Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру
Мамандық таңдауда қателесуге бола ма?
Жоспары
-
1
Кіріспе сөз
-
2
«Кел, танысайық!» тренингі
-
3
«Менің белгілім» анкета толтыру және таныстыру
-
4
«Мамандықты тап» ойыны
-
5
«Бос микрофон» (рефлексия)
-
6
Қорытынды
Кіріспе сөз
Мектеп оқушыларының мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуы — мектептің психологиялық қызметі аясында жүргізілетін ең жауапты әрі маңызды жұмыстардың бірі. Бала үшін болашақ мамандықты таңдау — өмірлік жолын таңдаумен тең.
Өкінішке қарай, кейде оқушылар шешімді өз ақылымен емес, біреудің сөзіне еріп немесе ата-анасының ықпалымен қабылдайды. «Қай жерге түсу оңай?» деген көзқарас та жиі кездеседі. Ақпараттың көптігі мен өзін-өзі тану дағдыларының жеткіліксіздігі, сондай-ақ сол ақпаратты тиімді пайдалана алмау қателікке ұрындырады.
Сондықтан бүгінгі тренингтің мақсаты — жасөспірімдердің өзін-өзі тану арқылы мамандық таңдауда дұрыс бағдар алып, саналы шешім қабылдауына көмектесу. Қажет жағдайда психолог маманның қолдауы да маңызды.
«Кел, танысайық!» тренингі
Қатысушылар өздерін қысқаша таныстырады. Мысалы:
«Мен — Айнұр. Педагогпын. Сыпайымын, әдептімін, жинақымын».
Таныстыру кезінде әр қатысушы өзіне тән 2–3 қасиетін атап өтеді.
«Менің белгілім» анкета: толтыру және таныстыру
Ата-ана мен бала бірігіп, төмендегі 3 сұраққа жауап жазады (сөзбен немесе сурет арқылы):
- Менің отбасым
- Менің жақсы және жағымсыз мінез-құлқым
- Менің болашақ мамандығым
«Мамандықты тап» ойыны
Қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады. Әр қатысушы өзіне түскен мамандықты сөз қолданбай, тек ым-ишара арқылы көрсетеді. Қалғандары мамандықты табуы керек.
Карточкадағы мамандықтар үлгісі
«Бос микрофон» (рефлексия)
Қатысушылар тренингтен алған әсерлері мен ойларын еркін түрде бөліседі: не ұнады, қандай ой түйді, қандай сұрақтары қалды.
Қорытынды
Ж. Аймауытов айтқандай: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ кез келгеніне икемділік қажет. Бұл — жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе».
Мамандық — адамның өмір сүру көзі ғана емес, сонымен бірге белгілі бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін маңызды еңбек қызметі. «Мамандық таңдау — тағдырды таңдау» деген сөз бекер емес.
Кейін өкінбейтіндей шешім қабылдау үшін әр адам өз қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне және қалауына сүйенуі керек.
Өзіңізге «Мен кіммін?», «Өмірдегі орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақтарды қойып, жауап таба білу — саналы таңдаудың негізі. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана табысқа жетеді.
Тренинг-сабақ аяқталды.
Қатысқандарыңызға және тыңдағандарыңызға рақмет!