Шапқан атқа жеткізбес бөкен желіс, Ыза қылдың қолыма бір тигізбей

Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,
Ой желке, үңірейген болса сағақ.

Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті,
Қабырғалы, жотасы болса күшті.
Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы,
Тояттаған бүркіттей салқы төсті.

Жуан, тақыр бақайлы, жұмыр тұяқ,
Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ.
Жерсоғарлы, сіңірлі, аяғы тік,
Жаурыны етсіз, жалпақ тақтайдай-ақ.

Кең сауырлы, тар мықын, қалбағайлы,
Алды-арты бірдей келсе ерге жайлы.
Күлте құйрық, қыл түбі әлді келіп,
Көтендігі сығыңқы, аламайлы.

Ұршығы төмен біткен, шақпақ етті,
Өзі санды, дөңгелек келсе көтті.
Сырты қысқа, бауыры жазық келіп,
Арты талтақ, ұмасы үлпершекті.

Шідерлігі жуандау, бота тірсек,
Бейне жел, тынышты, екпінді, мініп жүрсек.
Екі көзін төңкеріп, қабырғалап,
Белдеуде тыныш тұрса, байлап көрсек.

Тығылмай әм сүрінбей жүрсе көсем,
Иек қағып, еліріп басса әсем.
Шапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас,
Разы емен осындай ат мінбесем.

Аяңы тымақты алшы кигізгендей,
Кісіні бол-бол қағып жүргізгендей.
Шапқан атқа жеткізбес бөкен желіс,
Ыза қылдың қолыма бір тигізбей.



Ұқсас жұмыстар

Абай Құнанбаевтың өмірбаяны, ақындық жолы
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Ұлттық педагогика тарихындағы А. Құнанбаевтың тәлім-тәрбие мұралары
Абай шығармаларының зерттелуі
Абай (Ибраһим) Құнанбай ұлы. Абай шығармалары тілінің лексикасы
Абай қарасөздерінің зерттелуі
Қазақ әдеби тілінің тарихындағы ат сынының тілдік көріністері
АБАЙДЫҢ ҚАРАСӨЗДЕРІНІҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕРЛЕР ОРЫНДАУЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БИІНІҢ ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ ЛЕКСИКАСЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ
Төрт түлік
Бәсеке, оның экономикалық табиғаты мен елдің шаруашылық өміріндегі атқаратын рөлі
Ақшаның атқаратын функциясы және мәні
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Біріктірілген тақша
Қан айналымының жалпы желісі.
Ұйқы- демалыстың бір түрі
Салық қызметі органдарының қызметін ұйымдастыру мен басқарудағы кейбір мәселелер және оны жетілдіру жолдары
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
Ақпарат құралдарының қоғамда атқаратын рөлі
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу