Әңгіме құрай білуге дағдыландыру

Сабақтың мақсаты

Білімдік мақсат

Оқушыларды мәнерлеп оқуға машықтандыру, негізгі ойды түсіндіріп, мәтінді (өлеңді) мәнерлеп оқи білуге төселдіру. Әңгіме құрастыру дағдыларын дамыту.

Дамытушылық

Ойлау дағдыларын қалыптастыру, жүйелі ойлау қабілетін жетілдіру, тіл байлығын молайту.

Тәрбиелік

Жаман қасиеттерден жиренуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың жүрісі

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру, оқу мақсатын қысқаша таныстыру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырып бойынша түсінігін анықтау және пікір айтуға ынталандыру.

Талқылау сұрақтары

  • Әңгіме неге «Шыбық» деп аталады?
  • «Шыбық» әңгімесінде сендерге қай кейіпкер ұнады? Неліктен?
  • Бақыт пен Темірге мінездеме беріңдер.
  • Біздің ортамызда осындай балалар бар ма? Мысал келтіріңдер.

Қорытынды ой: Жақсы әдетті үйреніп, жаман әдеттен аулақ болу керек.