Ирбидің бесінші тапсырмасы

Сабақтың тақырыбы

82 + 18, 100 – 82 түріндегі жазбаша қосу және азайту тәсілдерін пысықтау

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Талдау
  • Түсіндіру

Көрнекілігі

Интерактивті тақта

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік

Толық ондыққа дейін толықтыруға және 100 санын шығарып алуға негізделген жазбаша қосу мен азайту тәсілдерін пысықтау; есеп шығару барысында осы тәсілдерді қолдануды қайталау.

2) Дамытушылық

Ауызша есептеу арқылы ойлау қабілетін арттыру, тіл байлығын дамыту және танымдық белсенділікті күшейту.

3) Тәрбиелік

Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, зейінін шоғырландыру.

Математика ғылымы
Ой-сананы кеңейтер.
Ойлап, бойлап есепке,
Аспай-саспай есепте.

II. Ой ширату (ауызша есептеу)

Жылдамдық пен дәлдікті дамыту

47 + 9 = 56
90 – 8 = 82
65 + 12 = 77
79 + 6 = 85
70 – 59 = 11
48 + 9 = 57
66 + 12 = 78
65 – 7 = 58
8 + 19 = 27
43 + 40 = 83
78 – 12 = 66
7 + 87 = 94
38 + 32 = 70
50 – 23 = 27
9 + 26 = 35
16 + 21 = 37
59 – 20 = 39
6 + 34 = 40

Тақырыптық сұрақтар: Қысқы Азия ойындары

  • 7-қысқы Азия ойындары қай қалаларда өтті?
  • Спорттың неше түрінен жарыс өткізілді?
  • Неше елдің спортшылары қатысты?
  • Қысқы Азия ойындарының бойтұмары қандай?

Бүгінгі сабаққа бізге қонаққа Ирби келді. Ол тапсырмалар әкелген екен: тапсырмаларды орындасақ, спорттық жарыстар өткен спорт кешендерімен танысамыз.

Ирбидің 1-тапсырмасы: Күннің реті және көркем жазу

Көркем жазу

7 · 11 · 27

Талқылау сұрақтары

  • Бұл сандар неше таңбалы?
  • Тақ сан ба, жұп сан ба?
  • Қазақ халқында 7 саны қандай сан деп есептеледі?
  • 7 санына байланысты қандай ұғымдарды білеміз?

Сонымен қатар, 7-қысқы Азия ойындарының Қазақстанда тұңғыш рет өтуі 7 санының қасиетті сан екенін айқындай түседі.

Ирбидің 2-тапсырмасы: Топтық жұмыс (өрнектер)

Әр топқа әр бағаннан бір өрнек беріледі. Есептеуді түсіндіріп, нәтижені дәлелдеңдер.

1-топ

  • 90 – 58 = 32
  • 25 + 55 = 80
  • 95 см – 43 см = 52 см

2-топ

  • 57 + 13 = 70
  • 42 + 28 = 70
  • 55 см + 41 см = 96 см

3-топ

  • 56 – 36 = 20
  • 100 – 65 = 35
  • 79 см – 56 см = 23 см

Ирбидің 3-тапсырмасы: Есеп құрастыру және шығару

Қысқаша жазылуын толықтырып, есеп құрастырып шығарыңдар.

Қысқаша жазылуы

Музыкамен
25 бала
Бимен
35 бала
Барлығы
100 бала
Спортпен
?

Шешуі

100 − (25 + 35) = 40

Жауабы: 40 бала спортқа қатысты.

Ирбидің 4-тапсырмасы: Кері есептер құрастыру

Берілген мәліметтерді пайдаланып, екі кері есеп құрастырып шығарыңдар.

1-кері есеп (музыка)

Бимен — 35 бала

Спортпен — 40 бала

Барлығы — 100 бала

100 − (35 + 40) = 25

Жауабы: 25 бала музыкаға қатысты.

2-кері есеп (би)

Музыкамен — 25 бала

Спортпен — 40 бала

Барлығы — 100 бала

100 − (25 + 40) = 35

Жауабы: 35 бала биге қатысты.

Ирбидің 5-тапсырмасы: «Дүкен» ойыны

Сөредегі заттардың бағасы көрсетіледі. Сатып алушы өзіндегі ақшаның мөлшерін айтады, не сатып алатынын таңдайды және қанша ақшасы қалатынын есептейді.

Дағды

Ақшамен есептеу, дәлелдеп айту, күнделікті өмірмен байланыстыру.

Ирбидің 6-тапсырмасы: Сергіту сәті

Бір дегенім — бокс десем,
Екі дегенім — ескек есем.
Үшім — үлкен футболым,
Төртім — теннис столым.
Бес дегенім — бессайыс,
Алтым — алуан ат жарыс.
Жетім — жүзу, жүгіру,
Сегізім — Спартакиада.
Тоғызым — турист боп көру,
Оным — Олимпиада.
Мен де спортшы боламын,
Талай жүлде аламын!

Ирбидің 7-тапсырмасы: Сызба бойынша есеп құрастыру

Берілгені

Үшбұрыштың периметрі: P = 26 см

а = 14 см

b = 9 см

c = ? см

Шешуі

c = 26 − (14 + 9) = 3 (см)

Жауабы: c = 3 см.

Ирбидің 8-тапсырмасы: Логикалық есеп

Екі бидонда 8 л сүт бар. Егер бір бидоннан екіншісіне 1 л сүт құйсақ, онда екі бидондағы сүт бірдей болады. Әр бидонда неше литр сүт бар?

Жауабы: бірінші бидонда 5 л, екінші бидонда 3 л сүт болған.

Ирбидің 9-тапсырмасы: Қызықты тапсырмалар

Сурет бойынша

Суретте неше үшбұрыш бар?

Жауабы: 12

Салыстыру

Қай фигураның мәні үлкен?

Жауабы: үшбұрыш

Ирбидің 10-тапсырмасы: Қорытынды

Талқылау

Бүгінгі сабақта не туралы айттық? Қандай тәсілдерді қолдандық?

Үй тапсырмасы

173-бет: 5 және 7-мысал.

Бағалау

7-қысқы Азия ойындарының жабылу салтанаты Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Сол себепті Ирби де бүгінгі сабақтың жеңімпазын анықтағысы келеді: сабаққа белсене қатысып, көп жұлдызша жинаған оқушылар мадақталып бағаланады.