Ғылымға биология терминін алғаш енгізген ғалым

Сабақтың тақырыбы

11-сынып: Ж. Б. Ламарктың эволюциялық ілімі

Сабақтың мақсаты

Ж. Б. Ламарктың эволюциялық теориясын меңгерту және алғашқы эволюционистер туралы түсінік қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері

  • Оқушыларға тақырыпты өз бетінше оқып, талқылап, білім алуына қолдау көрсету.
  • Оқушыларды өз ойларын топта және көпшілік ортада жүйелі жеткізуге үйрету.
  • Топтық жұмыста ережелерді сақтауға дағдыландырып, өзара сыйластық пен мәдениетті қарым-қатынасқа бағыттайтын орта қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар Ж. Б. Ламарктың эволюциялық теориясының мәнін түсінеді, сондай-ақ алғашқы эволюционистер туралы білім мен жалпы түсінік қалыптастырады.

Сабақ барысы

Кіріспе

15 минут

  1. Оқушылармен сәлемдесу.
  2. Барлық оқушы бір-біріне тілек жазып, қағазды мыжғырып жұдырықтап, сыныптастарына қарай лақтырады. Кейін оқушылар тілектерді ашып оқиды және қысқаша пікір алмасады.
  3. Оқушыларды топқа бөлу. Әр топ өз партасына топ атауын орналастырады.
  4. Үй тапсырмасын тексеру: «Ротация» әдісі.
  5. Сергіту сәті.

Жаңа сабақтың таныстырылымы

5 минут

Тақырыптың негізгі ұғымдары қысқаша таныстырылып, сабақтың бағыт-бағдары анықталады.

Жаңа сабақты қолдану

20 минут

XVII ғасырда микроскоптың ашылуы және оның биологиялық зерттеулерде кеңінен қолданылуы көптеген ғалымдардың тірі табиғат туралы көзқарасын өзгертіп, ғылыми ой-өрістің дамуына ықпал етті. Осы кезеңде эмбриология мен палеонтология дербес ғылым салалары ретінде қалыптаса бастады.

Француз ғалымы Жан Батист Ламарк Дарвинге дейін органикалық дүниенің дамуы туралы ғылыми теорияның негізін қалады. Оның эволюциялық көзқарасының басты артықшылығы — нақты деректерге сүйеніп, өсімдіктер мен жануарлардың құрылысын терең зерттеуі.

Ламарк «Зоология философиясы» (1809) еңбегінде органикалық дүниенің өзгеретінін көптеген мысалдар арқылы дәлелдеп, эволюциялық идеялардың дамуына айтарлықтай әсер етті.

Ламарктың жануарларды жүйелеуі

Ж. Б. Ламарк жануарларды ұқсастық белгілеріне қарай омыртқасыздар және омыртқалылар деп бөліп, оларды 6 сатыға және 14 класқа топтастырды:

  • I саты: кірпікшелі кебісшелер мен полиптер
  • II саты: сәулелілер мен құрттар
  • III саты: жәндіктер мен өрмекшітектестер
  • IV саты: шаянтектестер мен ұлулар (былқылдақденелілер)
  • V саты: балықтар мен бауырымен жорғалаушылар
  • VI саты: құстар мен сүтқоректілер

Жан Батист Ламарк туралы қысқаша мәлімет

Жан Батист Ламарк (1744–1829) — алғашқы эволюциялық теорияның негізін қалаушы француз жаратылыстанушысы. Ол организмдердің бейімделушілік қасиетін сыртқы орта жағдайларымен байланыстыра зерттеп, эволюциялық теорияның дамуына зор үлес қосты.

  • Ғылымға «биология» терминін алғаш енгізген ғалым.
  • Ірі еңбектері: «Француз флорасы», «Зоология философиясы», т.б.
  • Омыртқасыздарды 10 класқа бөлген.

Автор туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Құрбан ата ауылы, №9 М. Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі — Назира Битанова.