Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, математикалық тілін дамыту, бағыт - бағдар бере отырып өздігінен жұмыс істеуге, өзіндік талдау мен топтық жұмысты шапшаңдықпен орындауға дағдыландыру
Сабақ жоспары
Бұл сабақта оқушылар 6 санының құрамын меңгереді: өрнек құрастыру, мәнін табу, теңдік пен теңсіздік таңбаларын дұрыс қою, сондай-ақ ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмалар орындайды.
Тақырыбы
6 санының құрамы
Көрнекілігі
Дидактикалық материалдар
Әдісі мен түрі
Түсіндіру, сұрақ-жауап. Аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты
- Білімдік: 6 санының құрамын меңгерту; өрнек құрастыру арқылы оның мәнін табуға үйрету; теңдік және теңсіздік таңбаларын дұрыс қоя білу дағдысын қалыптастыру.
- Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілетін және математикалық тілін дамыту; бағыт-бағдар бере отырып өздігінен жұмыс істеуге, өзіндік талдау мен топтық жұмысты жылдам әрі жүйелі орындауға дағдыландыру.
- Тәрбиелік: ептілікке, ынтымақшылдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Психологиялық дайындық:
Ойға толып санамыз,
5 болсын алар бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
II. Өткенді қайталау
6 цифрын жазу және сұрақтар:
- •6 санын қалай шығарып аламыз?
- •6 саны қандай сандардан артық?
- •6-дан кем сандарды ата.
- •Қосу және азайту амалына өрнектер жаз.
Өрнектер:
Қызықты есептер
Өткен сандардың құрамын еске түсіру үшін қысқа есептер шығарамыз.
Омартада үш қонжық
ойнауға тығылмақ кірісті.
Жасырынса бірі бөшкеге,
тоғайға жүгірді нешеуі?
Балапандарым — байлығым,
бармысыңдар барлығың?
Тексерейін, санайын.
Ұябасар-анасы
2-еуін тапты жүйектен.
Арпа іздеген 2-еуін
байқап қалды алыстан.
Айтыңдаршы, балалар,
нешеу екен барлығы?
Сарылау үш түймедақ,
тамаша екі көктікен.
Балалар маған сыйлаған —
байламда неше гүл екен?
Ендеше, бүгінгі сабақта 6 санының құрамымен танысамыз.
Мысықтың бес баласы
не берсең, соны жейді екен.
Жаласа қаймақ біреуі —
табыңдар сонда қанша екен,
барлығы мысық баласы?
III. Жаңа сабақ
1) 6 санының құрамы
6 саны үш түрлі қосынды арқылы құралады: 5 пен 1, 4 пен 2, 3 пен 3.
2) Өрнек құру
3) Салыстыру
Ұзындықтарды салыстыру (см):
Сергіту сәті
Қимылдатып саусақты,
оңға, солға бұрап көр.
Ұстап көріп моншақты,
әсем бейне құрап көр.
Сырт-сырт, сырт-сырт —
шықсын дауысы.
4) Тақтамен жұмыс
Берілген мәндермен жұмыс (өлшемдер мен сандарды реттеу/салыстыру тапсырмалары):
5) Жасырын сандар
Қатардағы сандардың заңдылығын табу:
«Жапырақ жинау» ойыны
Шарты: берілген есептерді дұрыс әрі қатесіз тақтаға жазу.
Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашайық,
салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық,
әдемі етіп жазайық.
- 6 санын жазып үйрену.
- 6 санының құрамын жазу.
- Өрнектердің мәнін табу.
- Шығармашылық тапсырма: салыстыр — ұқсастығы мен айырмашылығын анықта.
Шығармашылық тапсырмаға үлгі жауап
Екі үшбұрыш берілген: ұқсастығы — екеуі де үшбұрыш; айырмашылығы — біреуі екі бөлікке бөлінген.
Сабақты қорытындылау
Сабақ соңында негізгі ұғымдарды бекітуге арналған сұрақтар:
- •Бүгін біз қандай санның құрамымен таныстық?
- •6 саны қандай сан?
- •6 саны қай сандардың қосындысы?
- •6 санының көршілерін ата.