сәбіз

Дәптермен жұмыс

  • Электрондық оқулықтан 9 санын көркем жазуды қарап, тыңдау.
  • Дәптерге 9 санын бір қатар жазу.
  • Күннің ретін жазу.

1-тапсырма: тақтамен жұмыс

A) 9 қосылғышы бар қосындылар

9 + 0 = 9

0 + 9 = 9

1 + 9 = 10

9 + 1 = 10

Қорытынды: қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.

Ә) 9 санының құрамы

9 санының құрамын жазу (қосылғыштарға жіктеу) арқылы 9-ға қосу және 9-дан азайтуды түсіндіру.

9=0+9 9=1+8 9=2+7 9=3+6 9=4+5

Б) Азайтқышы 9 болатын айырмалар

10 − 9 = 1

9 − 9 = 0

Қорытынды: қосындының мәнінен қосылғыштың біреуін азайтқанда екінші қосылғыш шығады.

3-есеп: тақтамен жұмыс

A) Есепке мәтін құрау

Болды: 10 қап

Сатылды: 8 қап

Қалды: ? қап

Шешуі: 10 − 8 = 2 (қап)

Жауабы: 2 қап қалды.

Ә) Қосу амалы бар есеп

Түсте: 6 жәшік

Түстен кейін: 4 жәшік

Барлығы: ? жәшік

Шешуі: 6 + 4 = 10 (жәшік)

Жауабы: Барлығы 10 жәшік.

Сергіту сәті

«Қара жорға» әуенімен қимыл-қозғалыс жасау.

4) Топтық жұмыс

1-топ

Мәні 7-ге тең болатын қосындыларды жаз.

2-топ

Мәні 6-ға тең болатын қосындыларды жаз.

3-топ

Мәні 9-ға тең болатын қосындыларды жаз.

5) Сәйкестендіру тапсырмалары

1-топ

Алаңшада 9 қоңыраугүл және 1 қызғалдақ гүлдеп тұр. Барлығы неше гүл гүлдеп тұр?

2-топ

Гүлшоғында 4 қызыл және 3 ақ раушан гүлі бар. Қызыл гүлдер ақ гүлдерден қаншаға артық?

3-топ

Ұлдар 5 гүлшоғын әкелді. Қыздар тағы 4 гүлшоғын әкелді. Балалар барлығы неше гүлшоғын әкелді?

6) Рефлексия және бағалау

Балалар, сабақ ұнады ма?

Ендеше, сабаққа және өз еңбегімізге баға берейік: әр топ жинаған фигураларын санап, нәтижесіне қарай бағаланады.

7) Үй тапсырмасы

Дәптерге 2-тапсырманы орындау.

Автор туралы

Қызылорда қаласы №112 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Майжан Толқын Қажданбекқызы.